Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Моновалентті ккп (қызылша, қызамық, мысқыл) вакцинасын салу алгоритмі

Көрсеткіші: мысқылдың (қызылшаның, қызамықтың) алдын алу.

Керекті құралдар:

  • мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

  • резеңке қолғап

  • мысқылдың (қызылшаның, қызамықтың) вакцинасы

  • мысқылдың (қызылшаның, қызамықтың) вакцинасына арналған ерітінді

  • Қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус

  • Вакцина ампуласын салатын мензурка

  • шприц

  • Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

  • Қолданылған заттарды салатын дез еірітіндісі бар ыдыс

  • 70% спирт.

1.Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

2.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  1. Керекті құралдарды дайындау.

  2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

  3. Мысқыл (қызылша, қызамық) вакцинасының салынған қолданылатын доза санына байланысты ерітінді мөлшерін есептеу.

  4. Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бап ампулаларды алып, мойынын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

  5. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу.Ампуланы мензуркаға қою.

  6. Шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешу.

  7. Ампуладан саналған мөлшерге сәйкес ерітіндіні сорып алу.

  8. Ерітіндіні вакцинасы бар ампулаға жіберу(жайлап, қабырғасының бойымен).(Бос ампуланы дезерітіндісі бар ыдысқа салу).

  9. Шприцті поршенімен сорып-қайта жіберу арқылы вакцинаны араластыру. Шприцке 0,5мл вакцинаны сорып алу.

  10. Пинцетпер стерильді үстелден салфетканыалып, оған шприцтен ауауны шығару.

  11. Салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

  12. Шприцті стерильді үстелдің үстіне, салфетканы астына қою.

  13. Санның немесе иықтың сыртқы бөлігінің терісін 70% спиртпен сүрту (мақта шаригін қолда қалдыру керек).

  14. Терінің бөлігін 1 және 2 саусақпен қыртысқа жинау.

  15. Вакцинаны бұлшық етке салу. Инені алу.

  16. Инъекция орнын қолда қалдырылған мақта шаригімен залалсыздандыру.

  17. Шприцті арнайы қорапқа, мақта шаригін дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

  18. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу. Кептіру.

  19. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

Опв вакцинасын салу алгоритмі

Көрсеткіші: сал ауруының алдын алу

Көрнекті құралдар:

  • Стерильді үстел, мақта шариктері, пинцет

  • Резеңке қолғап

  • Вакцина (ОПВ)

  • 70% этил спирті

  • Стерильді лоток

  • Қолданылған материалға арналған дезерітіндісі бар ыдыс

    1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

    2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    3. Керекті құралдарды дайындау.

    4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

    5. Пинцетпен стерильді мақта шаригін алып, оны 70% этил спиртіне малу.

    6. Шарикпен ОПВ флаконын залалсыздандыру. Қолданылған шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

    7. Пинцетпен флаконның алюмин қалпағы мен резеңке тығынын алып тастау.

    8. Қораптағы арнайы тамызғышты алу. Тамызғышты ОПВ флаконына бекіту.

    9. Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу (анасының алдына отырғызған дұрыс) немесе арқасына жатқызу.

    10. Баланы ауыз қуысының шырышты қабатына вакцинаны егу дозасын тамызу (қолданылатын препараттың белсенділігіне байланысты 2 немесе 4 тамшы).

    11. Тамызғышты ауыстыру.

    12. ОПВ флаконын тоңазытқышқа қою.

    13. Қолданылған тамызғышты дезерітіндіге салу.

    14. Қолғапты шешу, қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.

    15. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.