Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Образец отчета по практике (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.35 Кб
Скачать

1.2 Бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті қалыптастырудың негіздері

«Алма розничные системы» ЖШС қаржылық бөлімшесі бар. Қаржылық бөлімше мынандай жұмысты атқарады:

1) кәсіпорынның жобасының қаржылық жоспарын құру кіреді; ақша операцияларын реттеу және бақылау; нормативтік есептесу мен меншік айналым құралдарының қажеттілігін анықтау; қаржылық нәтижелерді талдау; ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп құру; салық саясатын және салық есебін дайындау әдістемесін анықтау.

2)орталық бухгалтерия, шаруашылық қызметпен ақпараттың толық мерзімді қайта құруын қамтамасыз ету қызметі кіреді; қаржылық есептің (баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, меншік капиталының өзгерістері туралы есеп) қазіргі көрінісі мен құру; өндірістік шығындар есебі; бухгалтерлік компьютеризация жұмысы мен бухгалтерлік есеп жүйесінің бірлік компьютер желісіне қосылуы.

3)ішкі аудит басқару, тапсырыс бойынша бухгалтерлік құрал-жабдыктың құнын тексеру және келісім-шартты қорытындылау қызметі кіреді; кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне құжаттық ревизия жасау; ақша қаражатының түсу есебін жэне тауарлы-материалдық кұндылықтарды кадағалау; сметалық шығыкдарын сақтау және инвентаризацияны жүргізуін қадағалау.

«Алма розничные системы» ЖШС бухгалтерлік есебінде орталық бухгалтерияда келесідей нормативтік құжаттар құрамында жүргізіледі:

1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы.

2. 15.05.2003 жылғы № 88р ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Халықаралык есеп беру (МСФО);

3. Халықаралық есеп беру (МСФО) стандарттары;

4.Қазақстан Республикасының Қаржы миністірлігі 2007 жылдьң 18 мамырда «Алма розничные системы» ЖШС бухгалтериялық есептің шоттар жоспары бекітті.

Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарына мен тіркеулерінің ақпараттық мазмұнына, коммерциялық құпияларды құрушы құжаттарға жеке тұлғалардың енуі «Алма розничные системы» ЖШС басқаруының келісімімен рұқсат етіледі, сонымен қатар бұл тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органда қызмет атқаратын тұлғалар болуы мүмкін. Есеп саясатының таңдауы мен негіздемесі келесі кестесіндегі факторларға әсер ететінін атап өтуге болады.

Субъектінің қабылдап алған есеп саясаты ұйымдастыру-өкімдік құжатқа сәйкес рәсімделеді (бұйрықтар, өкімдер т.б.). Аталған есепті жүргізу әдісі жылдық есеп беру үшін бухгалтерлік есеп құрамына енеді.

«Алма розничные системы» ЖШС-ның бастапқы құжаттары, бухгалтерлік есептің қаржылық есепті берудің қағаздық және электрондық тіркеулері, есептік саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да төлемдер» кодексіндегі бабына өзінің сәйкестігін сақтайды. «Алма розничные системы» ЖШС-ның құжаттарды сақтау мерзімі келесі түрде бекітілген:

3. Жоғарыда көрсетілмеген барлық қалған құжаттар-5 жыл;

Құжаттардың сақтау мерзімін есептеу олардың келесі іс-қағаздар жүргізу жылы аяқталғанынан кейін жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі. 75 жыл - «в» сақтау мерзімі қойылған құжаттар үшін сақтау мерзімін есептеу адам жасының есебімен істің аяқталу кезеңінде жасалынады.

Кәсіпорынның есеп саясаты. Бухгалтерлік есептің жаңа типтік жоспары есебінде екі негізгі бағыта көрсетілген. Оған келесілер жатады:

1. «Алма розничные системы» ЖШС есептік саясаты;

2. «Алма розничные системы» ЖШС жұмыс жоспар есебі;

«Алма розничные системы» ЖШС-ның каржылық есептің және бухгалтерлік есептің мақсаты қарым-қатынаста болған тұлғалармен толык және қаржылық жағдайдың акпараттык сенімділігін камтамасыз ету және каржылық жағдайының өзгерістерін мен қызмет нәтижелерін анықтау болып табылады. Серіктестіктегі бухгалтерлік құжаттаманың қалай жүргізілетінің қарастырайық.

Бухгалтерлік жобалар негізгі бастапқы құжаттарда, шаруашылық операциялардың атқарылуын бекіту фактісінде ұйымдастырылады.

«Алма розничные системы» ЖШС шаруашылық қызметіне барлық барлық шаруашылық операциялар мен басқа да жағдайлар әсерлері активтерге, меншікті капитал, міндеттеме, кірістер мен шығыстар, бухгалтерлік есепте көрсетілуі мүмкін. «Алма розничные системы» ЖШС бастапқы құжаттары операцияларының орындалуын құрайды, ал егерде қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, онда операциялардың аяқталуы тікелей жүргізілуі мүмкін.