Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Естен тану

Естен тану - өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

Шұғыл көмек:

  1. Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру.

  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

  3. Таза ауауның болуын қамтамасыз ету.

  4. Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаригімен).

  5. Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы – 0,1мл – 6 айға дейін; 6-12 ай – 0,1-0,2мл >1ж – 0,3-0,5мл.

Коллапс

Коллапс -өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.

Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінуінің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырларда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.

Клиникасы:

  1. Жағдайының аяқ астынан төмендеуі;

  2. Тері қабатының бозаруы;

  3. Суық жабысқақ тер;

  4. Пульс жіп тәріздес жиі;

  5. Қан қысымы төмен.

Шұғыл көмек:

  1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.

  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

  4. Келесі препараттарды енгізу: - мезатон – көк тамырға тамшылатып 0,1мл/жасына 5% глюкоза ерітіндісінде, немесе - норадреналин – 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4мл немесе - адреналин – 0,1% ерітінді тері астына, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1мл; 1 жасқа дейін 0,15мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7мл.

  5. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.

Құсу

Себептері:

  1. Ұшыну;

  2. Улану;

  3. Ас қорыту жүйесінің аурулары;

  4. ОЖЖ аурулары.

Шұғыл көмек:

  1. Баланы басын жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу.

  2. Қысып тұрған тар киімін шешу.

  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

  4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.

  5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуында енгізеді): а) per os – новокаин 0,25% - 1 шай қасық – 1 дес.қасық – 1 ас қасық, жасына сәйкес; б)бұлшық етке – церукал – 1мг/кг (1мл=5мг) немесе прозерин – 0,1мл/жасына; в)қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1мл/жасына.

  6. Құсудан кейін: а)аузын қайнаған сумен шаю; б)су-шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа; в)керек жағдайда – құсықты зертханаға зерттеуге жіберу.

  7. Құсудың себебін анықтау және оны жоюға тырысу.