Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Копрограммаға нәжісті жинау алгоритмі

Көрсеткіші: ащы және тоқ ішектердің қызметінің бұзылуын анықтау үшін нәжісті макроскопиялық және микроскопиялық зерттеу: асқазан асты безінің қызметін анықтау.

Керекті құралдар:

  • Таза құрғақ шыны ыдыс

  • Таза ағаш шпатель

  • Резеңке қолғап

  • Горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап және алжапқыш кию.

    4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

    5. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 15-20гр – 1ж бала; 100-200гр – үлкен балада.

    6. Шпательді дезерітіндіге салу.

    7. Жолдама толтыру.

    8. Материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

    9. Горшокты материал алғаннан кейін дещерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

    10. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    11. Қолды жуу, кептіру.

Ескерту! Нәжісті жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет.

Энтеробиозға қырынды алу алгоритмі

Көрсеткіші:құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу.

Керекті құралдар:

  • 50% глицерин немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісі

  • Таза ағаш шпатель

  • Резеңке қолғап

  • Заттық және жабынды шыны

  • Крафт-қағаз, резеңке, бланк-жолдама.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап және алжапқыш кию.

    4. Баланы бір қырына аяқтарын ішіне қарай тартып жатқызу.

    5. Шпательдің ұшын 50% глицеринге немесе натрий гидрокарбонатының 1% ерітіндісіне малу.

    6. Заттық шыныға 1 тамшы 50% глицерин тамызу.

    7. Сол қолмен баланың жамбастарын ашып, анус маңындағы қыртыстардан және тік ішектің төменгі бөлігінен шпательмен қырынды алу, одан әрі пациент өзіне ыңғайлы жағдайда жатуына болады.

    8. Шпательдің қырына алынған ұшын заттық шыныдағы глицерин тамшысының үстіне салу, жапқыш шынымен жабу.

    9. Шыныларды крафт-қағазға орап, резеңкемен бекіту.

    10. жолдама жазып материалды зертханаға 1 сағ көлемінде жеткізу.

    11. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    12. Қолды жуу, кептіру.

Ескерту! Пациентке (ата-анасына) тексеріске таңертеңгі уақытта үлкен дәретке отыру алдында келу қажеттігін ескерту қажет.

Нәжісті құрт жұмыртқаларына жинау алгоритмі

Көрсеткіші: құрт ауруын анықтау және одан әрі емдеу.

Керекті құралдар:

  • Таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс

  • Таза ағаш шпатель

  • Резеңке қолғап

  • Горшок (таза, қайнаған сумен шайылған)

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап және алжапқыш кию.

    4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

    5. Нәжісті таза шпательмен таза шыны ыдысқа салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады – 5-10гр (шпательді дезерітіндіге салу).

    6. Жолдама толтырып материалды 1 сағ көлемінде зертханаға жеткізу.

    7. Горшокты материал алғаннан кейін дезерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

    8. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

    9. Қолды жуу, кептіру.

Ескерту! Нәжісті жаңа бөлінген, жылы күйінде жиналғаннан кейін 1 сағаттың көлемінде зертханаға жеткізілу қажет.