Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агрономия 2016-17 — 2 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.76 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

Кіріспе

1

Әдебиетке шолу

1.1

Күріш дақылдарының тарихи шығу тегі және жіктелуі

1.2

Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы

1.3

Күріш дақылдарының ботаника-биологиялық сипаттамасы және өсіру ерекшеліктері

1.4

Күріш дақылдарының негізгі қасиеттері мен сорттары.

1.5

Күріш дақылдарын өсіру технологиялары

1.6

Күріш дақылдары аурулары мен зиянкестеріне сипаттама және оларға қарсы күрес шаралары

2

Қазақстандық Қызылорда өңірінің табиғи-климаттық жағдайы

2.1

Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері

2.2

Жауын –шашын мөлшері

3

Зерттеу бөлімі

3.1

Тәжірибелік учаскенің орналасуы және климаттық жағдайы

3.2

Зерттеу нысаны мен әдістемесі

3.3

Зерттеу тәсілдері

4

Зерттеу нәтижелері

4.1

Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары бидай мен мақсарыны жалға егу технологиясының ерекшеліктері

4.2

Күрішті жалға (жүйектеп) өсіру технологиясын арқылы өнім сапасын арттыру

4.3

Күріш егістігі топырағын қолданыстағы дәстүрлі және минималды өңдеу технологияларын бағалау

5

Экономикалық бөлім

5.1

Күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігі

6

Еңбек қорғау

6.1

Ауыспалы егіс танаптарындағы техника қапуіпсіздігін сақтау

6.2

Өртке қарсы іс-шаралар

6.3

Алғашқы медициналық көмек

7

Қоршаған ортаны қорғау

Өндіріске ұсынымдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі мемлекеттік стандарттарға сілтемелер

қолданылған:

Анықтамалар

Агротехника - ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерінің жүйесі.

Ауыл шаруашылық жерлері - ауылшаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер телімдері. Олардың құрамына айдалатын, көпжылдық өсімдіктер егілген, шабындық жайылымдық жерлер кіреді.

Агроценоз - ұзақ жылдар бойына шабындық немесе жайылым ретінде пайдалану үшін, табиғи жағдайларға байланысты іріктеліп алынып өсірілген мәдени өсімдіктер жиынтығы.

Азық өлшемі- 1 кг құрғақ сұлы дәнінің жұғымдылығы мөлшерінде алынған бірлік, өлшем.

Ауыспалы жайылым- жайылымды жайылымдық телімдерді пайдалану мерзімдері мен кезектілігін беогілі тәртіппен (жыл, маусым немесе бірнеше жыл аралатып) өзгерте отырып пайдалану жүйесі.

Жаюдың қамақтық жүйесі- жайылымдық жер телімін бірнеше қамақтарға бөліп, малдарды соларда біртіндеп кезекпен жаю.

Жайылымдар-үнемі мал жаю үшін шабу үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығындағы алқаптар, сондай-ақ мал жаюға жарамды, бірақ шабындық үшін пайдаланылмайтын және тыңайған желер есебіне кірмейтін жер телімдері.

Жердің құнарсыздануы- адам қызметінің немесе ауа райының өзгеруі нәтижесінде жердің биологиялық және экономикалық өнімділігінің төмендеуі нгемесе жойылуы.

Белгілеулер мен қысқартулар

Қазақ КШҒЗИ

Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

СЖБК

Сол жаға бас каналы

КҚС

кәріздік-қашыртқы сулар

ОЖБК

Оң жаға бас каналы

ПӘК

Пайдалы әсер коэффициенті

ЕАЫС

Ең аз ылғал сыйымдылық

ТДТ

Таза дисконттанған табыс, мың. Га

ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ТИ

Табыстылық индексі

см

Сантиметр

м

Метр

га

Гектар

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде күріш егісінің көлемі экологиялық қолайлы және экономикалық тиімді деңгейде -70,0-75,0 мың.га болып тұрақталды. Осы көлемдегі күріш егісі бір жағынан Қазақстанның күрішке сұранысын қамтамасыз етсе (күріш шаруашылығы Қазақстанның ауыл шаруашылық салаларының ішінде азық-түлік қауыпсіздігі толық қамтамасыз етілген салалардың бірі), екінші жағынан – оны жердің мелиоративтік жағдайын жақсартушы дақыл ретінде пайдалануға болады. Ал күріш егісі көлемін одан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің апаттық жағдайға дейін тұздануына әкеліп соғуы мүмкін [1].

Аймақта қолданылып жүрген күріш шаруашылығы технологиялары техникалық жағынан да, қаржылық жағынан да тиімділігі өте төмен. Мысалы, қолданыстағы күріш өсіру технологиясы бойынша себуге дейін 13 технологиялық операция, ал кем дегенде 7 операция қолдану ұсынылады. Соған қарамастан арам шөптермен агротехникалық жолмен күресу деңгейі өте төмен, топырақ ылғалдылығының шығыны жоғары, сонымен қатар осы жұмыстарды атқаруға пайданылатын ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері мен жұмсалатын жанар-жағар майдың қымбат болуынан өндірілген күріш салысының өзіндік құны өте жоғары . Оған қосымша күріш атыздарының тегіс болмауынан га 35 мың м3-тан жоғары су жұмсалады. Бұл тиісті жұмсалатын судан 1,5еседен артық.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін мал шаруашылығы жемшөп базасын құру қажеттілігіне, нәтижесінде 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуына міндет қойды [2].

Осы міндеттерге сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығын өркендете

дамыту қолға алынуда. Соңғы жылдары асыл тұқымды малдар өсіріп, сүт және ет бағытындағы ірі кешендер салынып, өнімдерін өңірлерге және шет елдерге экспортқа шығаруда. Арал өңірінің қатал табиғи-климат жағдайында шетелдерден және басқа өңірлерден әкелінген асыл тұқымды малдар сүт өндіруші тауарлы фермалар мен мал бордақылау алаңдарында қорада бағылады. Сондықтан, бұл малдарды жыл бойы құнарлы азықпен қамтамасыз ету, әсіресе жаз айларында сапалы жасыл азық беріп отыру, маңызды мәселенің бірі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандық Қызылорда өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын сараптау,оның болашақта су ресурстарының шектеулілігі жөнінен қазіргіден де қиын жағдайда дамитынын, ал ауыл шарауашылық өндірісіне және ауылдағы тауар өндірушілерге бөлінетін инвестиция, салыстырмалы түрде, төмен деңгейде жүретінін, және ол негізінен аз шығын жұмсалатын технологиялар мен жаңалықтарға бөлінетінін көрсетті.

Сондықтан, күріш шаруашылығын тиімді дамыту үшін күріш өндірісінің тұрақты дамуын күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірідің жалға (жүйектеп) егу технологиясы негізінде қысқартылған немесе кезектеп суаруды қолданып су және ресурс үнемдегіш технологияларды енгізу арқылы қол жеткізу көкейкесті мәселе болып отыр. Бұл технология төмендетілген себу нормасын қолдануға, суару мерзімін қысқартуға және суару суын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы секілді технология күріште де, атап айтқанда Үндістан мен Кореяда қолданылады. Ал Қазақстан жағдайында 2009-2011 жылдары бұл технология күріш, арпа, және қытай бұршағын өсіруге қолданылды. Жүргізілген тәжірибелер суаруға кететін су шығынын айтарлықтай (40%-ға дейін )кемітіп, себу нормасын екі және одан да көп азайтып, топырақ өңдеуге жеткізетінін көрсетті. Бұл жағдайда топырақ жағдайы, әсіресе жүйек жалдарында жақсарады. Күрішті осы технология бойынша өсіру, облыстың суармалы жерлеріндегі өсімдік шаруашылығы рентабельділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Күрішті жалға егу технологиясын қолданду суды пайдалануды азайтып, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартады, аумақтың экологиялық ахуалының түзелуіне септігін тигізеді, тұқымдық материал мен жанар-жағар майды үнемдейді, соның нәтижесінде фермерлердің оларды алуға жұмсайтын қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу жалға себуге арналған жаңа сепкіштер, гербицидтер мен пестицидтер алу арқылы егіншілік мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді. Сондықтан ресурс шығынын үнемдеуде күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдары егістік жерлерінің топырағын өңдеуде лазерлік жер тегістеу негізінде кезеңдік немесе қысқартылған суаруды қолдана отырып минималды жер өңдеуді пайдалану көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанда күріш өсіру технологиясзын одан әрі жетілдіру мақсатында топырақты минималды өңдеуде КПН-4,0 культиваторын пайдаланып Ы.Жақаев атындағы Қазақ КШҒЗИ-да алғаш рет жүргізілген тәжірбиелер тек қана өнімділікті арттырып қоймай,сонымен қатар суаруға кететін су шығынын 25%-ға дейін кемітіп, себу нормасын 20%-ға азайтып, топырақ өңдеуге және жанар-жағар майға жұмсалатын шығынды бірнеше есе кемітуге болатынын көрсетті. Бұл жағдайда топырақ бетінің тегістігі бірнеше жылдар бойы бұзылмайды және атыз арамшөптен тазарады. Күрішті осы технология бойынша өсіру облыстың суармалы жерлеріндегі өсімдік шаруашылығы рентабельділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

2014-2016 жылдары жалға егу технологиясын күріш ауыспалы егісінде негізгі дақылдардың бірінен саналатын мақсары мен бидай өсіруге қолдану ерекшеліктері зерттелді [3].

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау. Ғылыми жұмыстарды жүргізу барысында келесідей міндеттер қойылды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Күріш ауыспалы егістік танаптарындағы топырағын қолданыстағы дәстүрлі және минималды өңдеу технологиялары арқылы анықтау;

  • Күріш ауыспалы егістігінде ауыл шаруашылық дақылдарын жалға егу тәсілдерін қарастыру;

  • Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары бидай мен мақсарыны жалға егу технологиясының ерекшеліктері бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]