Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-Шет мемлекет қаржысы УМКД 16-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
302.18 Кб
Скачать

Қорытынды

Интеграциялық бірлестктің болашағы бар екенін әр мемлекет үшін тиімділігінен көруге болады: біріншіден, ортақ экономикалық реформалар прогрессивті дамуға алып келеді және қауіптер алдында біріңғай құқықтық жүйемен төтеп беру жеңілдеу болады; екіншіден, аймақтық тең дәрежеде дамымақ.

Еуро Одақ құрылғанда да ядросы Германия мен Франция болған еді, біздің жағдайда Қазақстан ядро болмақ және бұл-аймақтық лидерлік амбициялар емес, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылыс.

15-тақырып Әлемдегі дамыған мемлекеттердщ даму тенденциясы

Дәріс мақсаты: Әлемдік экономикасы дамыған мемлекеттердің қазіргі таңдағы жағдайлары мен болашақтағы дамуын қарастыру. Дамыған мемлекеттер қатарына Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Кипр, Чехия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Жапония, Испания, Швейцария, АҚШ, ¥лыбритания т.б. мемлекеттер жатады. 2008 жылғы элемдік дағдарыстан кейінті дамыған мемлекеттердің экономикалық жағдайы мен қаржылық жүйесі қарастырылған.

Дәріс жоспары:

  1. Экономикасын дамыған мемлекеттердің қаржы жүйесі

  2. Қазіргі таңдағы экономикасы дамыған мемлекеттердің жағдайына талдау.

  3. Әлемдік даму банкінің экономикасы дамыған мемлекеттер-ге берген бағасы.

Негізгі түсініктер: Экономикасы дамыған мемлекеттер, экономикасы дамушы мемлекеттер, мемлекеттік қаржы, ЖІӨ, кэсіпорындар қаржысы, экспорт және импорт, жаңа индустриял-ды мемлекеттер, нарықтық шаруашылық модель, бюджет, ми­нистр аралық комитет, прогрессивтік салық ставкасы, <фейндік» капитал, қаржылық тұрақтылық, инфляция, левиридж, активтер, макроқаржылық тэуекелдер т.б.

1. Біріккен Үлттар ¥йымы экономика­сы дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады. Олардың бэрінің экономикалық жэне әлеуметтік даму деңгейі жоғары жэне жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай айырмашылық жасай-ды. Алайда, бұл елдер тобы іштей қарағанда эркелкі болып келеді және оның қурамынан төрт топты бөліп көрсетуге болады.

Олардың біріншісін «Батыс елдерінің үлкен жетілігі» құрайды, оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономикалық және са-яси іс-әрекетімең көзге түсетін жетекші елдері.

Әлем бойынша дамыған мемлекеттердің қатарына мына мем-лекеттер жатады: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Кипр, Чехия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Италия, Жапо­ния, Испания, Швейцария, АҚШ, Үлыбритания т.б.

Германия. Германия мемлекетінің 1990 жылы батыс жэне шығыс бөлігінің қосылғанынан кейін Германия Еуропадағы ірі экономикалы мемлекетке айналды. Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі сала-лары мэшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия жэне фармацевтика өнеркэсібі, тағы баска салалар ел экономикасының өркендеуіне қомакты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфракұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 эуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын| ішкі су жолдары күңдіз-түні жұмыс істейді. Бүған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі ІСиль, Любек жэне Росток теңіз порттары қосылады. Германияның сыртқы саудадағы эріптестеріне келсек, ең алдын-да Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Үлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Ита­лия, АҚШ жэне Нидерланды келеді. Германия Б¥¥ мен ЕҚЫҮ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптары-нан беделді бұл хальщаралық ұйымдарға айтарлықгай қаржы жэне кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі - Б¥¥ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айкьга, ол - экономикалық са-лаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау. Элем бой­ынша ЖІӨ көлемінен 3 орындағы көшбасшы болып табыла-ды. Германия табиғи ресурстарға бай емес, алайда көмір мен тұз өндіретінін айта кеткешжөн. Германия үшін әлеуметтік-нарыктық шаруашылық моделінде мемлекеттің рөлі көбінесе экономикалық өсім f мен байлыктың тендей бөлінуі арасында айқындалады. Жүйенің маңыздысы мемлекетгің кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Экономиканың келесі ерекшелігі бо­лып «рейндік капитал» деп аталатын мемлекеттің банктік секто­ры көрсетілген. Банктер өндірістік компаниялардың акционерлері болып табылатындықган кэсіпкерлік қызметтің дамуында үлкен рөлатқарады.

Италия. Италияның қаржы жүйесінің құрамына орталық үкіметтің бюджеті жергілікті билік органдарының бюджеті, ар-найы қорлар жэне мемлекеттік кэсіпорындардың қаржысы кіреді. Қаржы жүйесінің ең үлкен бөлігі орталықтандырылған үкіметтің бюджеті саналады. Жергілікті бюджеттер мен әлеу-меттік-қамтамасыздандыру инспитуттарьшьщ бюджеттері мем-лекеттік бюджетке кірмейді. Италияда қаржылық жыл 1965 жылға дейін 1 шілдеден 30 маусымға дейін болған, 1965 жыл-дан бастап күнтізбелік жылмен сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің жобасын қазынашылық министрлік жасап, үкіметтің кол қоюына жібереді, яғни министрлердің макұлдауымен парла-ментке жіберіледі. Парламент бюджет жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін немесе қайтарып жіберуі мүмкін. Италияның қазіргі таңдағы несиелік жүйесі XX ғасырдың 20-30 жылдары қалыптаса бастады. Осы уақытта мемлекеттік банктер жекешелендіру процесінде болды. Италияның несие жүйесін министр аралық комитет басқарады. Комитет төрағасы болып қазьшашылық министр сайланады, ал комтет мүшелері келесі министрлер: қоғамдық жұмыстар жөніндегі, сыртқы сауда, ауыл шаруашылығы, қаржы, бюджет жэне экономикалық бағдарламалау министрлері болып табылады. Италияның мемлекеттік табы-сының ең маңызды көзі-жеке тұлғаларға салынатын жеке та-быс салығы. Салық прогрессивті сипатқа ие жэне жеке тұлғамен есепті жылда алынған кешенді таза табысын ескереді. Бұл табыс меншікті жерден, капиталдан, кәсіпкерлік іс-әрекеттен, жалдан түседі немесе қүралады. Меншікті жерден табыс жер учаскелері және құрылыстағы табыстардан құралады. Жер рентасының мөлшері кадасторлық инвесторлармен реттеледі. Иемденушінің қолдануындағы құрылыстарға сальшатын салық мөлшері тариф негізінде бекітіледі. Жалға берілген құрылыстарға салық мөлшері келісімді жалмен қамтылған жылдық жал төлемімен аныкталады.

Мемлекеттің бюджеті үкіметтің барлық экономикалық жэне элеуметтік шығыстарын кіріктіреді.Кореяның салық жүйесі 2 секторға бөлінеді: ұлттық және жергілікті салықтар. Ұлтгық салықтарға тікелей салықтар жатады, яғни табысқа салынатын салық, КТС, мұрагерлікке салық, ҚҚС, акциздер. Жергілікті салықтарға облыстар мен аудандардан алынатын салықтар жа­тады, яғни, темекі өнімдеріне салықтар, жолдарды қолданғаны үшін салықтар, жолдарды жөндеуге салықгар.

2011 жылдың сэуір айына элемдік қаржылық тұрақтылық деңгейі макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы соңғы 6 айда жақсарған. Алайда дамуды тежеу мүмкіндігі бар бірнеше фак-торлар бар. Мемлекеттің саясатына эсер ететін 2 түрлі көтерілу байқалуды (біріншісі шектеулі - дамыған экономиками бар мемлекеттердегі, екіншісі активті - дамушы мемлекеттердегі). Экономикасы дамыған мемлекеттерде дағдарыетан зардап шек-кен үкімет және халықтың қазіргі таңда қарыздары элі де жоғары, ал қаржылық кэсіпорындар мен жалпы экономикасы тэрізді әлі де қалпына келмеген. Нарыктары қалыптасып келе жатқан мем-лекеттер жоғары ішкі сұраныс жэне капиталдьщ келуі салдары-нан несиелендірудің өсуімен байланысты жаңа мэселедермен кездесуде.

15-тақырып. Семинар сабағының жоспары

Семинар сабағын ашық сабақ түрінде өткізу. Әрбір студентке жеке карточкалармен, тапсырмалармен жұмыс істету, сонымен қатар ребус, кроссвордтарды шешкізу.

Мақсаты: Тақырыптың негізгі теориялық мән-мәтінін қарастыра отырып, қаржы жүйесінің ерекшеліктерін анықтау.