- •5В050900 - Қаржы мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •1 Пәннің жүктеме сыйымдылығы
- •2.1 Пәннің сипаттамасы, оқу үрдісіндегі алатын орны
- •2.5 Пәннің құзіреттілігі.
- •3. Пәннің мазмұны
- •3.1 Сабақтың тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер Заңдар, нормативтік актілер
- •Интернет ресурстары
- •5В050900 - Қаржы мамандығы үшін
- •1. Оқытушы жөнінде мәлімет және байланыс жөнінде ақпарат
- •2.1 Пәннің сипаттамасы, оқу үрдісіндегі алатын орны
- •2.5 Пәннің құзіреттілігі.
- •3. Пәннің мазмұны
- •3.1 Сабақтың тақырыптық жоспары
- •4.1 Модуль бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі
- •4.2 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер Заңдар, нормативтік актілер
- •Интернет ресурстары
- •4.3 Білімді бағалау
- •Курс саясаты
- •4.4 Қорытынды бақылау үшін материалдары
- •2. Қаржы жүйесінің құрылымы
- •2. Қаржы жүйесінің қажеттілігі мен экономикалық мәні
- •Канаданың жалпы қаржы түсінігі
- •Канаданың салық жүйесі
- •1.Рейганомиканың мәні мен реформа нәтижелері
- •4.3.2. Б.Клинтон әкімшілігінің жүргізген реформасы
- •Қорытынды
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •3. Федералды бюджеттің табыстары
- •1. Францияның жзлпы экономикалық жағдайы
- •2. Францияның мемлекеттік бюджеті: құрамы, бюджет процесі және кезеңдері
- •3. Францияның салық жүйесіне сипаттама
- •1.Қазіргі кездегі Ұлыбританияның экономикалық дамуының негіздері.
- •2. Ұлыбританияның ақша-несие саясаты
- •3. Ұлыбританияның бюджеттік және қаржылық жүйелері
- •4. Ұлыбританияның салық жүйесі
- •Қорытынды
- •8 Тақырып. Жапонияның қаржы жүйесі
- •1.Қытайдың жалпы экономикалық жағдайы
- •2.Қхр мемлекеттік бюджет жүйесі
- •3.Қытай қаржысы нарығы
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Қорытынды
- •Соөж және сөж тапсырмалары:
2. Қаржы жүйесінің қажеттілігі мен экономикалық мәні
Мемлекеттік өкіметті қамтамасыз ету үшін қоғамның барлық мүшелері есебінен құралатын ақшалай қаражаттың арнайы қоры қажет. Мемлекет әрқашанда қаржы қатынастарының міндетті субъектісі болып табылады.
Мемлекет өзінің дәстүрлі функцияларына қоса шаруашылық процестерін реттеу жөнінен едәуір экономикалық функциялар атқарады, сондықтан қаражаттарды мемлекеттің қарамағында орталықтандыру дәрежесі айтарлықтай жоғары болады.
Экономиканың нарықтық жағдайларында мемлекет тауар-ақша қатынастарын реттеуге анағұрлым аз мөлшерде қатысады, негізгі реттеушілер тауарға жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраным мен ұныс болып табылады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды Тек қана өндірілген тауарларды, қызметтерді адам еңбегінің басқа да өнімдерін айырбастау, оларды белгілі бір ақшалай баламасы үшін өткізу кезінде өндірушілерде ақшалай түсім пайда болады. Соған сәйкес қатынастарында пайдалану қаржы арқылы жүреді. Сөйтіп, қаржы тауар-ақша қатынастарынан туындайды да, сонымен бір мезгілде оның жүзеге асуына септігін тигізеді.
2- тақырып. Мемлекеттік қаржылар саласындағы интеграциялық процестер
Интеграциялық процестердің негізгі әлемдік орталықтары.
Интеграциялық аймақтардың ерекшеліктері.
Халықаралық экономикадағы интеграциялық процестердің теориялық негіздері.
Еркін сауданың Еуропалық Ассоциациясы.
Қазіргі жағдайда халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы интеграциялық процесстердің күшеюмен айқындалады. Әлемдік экономикадағы негізгі 3 полюстік орталықтардың құрылуы интеграциялық процесстердің нәтижесі болып табылады. Олар:
Солтүстік Америка аймағы;
Оңтүстік Шығыс Азия;
Батыс Европа аймағы.
Халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) – 1945 жылы, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК) – 1956 жылы, Халықаралық даму ассоциациясы (МАР) – 1960 жылы, Инвестициялық кепілдік беретін жан-жақты агенттік (МАГИ) – 1988 жылы құрылған.
Европалық экономикалық кеңестік Европалық Одақ пен Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясы елдерінің арасындағы келісім бойынша 1990 жылы құрылды. Бұл келісімде мынадай мәселелер қарастырылған:
Топ арасында саудадағы шектеулерді жою;
Стандарттар мен техникалық нормаларды үйлестіру;
Үкімет тапсырыстарын орналастыруда ұлттық компанияларға артықшылықтарды жою.
Азия Даму Банкінің функциялары. Азияның даму банкі 1963 жылы экономикалық коммисия үшін Азия және Қиыр Шығыс, кейіннен өзгеріліп экономикалық және әлеуметтік коммисия үшін Азия және Тынық мұхит болып құрылған болатын. Банк ұйымның келісімі 1965 жылы қол қойылып, 1966 жылы күшіне енді. Банк операцияларын 1966 жыла жүргізе бастады.
Америка аралық даму банкі құрылымы. Кариб бассейіні және Латын Америкасында экономикалық-әлеуметтік даму жылдамдығындағына көмектер көрсету мақсатында 1959жылы құрылған болатын.
Функциялары:
Латын Америкасының даму мақсатындағы мемлекеттік және меншік капиталы мен салымдарына жәрдем.
Аумақта біріншілік экономикалық-әлеуметтік жобаны қаржыландыруға арналған ақша нарығында алынған басқа да қол жетерлік ресурстар, құралдар мен меншікті капиталдарды қолдану.
Меншікті капитал салымының жобасын кеңейту.
Қатысқан елдердің келісу мақсаты саясаттың, ресурстардың көбірек толықтырылуы, экономиканың кеңейуімен сыртқы сауданы дамытуы.
Техникалық көмектердайындығын қамтамасыз ету, даму жобасын және жоспарды жүзеге асырудағы қаржыландыру.
Құрылымы:
Басқару кеңесі. Басқару кеңесінің комитеті.
Директорлар кеңесі – орындаушылар.
Өкілеттер және елдік бөлімшелер, департаменттер, президенттер, администрация.
Ислам даму банкі. Таяу шығыста және Солтүстік Африканың ішіндегі араб мемлекеттерінде Ислам даму банкі болып табылады. 1974 жылы шариатты принциптеріне сәйкес мұсылман көпшілігі және ел мүшелері әлеуметтік прогресі және экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
Функциялары.
Акционерлік капитал құралдарын инвестициялау.
Жобаны және өндірістік кәсіпорындарды несиелендіру.
Кейбір басқа және экономикалық-әлеуметтік даму мақсатында басқа формада мемлекет мүшелерінің қаржылық көмек көрсету.
Құрылымы:
Басқару кенесі.
Орындаушы директорлар кеңесі.
Секретарь, администратор, Банк президенті, вице президент, аумақтық бөлімдер.
Африкалық даму банкінің тобы. Африкалық қаржы ұйымдарының ішінде Африкалық даму банкінің қызығушылық танытады. Ол өзіне Африкалық даму банкін, Африкалық даму қорын, Нигерияның сенім қоры кіреді. Топқа кірген қордың екеуі Африканың даму банк ұйымдарымен келісім туралы келісілген жағдайынан туындаған.
Мақсаттары:
Аумақтық мемлекет мүшелерінің әлеуметтік прогресі және экономикалық дамуға жәрдем.
Жобаны және инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру.
Бірлескен ұйымдар жолымен ресурстар мобилизациясын бірлескен банкпен жүзеге асырылған екі және көп жақты даму институттарын қаржыландыру.
Африкаға қатысты даму сұрақтарына өзара түсіністік өсуі және халықтық диолог жүргізуге жәрдем.
Жоба дамуын дайындауда техникалық көмек көрсету.
Қызметтердің негізгі бағыты:
Макролық реформаларды жүргізу және дайындау.
Қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын ұтымды қолдану.
Даму процесінде әйелдердің қатысуы.
Меншік секторының дамуына жәрдем.
Жоқшылық деңгейін қысқарту.
Экономикалық интеграция және көп ұлттық жобалар.
Саудаға жәрдем.
3. Халықаралық экономикадағы интеграциялық процестердің теориялық негіздері.
Өндіріс интернационализациясы – бұл халықаралық масштабта өндірістердің жалпыландыруын білдіреді.
Жалпы өндірістің пайда болуы – бөлшектелген өндірушілер қызметтерінің бірі өзара байланысқан және өзара келісілген өндірістік процеске жалпыландыруын білдіреді.
Өндірісті жалпыландырудың мәнің сипаттау үшін, өзара ұлттық және халықаралық деңгейде «еңбектің жалпыландыруы» және «өңдірістің жалпыландырылуы» сияқты түсініктердің қатынасын анықтау қажет.
Әзірше халықаралық аймақтық масштабтарында іске асырылатын өндірістің нақты интернационализациясы – экономикалық интеграция атагына ие болды.
Европалық даму қоры 1958 жылы құрылған. 1960 жылы Европалық әлеуметтік қор операциясын жүргізе бастады және халықтың мүмкіндіктерін жақсартуға арналып құрылған болатын. 1975 жылдан бастап Европалық аумақтық даму қорының қызметі несиелік бағдарламалар үшін туындаған аумақтық сәйкессіздікті азайту мақсатында құрылған болып табылады.
Еркін сауданың Еуропалық Ассоциациясы.
Европалық Одағымен қоса Европада бұрыннан бастап екінші интеграциялық топтасуы – еркін сауданың Европалық Ассоциациясы қызмет етті. Бұл ұғымды құру туралы конвенция 1959 жылы Стокгольмде құрылып, келесі 1960жылы күшіне ене бастады. Оны құрушы ел Ұлыбритания болды, ал оны Европалық континситтегі Европаның экономикалық бірлестігі қарсы қарастырып құрды.
Бақылау сұрақтары:
1.Осы заманғы жаңа классикалық теориясы
2.Экономикалық интеграция түсінігі.
3.Халықаралық қаржылық ағымдар мен қаржы рыноктары
4.Бюджеттік және қаржылық жүйелер
3-тақырып. Канаданың қаржы жүйесі
Мақсаты: жалпы Канада елінің экономикалык жағдайына шолу, әлемде алынатын орны мен ерекшелігін анықтау, сондай қаржы жүйесінің жалпы құрамына кіретін мыналарды: бюджет, салық, банк жүйесін анықтау және олардың Канада еліндегі ерекшеліктерін анықтап, зерттеп білу.
Жоспары:
