Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Дене салмағын өлшеу алгоритмі / 2 жасқа дейін/

/электронды таразымен/

Көрсеткіші:

  • баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  • баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • электронды таразы;

  • резеңке қолғап;

  • дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

    1. Анасына /туыстарына/ шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

    3. Керекті құралдарды дайындау.

    4. Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру.

    5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

    6. Табақшаны дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

    7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

    8. Таразыны нөлдік көрсеткішке орналастыру.

    9. Баланы таразыға жатқызу.

    10. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу.

    11. Бала салмағының көрсеткіштерін жазу.

    12. Таразыдан жөргекті алып тастау.

    13. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

    14. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолын жуу және құрғату.

Ескетру: Баланы ашқарынға, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Дене салмағын өлшеу алгоритмі / 2 жасқа дейін/

/табақшалы таразымен/

Көрсеткіші:

  • баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

  • баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • табақшалы таразы;

  • резеңке қолғап;

  • дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

    1. Анасына /туыстарына/ шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру.

    3. Керекті құралдарды дайындау.

    4. Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру.

    5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

    6. Табақшаны дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

    7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу.

    8. Таразы тастарын нөлдік көрсеткішке орналастыру.

    9. Күршекті ашып таразыны салмаққа қарсылықпен теңестіру.

    10. Күршекті жауып баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызу.

    11. Күршекті ашып таразының төменгі бөлігінде орналасқан килограммдық тасты штанганың төмен түсуіне дейін жылжыту, одан кейін тасты солға қарай бір бөлікке ауыстыру.

    12. Тепе-теңдік орналасқанға шейін үстіңгі штангада орналасқан граммды анықтайтын тасты жайлап жылжытады.

    13. Күршекті жабу және баланы таразыдан алу.

    14. Бала салмағының көрсеткіштерін жазу /тастың сол жағындағы цифрлар алынады/

    15. Таразыдан жөргекті алып тастау.

    16. Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

    17. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: Баланы ашқарынға, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Бой ұзындығын өлшеу алгоритмі /1 жсақа дейінгі балада/

Көрсеткіші:

  • Баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

  • Горизонтальды бой өлшегіш;

  • Жөргек;

  • Резеңке қолғап;

  • Дезерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш:

    1. Анасына /туыстарына/ шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Горизонтальды бой өлшегішті тұрақты жерге шкаласын өзіне қаратып орналастыру.

    3. Керекті құралдарды дайындау.

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

    5. Бой өлшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

    6. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жақтауға қаратып жатқызу.

    7. Баланың тізесінен басын, аяғын түзеп жазу.

    8. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкпесіне тіреп жақындату.

    9. Бой өлшегіш шкаласы бойынша баланың дене ұзындығын анықтау.

    10. Баланы бой өлшегіштен алып қортындысын жаз және қортындысын анасына хабарлау.

    11. Өлшегіштен жөргекті алып тастап бой өлшегіштің үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

    12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: Баланың бойын таңертеңгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы 22-24оС.