- •1 Техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы мен еңбек қорғау қауіпсіздігі
- •2 Стансаның жалпы сипаттамасы және тағайындалуы
- •3 Стансаның басқару құрылымы
- •4 Стансаның жол тарамдарын сараптау (жұп,тақ)
- •5 Стансаның техникалық тарату актісі (тра)
- •6 Станса жұмысының технологиялық үрдісі
- •7 Станса жұмысының анализі мен есебі
- •8 Пойызды құрастыру жоспары
- •9 Жүктік және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру
- •10 Станса кезекшісінің жұмысы
- •11 Парк кезекшісінің жұмысы
- •12 Пойыз құрастырушысының жұмысы
- •13 Бұрмалы бағыттама бекет кезекшісінің жұмысы (белгі беруші)
- •14 Жүкті қабылдап-тапсырушының жұмысы
- •15 Қазақстан республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану қағидасы
КІРІСПЕ
Қазіргі заманда теміржол көлігі қандай мемлекетте болмасын тасымалдау көлемі жағынан алдыңғы қатарда тұр. Теміржол – Қазақстан Республикасының бірегей көлік жүйесіндегі аса пайдалы және тиімді көлік түрі екенін, осы күнге дейінгі атқарылған тасымалдар дәлелденген. Теміржол мемлекетімізде жалпы пайдаланатын көліктің барлық түрлерінің жүк тасымалдары бойынша 80...90%-ға дейін қамтамасыз етеді. Пайдаланатын теміржолдың ұзындығы бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында.
Қарағанды стансасында келесідей оталар атқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай стансаларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық стансаларда) тиеледi. Оларда жүк отарын атқаруға арналған вагондар құрастырылады. Жүк оталары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады.
Тәжірибе дегеніміз- теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен біз 17 қараша- 4 қаңтар аралығында Қарағанды стансасына өндірістік тәжірибеден өттік.
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарымыз- Қарағанды стансасының жалпы сипаттамасы, басқару құрылымы, стансаның техникалық тарату актісімен танысу. Стансадағы жұмыскерлердің жұмысы мен таныс болу.
Тәжірибе есебі бірнеше тараулардан тұрады. Стансаға барғанда ең алдымен Қарағанды стансасының жалпы сипаттамасымен, стансаның техникалық тарату актісімен таныс болуымыз керек. Станса туралы біраз мағлұмат алғаннан кейін станса ішіндегі жұмыскерлердің жұмыстарымен танысамыз.
1 Техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы мен еңбек қорғау қауіпсіздігі
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және темір жол көлігін пайдалану, оның ішінде магистралдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғылырының және жылжымалы құраманың негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің және сигнал беру принциптерін белгілейді.
Темір жолдарда жүрген кездерде техникалық қауіпсіздікті сақтау талаптары.
Жұмысшылар темір жолдарда жүрген кездерде келесі техникалық қауіпсіздікті сақтау талаптарын орындау қажет:
А) жолдардың бойымен жүру немесе жолдың жағасымен жүру;
Ә) жолда орналасқан құралдармен заттарға көңіл бөлу;
Б) қозғалатын құрамның жолға шығуы кезінде ғимараттан және басқа да құрылғылардын алдында келе жатқан пойыздардың жоқ екендігіне көз жеткізу керек.
Г) тік бұрыш арқылы жолды жүру және алдын ала алдында пойыздың немесе локомотивтің жоқ екендігіне көз жеткізу керек;
Д) рельстерге тұруға болмайды, сонымен қатар жақын қашықтықта поейыз жүретін жолдарды кесіп өтуге болмайды.
Үй жайдың және жұмыс орнын күту үнемі түзету жағдайларында болуы шарт. Ғимараттардың, қызметтік техникалық және санитарлық тұрмыстық үй жайларды қарау жұмыскерлерге қызмет ететін жұмыскерлер жүргізу қажет, сонымен қатар кәсіпорындардың басшылары еңбектің нормаларына сәйкес талаптарды орындау қажет. Үй жайларда қандай да бір ақаулықтар пайда болған жағдайда, яғни адам өміріне қауіпті жағдай туындаған жағдайда жұмысшылар кезекшіге жағдай туралы хабарлау қажет.
Қысқы уақыттарда қызметтік өту жолдары қардан тазартылып, жерді топырақпен немес ұсақ мұздарды төгу қажет.
Маневрлік жұмыстардың өндірісінде техникалық қауіпсіздікті сақтау талаптары.
Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде құрастырушы келесі міндеттерді орындау қажет: маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру, қозғалыстың қауіпсіздігі үшін және жеке қауіпсіздігі үшін, сонымен қатар жүктін және құрамның қауіпсіздігі үшін жұмысты ұйымдастыру шарт.
Аса қауіпті аймақтарда негізгі мамандықтардың еңбегін сақтау және қорғау.
Пойыздарды құрастыру негізгі мамандыққа жатады, оның жұмысы аса қауіпті еңбек жағдайында жүзеге асырылады. Пойыздарды құрастырушы жұмыс басталмастан бұрын еңбекті сақтау бойынша мақсатты тәжрибеден өту қажет. Оны өткеннен кейін жұмыс орнына келе алады. Қаупісіздік шараларын орындау мақсатын пойыздарды құрастырушы келесі міндеттерді орындауға міндетті.
Жұмыс барысында келесілерді орындау қажет:
- дұрыс жұмыс істейтін радистанцияны қолдану;
-мұқият түрде барлық хабарларды, маневрлік қозғалыстар бойынша хабарландыруларды тыңдау қажет;
-басқа жұмыстармен айналыспау қажет;
-келе жатқан пойыздың немесе локомотивтің алдынан жолды кеспеу;
-келе жатқан пойыз немесе локомотивтің жоқ екендігіне көз жеткеннен кейін ғана тік бұрыш бойынша жолды өту;
-рельстерге отырмау және тұрмау;
-тоқталатын жерде вагондардың табандарының астында бөтен заттардың болмауын тексеру.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес станция бастығы еңбек шарттарының қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қауіпсіздігіне тексеріс жасауды қамтамасыз етуге міндетті.Станса қызметкерлері кезекшілікке келгенде станция территориясынан жергілікті шарттарда көзделген қызметкерлер маршрутының жерлерімен өтулері қажет.
Стансада поезд қозғалысымен байланысты жұмысқа жасы 18-ге толған, алдын-ала өндірістік тәжірибеден өткен, еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығын жақсы білетін қызметкер ғана жіберілуге міндетті. Бұл қызметкерлердің жұмысқа жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық тексеріс жүргізіледі. Бұдан кейінгі периодтық медициналық бақылаулардың мерзімін 17.05.2006 жылдың № 220, 243 бұйрықтарына сәйкес Денсаулық министрлігі бекітеді.
Еңбекті қорғау – бұл заңдастырылған актілердің жүйесі, яғни әлеуметтік экономикалық, ұйымдық техникалық, гигиеналық және емдік профилактикалық шаралардың және құралдардың, қауіпсіздігі қамтамасыз етуші, еңбек барысында адам денсаулығын және жұмысқа қабілеттілігін сақтау. Ол өндірістік қауіп- қатерлерді және кәсіби зияндылықтарды табумен және зерттеумен, сондай- ақ оларды болдырмау немесе әлсірету әдістерін өңдеумен шұғылданады. Бұл өндірісте жазатайым оқиғалардың және жұмыс істеуші кәсіби аурулардың, аппараттардың және өрттердің жоюына, еңбекті қамтамасыз етуіне жағдай жасайды.
