Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарт- акушерство.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.27 Кб
Скачать

Плацентаны жатыр қабырғасынан ажыратып сыртқа шығару операциясы

Қажеттілігі: 1.ІІІ-кезеңде егер бөліну белгілері болмаса (шрендер,

довженко, кюстнер) 20-30 минут аралығында

(толығынан нығыздала орналасуында).

2.Егер бөліну белгілері болмаса және қан кетсе

(жартылай нығыздала орналасқанда) жеңіл наркоз.

Қолдағы перчатканы дереу ауыстырып, қынап арқылы жатыр қуысына қолмен кіріп, кіндік арқылы плацентаны анықтап, шетін тауып жатыр қабырғасынан сыдырып ажыратып алға қарай итеріп, сыртқы қолмен кіндігінен тартып шығарып алады. Ішкі қолмен плацента орнын тексеріп, жатырға жұдырықпен ішкі-сыртқы массаж жасайды.

Жатыр қуысын қолмен тексеру операциясы

Қажеттілігі: 1.Бөлініп шыққан плацентаның бүтіндігінің бұзылуы.

2.Плацентаның бүтіндігіне күдік.

3.Жатырдың гипотониясы. Қан кету.

Жатырдың ішіне қынап арқылы кіріп, плацента орнын тексеріп, онда қалып қойған плацента бөліктерін ұйыған қандардан тазартып жатырға ішкі-сыртқы массаж жасайды.

Жатыр қуысын қыру

Қажеттілігі: - жасанды түсік (үш айға дейін)

- басталған, шала және толық түсік

- босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан кету.

Қажетті құралдар: - Гегар кеңейткіштері (№3-24)

- жатыр зонды

- мюзо

- айналар

- кюретка.

Операцияның тәсілі: сыртқы жыныс мүшелерін қынапты, жатыр мойнын иоданатпен тазартып жатыр мойнының алдынғы ернін Мюзомен қысып ұстап, зондпен жатыр қуысы ұзындығын анықтайды. Гегар кеңейткіштерімен кеңейтіп жатыр мойнын кеңейтеді, ұрықты кюретка арқылы жатыр қуысын қырып шығарады.

Эмбриотомия Нәрестені бөлшектеп шығару.

  • бала басын тесу – Краниотомия

  • бассыздандыру – декомитация

  • бұғананы кесу – клеидотомия

  • кеуде мен іш құрылысын босату эвисцерация, эвентерация

  • омыртқаны бөлшектеу спондилотомия.

  • Бұл операциялар жатырдағы нәресте өлі болғанда жасалады

  • Көлденең жатқан нәрестенің асқынуында.

Қажетті құралдар: - айналар, мюзо, корнцангтер,қайшылар, перфоратор, кюретка, краниокласт.

Наркоз: жалпы наркоз береді.

Аралықты кесу

Қажеттілігі:1.Аралықтың жыртылу қаупі.

Тәсілі: 1. Перинеотомия – аралықты тік кесу.

2.Эпизиотомия – қиғаш кесу.

Аралықты йод ерітіндісімен тазартып, саусақты нәресте басы мен аралық арасына орналастырып, әйел күшенген кезде қайшымен 2см-дей кеседі. Әйел босанғаннан кейін, аралыққа тігіс салады.

Акушерлік сыртқы – ішкі бұру операциясы

Қажеттілігі: - нәрестенің көлденең жатуы

- егіз жүктілікте, нәрестенің біреуі көлденең жастса.

Шарты: 1.жатыр мойнының толық ашылуы.

2.қағанақ суы жарылмаған.

3.нәресте тірі, салмағы қалыпты.

4.нәрестенің бас өлшемдері жамбас өлшемдерімен сәйкес келуі.

Бұл операцияда терең наркоз беріледі (сомбревин в/в) оң қолмен қынапқа еніп, крючок (мюзо) арқылы қағанақ суын тесіп амниотомия жасалады. Алғы түрінде нәрестенің төменгі балтырынан ұстап, екінші сыртқы қолымен нәрестенің басын жатыр түбіне ығыстырады, жылжытады. Ал ішкі қолмен аяқты төмен тартып оны сыртқа шығарады.