Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Зәрді Зимницкийй әдісі бойынша жинау алгоритмі

Көрсеткіші: Зимницкий сынағы бүйректің қызметін анықтайды: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және салыстырмалы тығыздығын.

Керекті құралдар: - 8-10 қағаз жапсырылған таза банкалар.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. Рұқсат алу.

  2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де; пациент жеке ыдысқа зәрге отырады.

  3. Ауруханалық және сұйықтықты қабылдау тәртібі, сонымен қатар, пациенттің тамақтануы зерттеу уақытында бұрынғысынан өзгермеу қажет.

  4. Таңертеңгі сағ 6 бала зәрге отырады, ол төгіледі.

  5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6 дейін зәрді 8 банкаға жинайды; зәрге отыру жиілігіне байланысты, әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.

  6. Егер сол уақыт аралығында балада зәрге отыруға шақырыс болмаса, банка бос қалады.

  7. Егер 3 сағат көлемінде банка зәрге толып қалса, нөмірленбеген банка алынады да бала соған зәрге отырады (мейірбике оның сыртына нешінші банкаға қосымша берілгенін жазады).

  8. Келесі күні таңертең керекті құжаттарды толтырып, барлық банкалар зертханаға жіберіледі.

  9. Ерте жастағы балаларда зәрді белгіленген уақытта емес, баланың талабына байланысты жинайды.

  10. Қортынды жалпы диурезь бойынша бағаланады: күндізгі диурез (2/3 кем емес) бен түнгі диурездің (1/3 көп емес) қарым қатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (10 кем емес).

Ескерту! Зәрді жинау таңертеңгі сағат 6 бастап 24 сағат көлемінде өткізіледі. Балаларда 12 сағат жинауға болады.

Инсулин енгізу ережелері:

  1. Инсулиннің енгізу дозасын, сағатын және жиілігін қатаң сақтау.

  2. Енгізер алдында флаконды жақсылап сілку және 25-30оС дейін жылыту.

  3. Бір шприцте инсулиннің бірнеше түрін араластырып алуға болмайды.

  4. Инъекция орнын спиртпен өңдегеннен кейін оның кебуін күту.

  5. Инсулин енгізу орындарын 6-7 күнде бір ауыстырып отыру (липодистрофияның алдын алу).

  6. Инсулин іштің алдыңғы бөлігінен тез сіңеді.

  7. Ыстық ванналар, жылытқыш қоюсіңуді тездетеді.

  8. Инсулин салғаннан кейін аурудың 15-20мин көлемінде тамақтануын қадағалау қажет.

  9. Инсулинді тоңазытқышта +4+6оС сақтау қажет.

Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс - әдісінің алгоритмі

Көрсеткіші: қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелерді (ацетон) сапалы анықтау.

Керекті құралдар:

  • Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар

  • Сүзгіш қағаз

  • Пациенттің зәрі.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

    3. Резеңке қолғап кию.

    4. Құрамында: нитропруссид; күкірт қышқыл алюминий бар таблетка алынады.

    5. Таблетка сүзгіш қағаздың бөлшегіне орналастырылады.

    6. Таза горшокқа жиналған баланың зәрінің 2-3 тамшысы қосылады.

    7. 1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді. Түстік шкаламен салыстырылады.

    8. Сынаманы бағалау: таблетканың түсі ақшыл қызыл - әлсіз оң (+); қызыл-қоңыр түске болса – оң (++);

шие түстес болса – күрт оң (+++).

  1. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

  2. Қолды жуу және құрғату.

Ескерту:

  1. материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.

  2. Таблетка болмаған жағдайда препарат дайындалады: - натрий нитропруссид – 10г. – аммоний сульфат – 20г. – сусыз натрий карьонат – 20г.

Барлығы мұқият араластырылады, ақ түсті біркелкі зат пайда болғанға дейін үгітіледі.

Қауіпсіз иммунопрофилактиканың негізгі қағидалары

Иммунопрофилактика қағидалары

Қағидаларды жүзеге асыру

1.Иммунизация алатын баланың толық денінің сау болу принципі

-Иммунизация алдында баланың даму тарихында (ф №112) оның денінің саулығы және белгілі бір егуге рұқсат берілгені туралы жазудың барлығын тексеру.

2.Санитарлы-гигиеналық нормаларды бұлжытпау орындау принципі

-Егу жұмысына тек дені сау медқызметкерлер жіберіледі (қолдарында азғантай да жарақаттары, тері және шырыш қабаттарында іріңді зақымданулар болмауы керек)

-Вакцинацияның алдында:

А)егу бөлмесінде: еденді, қабырғаларды, жиһаздарды дезерітіндімен сүрту; үстелдерді, кушеткаларды стерильді жаймалармен жабу;

Б)вакцина жасаушы істеуге міндетті: тырнағын қысқалап қиюға; таза халат, қалпақ киюге; сақиналарын, білезіктерін шешуге; қолдарын мұқият сабынмен жуып, саусақтарының ұштарын спиртпен сүртуге;

-БЦЖ вакцинасына және туберкулино-диагностикасына арналған барлық керекті заттарды бөлек сақтау.

3.Вакциналық препараттарды дұрыс сақтау принципі

-Вакциналарды тоңазытқышта сақтау.

-Егер аннотациясы бойынша рұқсат етілсе, ашылған ампуладағы вакцинаны дәке салфеткасының астында, тоңазытқышта (және БЦЖ, қызылша, «тримовакс» вакциналары үшін жарықтан сақтайтын конуста) ұсталған жағдайда тек алғашқы 2-4 сағатта ғана қолдану.

4.Вакцинаны қолдану алдында тексеру принципі

-Вакцинаны сату алдында тексеру: жарамдылық мерзімін, вакцинаның қорабындағы және ампуладағы (флакондағы) атын; ампуланың жағдайын (жырылуы, сынуы); вакциналық препараттың жағдайын (түсі, әртүрлі қоспалардың болуы және т.б.)

5.Вакцина салу әдісін қатаң сақтау принципі

-БЦЖ тері ішіне салынады

-АКДС-вакцина- бұлшық етке

-АДС,АД-анатоксиндері- бұлшық етке немесе тері астына

-Полиомиелит (сал)- ауыз арқылы (per os)

-паротит, корь (мысқыл,қызылшы) моновакцинасы- бұлшық етке

-«Энджерикс» (гепатит В қарсы) – бұлшық етке

-«Хаврикс» (гепатит А қарсы) – бұлшық етке.

6.Жасалған вакцинацияны анық тіркеу принципі

Жасалынған егу туралы мәліметті; (иммунизация жасалған күнді, вакциналық препараттың атын, салу әдісін, препараттың дозасы мен сериясын) профилактикалық егу журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына (ф№112), проф.егу картасына (ф№63) енгізу керек.

7.Вакцинациядан кейінгі асқынуларды қатаң түрде тіркеу принципі

-егілгендерді бақылау:-егу өткізілгеннен кейін 1 сағат көлемінде;

-тірі вакциналардан кейін 5,6 және 10,11 күндері үй жағдайында;

-тірі емес вакциналардан кейін келесі 3 күн бойы (ата-аналар мен туысқандарына егу өткізілгені туралы ескерту)

-вакцинациядан кейін реакция болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарлау.

БЦЖ – вакцинасын салу алгоритмі

Көрсеткіші: туберкулездің алдын алу.

Керекті құралдар:

  • мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

  • резеңке қолғап

  • БЦЖ вакцинасы және ерітіндісі

  • Ампула қоюға арналған мензурка

  • Қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус

  • 2 шприц (туберкулин шприці және 2мл)

  • Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

  • Қолданылған заттарды салатын дез еірітіндісі бар ыдыс

  • 70% спирт.

  1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

  2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

  5. Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.

  6. Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

  7. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

  8. Ампуланы мензуркаға қою.

  9. 2мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 2 мл сорып алу.

  10. Ерітіндіні вакцинасы бар ампулаға енгізу (жайлап, қабырғасының бойымен).Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу арқылы араластыру.

  11. Шприцті дезерітіндісі бар ыдысқа салу.

  12. БЦЖ вакцинасының дайын ерітіндісін 5-6 мин бойы мензуркаға стерильді салфетка және конус жауып қалдыру, одан кейін вакцинаны жарық көзінде тексеру.

  13. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2мл вакцинаны сорып алу.

  14. Қалған вакцинасы бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен және конуспен жабу.

  15. Шприцтен ауауны стерильді мақтаға 0,1мл дейін шығару (мақтаны дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

  16. Баланың сол жақ иығының жоғарғы 3/1 бөлігін 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.

  17. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керу, иненің тесігін жоғары қаратып. Шприцті 10-15о ұстап, жайлап тері ішіне вакцинаны енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»).

  18. Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды. Туберкулин шприцін арнайы қорапқа салу.

  19. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

  20. Қолды жуу. Кептіру.

  21. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

Ескерту! БЦЖ ревакцинасын өткізу алдында міндетті түрде Манту сынамасын қою қажет.