- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
- •4.Пәнді оқытудағы мақсаты
- •Пәнді оқытудың міндеттері
- •6.Пәннің күнтізбелі тақырыптық жоспары
- •7.Әр тақырыптың мазмұны
- •8.Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі
- •7.Бөж графикгі
- •8.Әдебиеттер
- •9.Бақылау түрлері
- •9.1 Білімді бақылау құрылымының формасы
- •9.2 Білімді баллдық-рейтингтік бағалау жүйесі
- •10. Академиялық тәріп саясаты
- •Дәріс сабақтарының тезистері Дәріс 1. Деректер қорлары. Негізгі түсініктер
- •Дәріс 2. Дқ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің реляциялық моделі
- •Дәріс 3. Реляциялық деректер қоры
- •Дәріс 4. Қатынастарды нормализациялау
- •Дәріс 5. Реляциялық берілгендердің бүтіндігі
- •Дәріс 6 . Ms Access. Деректер қорын құру
- •1 Сурет. Дқ терезесі
- •Дәріс 7. Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер арасындағы байланысты орнату
- •2 Сурет. Жаңа кесте терезесі
- •3 Сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы.
- •4 Сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе
- •5 Сурет. Өріс типтері тізімі
- •6 Сурет. Сан форматы
- •Дәріс 8. Формалар құру
- •7 Сурет. Жаңа форма терезесі
- •8 Сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
- •Дәріс 9. Сұраныстар құру
- •9 Сурет. Жаңа сұраныс терезесі
- •10 Сурет. Өрнек құрастырушы терезесі
- •Дәріс 10. Есептер. Диаграммалар құру
- •11 Сурет. Жаңа есеп терезесі
- •12 Сурет. Конструктор режимінде көрінген есеп құрылымы
- •Дәріс 11. Sql тілінің негіздері
Дәріс 2. Дқ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің реляциялық моделі
Мақсаты: Деректердің реляциялық моделі
Сұрақтары:
1. Қолданушылардың деректер қорына қатынасуын зерттеу.
Қолданушылармен жұмыс істеу.
Деректер қорын динамикалық дамыту және жетілдіру.
Деректер қорын проектілеу процессі 3 кезеңнен тұрады:
берілгендердің инфологиялық моделін құру
деректер қорының концептуалдық моделін құру. ДҚБЖ таңдау
деректер қорының физикалық моделін құру
Берілгендер моделі – берілгендерге қолдануға мүмкін болатын операциялардың құрылымын анықтайтын ережелер.
Инфологиялық модель пән облысын ақпараттық деңгейде сипаттайды. Объектілерді және олардың арасындағы байланысты талдау нәтижесінде пән облысы объектілерінің тізімі олардың қасиеттері немесе атрибуттары, тізімі, пән облысының құрылымы диаграмма түрінде құрылады. Әрбір атрибут үшін пән облысының қасиетттерімен анықтайтын мүмкін болатын мәндеріне шектеулер көрсетіледі. Мұндай шектеулер берілгендердің бүтіндік шектеулері деп аталады. Инфологиялық модель жеке қолданудың талаптарын біріктіреді және олардың арасындағы қатынас құралы болып табылады.
Концептуалдық модель пән облысының объектілерін және байланыстарды формальді деңгейде сипаттайды.
Деректер қорын құру процесінде модельдің тілі таңдалады және элементтері анықталады. Әрбір ДҚБЖ тек бір модельді қолданады. Берілгендер моделін және ДҚБЖ-ны таңдау бір-біріне байланысты.
Физикалық модель компьютерде берілгендерді орналастыру тәсілін анықтайды. Берілгендерге қатынасу әдісін және индексациялау тәсілдерін ескереді. Қазіргі заманға қолайлы программалық құралдарда ұйымдастырудың бұл деңгейі автоматты түрде жүргізіледі.
Сонымен деректер қорын проектінің негізгі есебі пән облысының инфологиялық деңгейін және концептуалдық деректер қорын құру болады.
Дәріс 3. Реляциялық деректер қоры
Мақсаты: Реляциялық деректер қоры мен танысу
Сұрақтары:
Реляциялық деректер қоры
Деректермен танысу
Реляциялық деректер қоры - деректер қорында сақталған барлық ақпараттан тұратын қатынастар жиыны болып табылады. Объектілір және олардың қасиеттері арасындағы кез-келген байланыс қатынас деп аталады.
Объектілір арасындағы бір объектінің қасиеті мен әртүрлі объектінің қасиеті мен объектінің қасиеттері арасындағы байланыстар қарастырылады.
Қатынас өз атауымен және атрибуттар тізімімен анықталады. Қатынас атауы қатынастың арасындағы байланыс мағынасын ашатындай беріледі.
Объектінің кейбір қасиеттерін немесе байланыстарын сипаттау үшін қарапайым, бөлінбейтін атрибут деп аталатын элемент қолданылады.
Атрибут атауымен, типімен, мәнімен және басқа қасиеттерімен сипатталады.Қатынастардың атрибуттар атауы, тізімі және олардың сипаттамалары-қатынас схемасы деп аталады.Атрибуттар сипаттамалары қатынастардың әрбір аргументі үшін мүмкін болатын мәндер облысын анықтайды. Қатынастардың нақты экземпляры кортеж деп аталады.
Нақты кортежді бір мәнді анықтау үшін қолданылатын атрибуттар немесе атрибуттар жиыны қатынастың алғашқы кілті немесе кілт деп аталады.
Қатынас математикалық
түрде келесідей анықталады:
берілгендер жиыны берілген болсын.
Онда, егер R
түріндегі реттелген N-кортеждер
жиыны болса, онда R осы жиындар арасындағы
қатынас деп аталады. Мұндағы
.
жиындары
R қатынасының
атрибуттарының
мүмкін болатын мәндер жиыны болады және
домендер деп аталады.
Сонымен қатынас
бір немесе бірнеше домендердің
декарт
көбейтіндісінің ішкі жиыны болады.
