Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдер азаша жаасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
616.45 Кб
Скачать

Арқалық медицина колледжі

«Ішкі аурулар »

пәнінен

тәжірибелік дағды және

іс-әрекеттер

алгоритмі

Арқалық

Бүйрек ұстамасында көрсетілетін алғашқы көмек

Мақсаты: Ауру синдромын жою.

Ресурстар:

Тонометр, фонендоскоп, жылытқыш, стерильді бір реттік шприцтер, мақта, 70% этиль спирті, резеңкелі байлам, қолғап, дез.ерітіндідегі қысқыш, астау.

Дәрілік препараттар:

5мл баралгин, 1мл 0,1% атропин ерітіндісі, 1 мл 1-2% промидол ерітіндісі, 1 мл 0,2% платифиллин ерітіндісі, 2-4 мл 2% но-шпа ерітіндісі, морфин немесе промедол 1-2 мл.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық қажет.

  2. Бел аймағына және ішке жылытқыш қою.

  3. Көктамырға 5 мл баралгин енгізу.

  4. 1мл 0,1% атропин ерітіндісімен 1 мл 1-2% промидол ерітіндісін тері астына енгізу.

  5. 1 мл 0,2% платифиллинді тері астына енгізу.

  6. 2-4 мл 2% но-шпаны бұлшық етке енгізу.

  7. Ешқандай әсері болмаса 10-15 минуттан кейін морфин немесе промидол 1-2 мл тері астына енгізу.

  8. Науқасты қадағалу қажет.

  9. Хирургия немесе урология бөлімшеге госпитализациялау.

Ескерту: жылыту процедураларын және наркотикалық анальгетиктерді іш қуысының жедел хирургиялық ауруларды жоққа шығарғанда ғана қолдану қажет.

Асқазаннан қан кеткенде көрсетілетін жедел көмек.

Мақсаты: қан кетуді тоқтату.

Ресурстары:

Тонометр, фонендоскоп, мұзды мұйық, стерильді бір реттік шприцтер, мақта, 70% этиль спирті, резеңкелік байлам, қолғап.

Дәрілік преператтар:

10мл – 10% CaCl ерітіндісі, 4 мл викасол, 2-4 мл 12,5% дицинон, 50 мл 5% аминокапрон қышқылының ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық қажет.

  2. Басын биік етіп жатқызу.

  3. Эпигастри аймағына мұз көпіршіктерін қою.

  4. 10мл – 10% CaCl ерітіндісін көктамырға енгізу.

  5. 4мл викасолды бұлшық етке енгізу.

  6. 2-4 мл 12,5% дицинон ерітіндісін көктамырға енгізу немесе 50 мл 5%

аминокапрон қышқылының ерітіндісін көктамырға тамшылату.

  1. Науқасты бақылау, пульсін, АҚҚ анықтау.

  2. Хирургия бөліміне госпитализациялау.

  3. Басын жоғары көтеріп, зембілмен жеткізу.

Барбитураттармен уланғанда көрсетілетін жедел көмек.

Мақсаты: Организмге удың түсуін шектеу, уды организмнен шығару.

Ресурстар:

Тонометр, фонендоскоп, оттегі жастықшасы, су, асқазан үңгісі, бетперде, дәке, тазик, вазелин, воронка, стерильді бір реттік шприцтер, мақта, 70% этиль спирті, резеңке байлам, қолғап, қысқыш, астау.

Дәрілік препараттар:

10 мл 0,5% бемегрид, 400 мл реполиглюкин, 300 мл 4% натрий гидрокарбонаты, 400мл 5% глюкоза ерітіндісі, 2 мл сульфоканфокаин, 2 мл 2% кофеин.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Асқазан жуу.

  2. Ылғалды оттегі беру.

  3. 10 мл 0,5% бемегрид.

  4. 400 мл реполиглюкин көктамырға енгізу.

  5. 300 мл 4% натрий гидрокарбонатын көктамырға тамшылату.

  6. 400мл 5% глюкоза ерітіндісін көктамырға тамшылату.

  7. 2 мл сульфоканфокаинды бұлшық етке енгізу.

  8. 2 мл 2% кофеинді бұлшық етке енгізу.

  9. Токсикология бөліміне госпитализациялау.

  10. Зембілге бір қырымен жатқызу.

Бауыр ұстамасында көрсетілетін жедел көмек

Мақсаты: Ауру синдромын жою.

Ресурстар:

Тонометр, фонендоскоп, стерильді бір реттік шприцтер, мақта, 70% этил спирті, дез.ерітіндідегі қолғап, астау.

Дәрілік препараттар:

2мл но-шпа, 2% - 2 мл папаверин, 1 мл 0,1% атропин, 10 мл 2,4% немесе 1 мл 24% эуфиллин ерітіндісі, 10 мл 40% глюкоза ерітіндісі, 2 мл 1% морфин және 1 мл 0,1% атропин ерітіндісі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қатаң төсектік тәртібі, физикалық және психикалық тыныштық қажет.

  2. 2мл но-шпа бұлшық етке енгізу, 2% - 2 мл папаверинді бұлшық етке, 1 мл 0,1% атропинді тері астына енгізу.

  3. Баралгинді 5,0мл көктамырға енгізу.

  4. Әсері болмаған жағдайда 10 мл 40% глюкоза ерітіндісіне 10 мл 2,4% немесе 1 мл 24%эуфиллин ерітіндісін араластырып 5 минут ішінде көктамырға баяу енгізу керек.

  5. 2 мл 1% морфин және 1 мл 0,1% атропин ерітіндісін тері астына салу

керек.

  1. Науқастың жағдайын қадағалау керек.

  2. Хирургиялық бөлімінде госпитализациялау керек.