Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Манту сынағын қою алгоритмі

Көрсеткіші: диагностикалық

Керекті құралдар:

  • мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

  • резеңке қолғап

  • стандартты туберкулин

  • Ампула қоюға арналған мензурка

  • туберкулин шприці

  • Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

  • Қолданылған заттарды салатын дез еірітіндісі бар ыдыс

  • 70% спирт.

  1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

  2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

  5. Қораптан туберкулин ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.

  6. Стерильді салфеткамен жауып сындыру. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.

  7. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Туберкулин ерітіндісі бар ампуладан 0,2мл вакцинаны сорып алу.

  8. Қалған туберкулині бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен жабу.

  9. Шприцтен ауауны стерильді мақтаға 0,1мл дейін шығару (мақтаны дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

  10. Баланың білегінің орта бөлігін 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.

  11. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керу, иненің тесігін жоғары қаратып. Шприцті 10-15о ұстап, жайлап тері ішіне туберкулинді енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»).

  12. Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды.

  13. Туберкулин шприцін арнайы қорапқа салу.

  14. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

  15. Қолды жуу. Кептіру.

  16. Сынаманы бағалау үшін 72 сағаттан кейін келуін сұрау (3 күні).

Манту сынамасын бағалау 72 сағаттан кейін өткізіледі:

«Теріс қорытынды» - ине ізі

«Күдікті» -кез келген мөлшердегі гиперемия немес папула 1-4мм

«Оң» - папула 5 мм және одан жоғары

«Гиперергиялық реакция» - папула 15 мм және одан жоғары

Акдс – вакцинасын салу алгоритмі

Көрсеткіші:

-көк жөтелдің, күлдің, сіреспенің алдын алу.

Керекті құралдар:

  • мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

  • резеңке қолғап

  • АКДС вакцинасы

  • Қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус

  • Вакцина ампуласын салатын мензурка

  • шприц

  • Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

  • Қолданылған заттарды салатын дез еірітіндісі бар ыдыс

  • 70% спирт.

  1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

  2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

  5. Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды алу және сілку, мойынын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүрту. Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

  6. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу.Ампуланы мензуркаға қою.

  7. 2мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 0,5 мл АКДС вакцинасын сорып алу.(бос ампуланы дезерітіндісі бар ыдысқа салу).

  8. Пинцетпен стерильді үстелден салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Шприцті стерильді үстелдің үстіне, салфетканың астына қою.

  9. Жамбастың үстіңгі сыртқы бөлігін 70% спиртпен сүрту (мақта шаригін қолда қалдыру керек) және вакцинаны бұлшық етке енгізу.

  10. Инені алу. Инъекция орнын қолда қалдырылған мақта шаригімен залалсыздандыру.

  11. Шприцті арнайы қорапқа, мақта шаригін дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

  12. Қолғапты шешу, қорапқа салу.Қолды жуу. Кептіру.

  13. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

Ескерту. АКДС бірінші және екінші вакцинациясы үшін Тританрикс – Нір вакцинасы қолданылады.