- •3,Гормондардың жіктелуі
- •4.Гипофиз және эпифиз гармоны
- •9.Бүйрек үсті безінің минералокортикоидтары және глюкокортикоидтары
- •10. Жыныс безі гормондарының жалпы мінездемесі
- •17 Зәрдің физико-химиялық құрамы
- •18 Зәрдің химиялық құрамы және тұнба
- •19 Зәрдің патологиялық компоненттері
- •20 Фосфор-калий алмасуы
- •25.Гормондар және адаптациялық процестер
- •24.Стероидты гормондардың түзілуі мен қызметі.Минустральды фаза кезіндегі эстроген мен прогестеронның арақатынасы
- •23 Гормональді реттелу бұзылыстары
- •Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
- •Гормондардың әсері
- •Ішкі сөлініс бездеріи зсрттеу әдістері
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары
- •Гипофиз
- •26 Эйкозаноидтардың құрылысы Простагландиндер
24.Стероидты гормондардың түзілуі мен қызметі.Минустральды фаза кезіндегі эстроген мен прогестеронның арақатынасы
Стероидты гормондар-омыртқалы және кейбір омыртқасыз организмдердің маңызды гормондарының бірі. Олар көп клеткалы организмнің фундаментальды процестердің –қалыпты өсудің, адаптацияның, көбеюдің және метаболизмнің регуляторлары болып табылады. Стероидты гормондар көбінесе бүйрек үсті безінің қабығында , жыныс бездерінде холестериннен синтезделеді.Стеродты гормондар холестериннен синтезделеді,ол холестерин стероидогенді клеткаларға қаннан келіп түседі немесе ацетил КоА-дан синтезделеді.Бұл клеткаларда холестерин май қышқылымен қосылып,эфир түрінде цитозольдің липидті тамшыларында жинақталады да,одан ары қарай холестеразаның әсерінен мобилизацияланып, митохондиге түседі.Митохондрияладың ішкі мембраналарында холестериннің бүйірлі тізбегі қысқарады да, одан соң НАДФН2 мен оттегінің қатысуымен адреноксин және цитохром Р450 ферменттерінің әсерінен прегненолонга гидроксильденеді.Прегненолон митонодриялардан шығарылады да, одан микросомаларда прогестерон синтезделеді.Ары қарай прогестероннан глюкокортикоидтар мен минералокартикоидтар синтезделеді.Стероидты гормондар биосинтезінің лимиттеуші кезеңі-митохондрияға холестериннің өтуі және оның прегненолға айналуы болып табылады.Бұл кезең бійрек үсті безінде АКТГ арқылы бақыланады, ол холестеразалардың қатысуымен холестерин эфирлерінің ыдырау процесін кушейтеді және митохондрияларға холестериннің енуін, одан ары қарай стероидтар синтезін жеделдетеді.АКТГ негізінен глюкокортикоидтар синтезін, жартылай андрогендер синтезін ынталандырады және аз мөлшерде албдестерон синтезіне әсер етеді.Кортикостероидтардың әсіресе альдостеронның синтезін кушейтуге простогландиндер де қабілетті.Бүйрек үсті безінің экстрактынан 30 шамасындай стероидтық гормондар бөлініп алынған. Олар химиялық табиғаты жағынан өте ұқсас,олардың бәрінің құрамында пергидроциклопентанофенатрен ядросы бар. Сүтқоректі жануарлардың бүйрек үсті безінің қабығында үш түрлі гормон жасалып шығады. Олар:кортикостерон,кортизол және альдестерон. Бұл үшеуі кортикостероидтар деп аталады. Кортикостерон мен кортизол көмірсудың алмасуына қатысады. Альдестерон электролиттердің және судың алмасуын реттейді.Кортикостероидтар әсерінің механизмі. Кортикостероидтар нысана-клеткаларға енеді де, арнайы рецепторлармен қосылады. Рецепторлармен бірге клетка ядросына енеді де, сол жерде генді айқындап реттейді және транскрипцияны жеделдетеді.
Аналық безден бөлінетін басты стероидты гормондарға эстрогендер, прогестерон және андрогендер жатады. Эстрогендерге эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Эстрадиол (Е2) гранулеза жасушаларымен секрецияланады. Эстрон (E1) эстродиолдың шеткері ароматизация жолы арқылы түзіледі; эстриол (Е3) аналық бездерде қалдықты мөлшерде синтезделеді; эстроиолдың басты көзі бауырда эстрадиол мен эстронның гидроксильденуі болып табылады. Басты прогестагенді гормонға (прогестин) сары денемен синтезделетін прогестерон жатады. Негізгі аналық без андрогені, тека жасушаларымен синтезделетін андростендион болып табылады. Қалыпты жағдайда әйел ағзасындағы андрогендердің басым көпшілігі бүйрек үсті безінде синтезделеді. Эстрогендер мен прогестерон синтезіне қажетті қосылыс холестерин болып табылады. Жыныс гормондарының биосинтезі кортикостероидтар секілді өтеді. Аналық бездің стероидты гормондары бүйрек үсті безінің гормондары секілді жасушаларда жиналмайды, яғни синтез үрдісі барысында секрецияланады. Қан арнасында стероидты гормондардың басым бөлігі транспортты ақуыздармен байланысады: эстрогендер — жыныс гормондарын байланыстырушы глобулинмен (ЖГБГ), прогестерон — кортизол байланыстырушы глобулинмен (транскортин). Эстроген, прогестин және андрогендердің әсер ету механизмі басқа стероидты гормондардың әсер ету механизміне ұқсас. Эстрогендердің басты метаболиттеріне әлсіз эстрогенді белсенділікке ие катехолэстрогендер (2-оксиэстрон, 2-метоксиэстрон, 17-эпистриол) жатады; ал прогестеронның негізгі метаболиті- прегнандиол. Пебуртатты кезеңнің басталуына дейін аналық бездерде гонадотропиндерге тәуелсіз біріншілік фолликулалардың баяу өсіп дамуы жүреді. Жетілген фолликулалардың бұдан әрі қарай дамуы тек гипофиздің гормондары арқылы ғана іске асады: фолликулстимулдеуші (ФСГ), лютеиндеуші (ЛГ) гормондар; аталған гормондардың өндірілуі гипоталамустың гонадолибериндері арқылы реттеледі. Овариальды циклде екі фазаны ажыратады— фолликулярлы және лютеинді, бұл өз кезегінде екі жағдаймен сипатталады — овуляция және етеккір
