Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Диабеттік (гипергликемиялық) кома

Гипергликемиялық кома – қант сусамырының асқынуының ауыр түрі. Кома – гипергликемия негізінде, айқын ацидоз және кетозға байланысты, айқын метаболикалық бұзылыстарға әкелетін, бас миының қабыршық және қабыршық асты құрылымдарының қызметтерінің терең тежелуімен сипатталатын есін жоғалту жағдайы.

Комалар кезінде сыртқы тітіркендіргіштерге реакция болмайды.

Себептері:

  1. Емделмеген немесе анықталмаған қант сусамыры.

  2. Инсулин дозасының жеткіліксіз болуы немесе оны енгізуді тоқтату.

  3. Диетаны бұзу – көмірсуларды, майларды көп мөлшерде қолдану, тағамдық уланулар.

  4. Физикалық немесе психикалық жарақаттар, операция және басқа да стресстік жағдайлар.

  5. Жедел іріңді инфекциялар.

Симптомдары:

Кома біртіндеп дамиды. Бас кезінде – бастың ауырсынуы, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің жоғалуы, лоқсу, құсу, шөлдеу сезімінің артуы. Бұл белгілер одан әрі арта түседі, ауру есін жоғалтады. Тері және шырышты қабаттары құрғақ, тілі айқын қызыл түсті, бетінде диабеттік қызару пайда болады. Бет пішіні өзгереді. Бұлшық еи тонусы төмендеген. Көз алмасы ішке қарай енген, пальпация кезінде жұмсақ. Теріде тырнақ іздері болуы мүмкін. Пульсі жиі, қан қысымы төмен. Тыныс алуы сирек, терең (Куссмауль дем алысы), аузынан ацетон иісі анықталады. Зәр бөлуі жиілейді.

Шұғыл көмек:

  1. Тез арада госпитализациялауға тырысу.

  2. Ауруды жатқызу және жылыту.

  3. Емінің алғашқы сағатында өткізу қажет: а)көк тамырға ағынды түрінде инсулин дозасы 0,1Б/кг сағатына 150-300 мл NaCl изотониялық ерітіндісінде; б)асқазанды Na гидрокарбонатының жылы 5% ерітіндісімен шаю, ерітіндінің бір бөлігін асқазанда қалдыру қажет (интракорпоральді тазарту); в)қуыққа катетер қою; г) Na гидрокарбонатының жылы 2% ерітіндісімен клизма жасау; д)оксигенотерапия; е)физиологиялық ерітіндіні тамшылатып көк тамырға енгізу және алғашқы сағатта 20 мл/кг есебінен енгізу, оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылын қосу.

  4. Шұғыл көмектің келесі сатысы глюкозо-тұзды ерітінділерді енгізу және инсулинмен емдеуден тұрады. а)инфузиондық ерітінділер – Рингер ерітіндісі , 5% глюкоза ерітіндісі және т.б. б)инсулинмен емдеу одан әрі қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 0,1Б/кг сағатына есебінен өткізіледі.

  5. Диетотерапия: аурудың жағдайы жақсарған жағдайда аз мөлшерде жеміс және көкөніс шырындары, құрғақ жемістердің сусыны, кисель, сілтілі минералды сулар қабылдауға болады. Екінші күні – ботқалар, үгітілген вегетариандық көже, айран, нан.