Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Кіндік жарасын өңдеу алгоритмі

Көрсеткіші: «ашық» кіндік жарасы.

Керекті құралдар:

  • Стерильді мақта таяқшалары -3

  • Қайнаған су

  • Стерильді пипетка

  • Жөргектейтін үстелдегі жөргектеуге арналған жинақ

  • Резеңке қолғап

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Дезерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндір.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

    4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

    5. Баланы жөргектейтін үстел үстіне жатқызу.

    6. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

    7. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы қайнаған су тамызу.

    8. Жібіген қабыршақтарды стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай).

    9. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

    10. Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу.

    11. Жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту.

    12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолду жуу және құрғату.

Ескетру! №741 бұйрыққа сәйкес дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады.

Гигиеналық ваннаны өткізу алгоритмі

Көрсеткіші:

  • дене гигиенасын сақтау

  • баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру

  • таза жүру әдетін қалыптастыру

  • баланы шынықтыру.

Керекті құралдар:

  • шомылдыруға арналған ванна;

  • ваннаға арналған жөргек;

  • түкті қолғап;

  • жылы су (37-38оС), 2-3 айлық балаларға – қайнаған су;

  • бала сабыны, дәке салфетка, 5% калий перманганат ерітіндісі;

  • стерильді өсімдік майы немесе бала ұнтағы;

  • су термометрі;

  • су температурасы 1-2оС төмен шайындыруға арналған суы бар ыдыс;

  • жөргектейтін үстелдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киімдер;

  • үлкен жұмсақ сүлгі;

  • резеңке қолғап;

  • дезерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • кір киімге арналған қап.

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндір.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

    4. Ваннанң ішін дезерітіндімен өңдеу.

    5. Ваннаның ішін шөткемен жуып, қайнаған сумен шаю.

    6. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, онның үстіне жөргек төсеу.

    7. Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті төсеу.

    8. Ваннаның 3/1 бөлігіне дейін су толтыру, температурасы 37-38оС.

    9. Ваннадан баланы шайындыруға арналған суды ыдысқа толтырып алу.

    10. Баланы шешіндіру (керек жағдайда жыныс жолдарын ағын сумен жуу).

    11. Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу.

    12. Сол қолмен арқасы мен желкесін, оң қолмен жамбасы мен балтырларын сүйеп баланы қолға алу.

    13. Баланы абайлап суға салу (бірінші- аяғы мен жамбасы, одан кейін денесінің жоғары бөлігін). Су деңгейі баланың тек емшек тұсында болуы қажет, төстің үстіңгі бөлігі ашық қалады.

    14. Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғары бөлігін сүйеп тұрып оң қолды босатып алу.

    15. «Қолғапты» киіп (керек болса сабындап алу керек), баланы келесі кезекте жуындырады: бас (маңдайдан желкеге) – мойын-дене-аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын жақсылап жуу).

    16. Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас араларын жуу.

    17. Қолғапты шешіп баланы судың үстіне көтеріп ұстау. Баланың бетін төмен қаратқызып жатқызу. Баланы ыдыстағы арнайы сумен шайындыру.

    18. Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстелге жатқызу, абайлап құрғата сүрту.

    19. Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңдеу.

    20. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

    21. Жөргектейтін үстелдегі жөргек пен «қолғапты» кір киімге арналған қапқа салу.

    22. Ваннадағы суды төгіп, оны шаю.

    23. Ваннаның ішін және жөргектейтін үстелдің үстін дезерітіндімен сүрту.

    24. Қолғапты шешу, қолды жуып. Кептіру.

Ескерту!

  1. Гигиеналық ваннаны 2 адам өткізген дұрыс.

  2. Бөлме температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +22+24оС, шала туылған балалар үшін +23+25оС.

  3. Сүлгі мен баланың киімдері алдын ала жылытылып қойылады.

  4. Судың температурасы: мерзіміне жетіліп туған бала үшін +37+38оС, шала туылған бала үшін +38+39оС.

  5. Алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылғаннан кейін өткізу қажет.

  6. Баланы тамақтандырудың алдында шомылдыру қажет.

  7. Ваннадағы судың То тек су термометрінің көмегімен анықталады.

  8. Үй жағдайында резеңке қолғап киюдің және ваннаны дезерітіндімен өңдеудің қажетіжоқ.