Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Дене температурасын қолтық асты және шат қыртыстарында өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші: баланың дене температурасын анықтау.

Керекті құралдар:

  • медициналық термометр

  • сағат

  • дезерітіндісі бар лоток

  • дәке салфеткалары

  • қалам, дәптер

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Термометрді алып сынап 35оС төмен түскенге дейін сілку.

  5. Қолтық асты (шат) қыртысы маңын мұқият тексеріп салфеткамен құрғатып сүрту.

  6. Термометрдің сынап бағынасы жағын қолтық асты (шат) қыртысына, тері қыртыстарымен толық қамтылатындай және киімге тимейтіндей етіп орналастыру.

  7. Баланың қолын (аяғын) бекітіп ұстау (денесіне басып ұстау).

  8. Уақытты белгілеу және 10 минут өткеннен кейін термометрді алып көрсеткішін анықтау.

  9. Анасын термометрияның қорытындысымен таныстыру және То температуралық, параққа тіркеу. Әр клетка 0,2оС сәйкес келеді және нүктені клетканың ортасына қою қажет.

  10. Термометрді сынап бағынасына түскенге дейін сілкіп дезерітіндісі бар арнайы ыдысқа салу.

  11. Термометрді алып ағынды сумен мұқият жуу және салфеткамен құрғата сүрту. Термометрді қорабына салу.

  12. Қолғапты шешіп қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

Мұрын және ауыз жұтқыншақтан жұғынды алу алгоритмі

Көрсеткіші: бактериологиялық зерттеуге материал жинау.

Керекті құралдар:

  • Жарық көзі, орындық

  • Резеңке қолғап, маска

  • Стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта шариктері бар штатив

  • Стерильді шпатель

  • Лабораторияға жолдама-бланк.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

    4. Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) белгілеу.

    5. Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аяғын көмекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды, баланың басы аздап артқа шалқайған.

    6. Пробирканы штативке орналастырып, сол қолға шпательді алып баланың аузын ашуын сұрау, шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау.

    7. «Ж» тампонды ауыз қуысының шырышына тигізбей, абайлап ауыз қуысына енгізу.

    8. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша шырышты келесі реттілікпен алу: доға-бадамша бездер-тілшік.

    9. Тампонды ауыз қуысынан абайлап шығару, сыртына тигізбей пробиркаға салу.

    10. Мұрыннан жұғын алу кезінде сол қолдың бірнші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу қажет. Тампонның мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісуін қадағалау қажет.

    11. Тампонды қабырғаларына тигізбей абайлап проибиркаға орналастыру.

    12. Қолғап киілген қолдарды жуу және антисептикпен өңдеу, масканы және қолғапты шешу, қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

    13. Материалды бакзертханаға тез арада немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың көлемінде жеткізу.

Ескерту! 1. Жұтқыншақта қабыршық болса немесе күл ауруына күдік болған жағдайда жұғындыны сау және зақымданған тіндердің шекарасынан алу қажет.

2.Ауыз жұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан, ауыз

қуысын шаюдан бұрын алады.