Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д__Ж (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.06 Кб
Скачать

9.2 Білімді баллдық-рейтингтік бағалау жүйесі

Әріптік баға бойынша бағалау

Сандық бағалау эквиваленттері

Меңгерілген білімдердің проценттік мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

10. Академиялық тәріп саясаты

Білім алушы міндетті:

  • Барлық сабақтарға қатысуға және оқу процесіне белсенді қатысуға;

  • Барлық сабақтарға бар ниетпен дайындалуға;

  • ҚазЭҚХСУ білім алушыларының ар кодексін бұлжытпау орындауға;

  • Себепсіз сабаққа кешікпеуге;

  • Ұстамды, игілікті, мейірімді болуға.

Дәріс сабақтарының тезистері Дәріс 1. Деректер қорлары. Негізгі түсініктер

Мақсаты: Негізгі түсініктермен танысу

Сұрақтары:

  1. Қолданушылардың деректер қорына қатынасуын зерттеу.

  2. Қолданушылармен жұмыс істеу.

  3. Деректер қорын динамикалық дамыту және жетілдіру.

Ақпарат бұл адамдардың бір-біріне ауызша, жазбаша немесе тағы басқа тәсілдермен берілетін мәліметтер.

Компьютер соңғы жылдары құжаттарды өңдеу жүйелерін құруда жиі қолданылады. Құжаттарды ақпаратқа байланысты жүйелеуді әдетте ақпараттық жүйе деп атайды. Ақпараттық жүйе ақпаратты жинау және сақтау үшін оларды әртүрлі мақсаттарда пайдалану тиімді болу үшін қолданылады. Ақпараттық жүйені пайдалану барысының келесі ерекшеліктері бар:

  1. Олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін салыстырмалы аз есептеу қуаттары қажет.

  2. Қолданылатын мәліметтердің құрылымы күрделі болып келеді.

  3. Жүйені қосқанда алдыңғы мәліметтерді сақтайтын құрал қажет.

Басқаша сипаттағанда ақпараттық жүйе ЭЕМ жадысында динамикалық түрде жаңартылып отыратын бір қойманы пайдаланатын сыртқы әлем моделін,яғни мәліметтер базасын құруды талап етеді.

Деректер (мәліметтер) қоры бұл кейбір пән облысы объектілері туралы ақпараттың үлкен массивтерін жинау және ұйымдастыру құралы.

Пән облысы бұл басқаруды ұйымдастыру мақсатында, яғни автоматизациялау үшін зерттеуге арналған нақты әлемнің бөлігі. Пән облыс фрагменттер жиыны арқылы көрсетіледі. Мысалы, цехтары, дирекциясы, бухгалтериясы бар өнеркәсіптер.

Деректер қоры пән облысы туралы ағымдағы берілгендерді көрсету, жинақтау, сақтау керек және де әртүрлі категориялы қолданушыларына берілгендеріне жылдам қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Бұл үшін мәліметтер қорында берілгендер қандайда бір модельге сәйкес құрылым бойынша сақталуы тиіс.

Берілгендер моделі пән облысына негізгі объектілердің қасиеттерін және олардың арасындағы байланыстарды сипаттайды.

Деректер қорының тарихи даму процесінде мәліметтердің келесі молдельдері қолданылады.

  1. Иерархиялық

  2. Желілік

  3. Реляциялық

  4. Объектті-бағытталған

Айырмашылығы олардың құрылымында: иерархиялық -ағаш түрінде, желілік кез келген граф түрінде, реляциялық - кесте түрінде, объектті-бағытталған – объект түріндеболады.

Деректер қоры деректер қоры жүйесі деп аталатын күрделі жүйенің бөлігі болып табылады. Бұл жүйе құрамында деректер қоры және программаның техникалық, тілдік, ұйымдастырғыш-әдістемелік құралдары бар. Деректер қоры жүйесінің компоненттерінің бірі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ).

Деректер қорын құру үшін және олармен жұмыс істеу үшін программалық және тілдік құралдар қолданылады.

Қолдану түрі бойынша ДҚБЖ персональдық және көпқолданушылық ДҚБЖ-ға бөлінеді. Персональдық ДҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін жергілікті (локальды) деректер қорын құруға мүмкіндік береді.

Персональдық ДҚБЖ-лар: Paradox, dbase, FoxPro, Access және т.б. (Access 2000/2002 берілгендерге көпқолданушылық қатынауды қолдайды).

Көпқолданушылық ДҚБЖ-лар «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Кең таралған көпқолданушылық ДҚБЖ-лар: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase.

Деректер қорын құру және пайдалану барысында оған келесідей талаптар қойылады.

  1. Пән облысының сипатталуы шынайы болуы тиіс (толықтығы, бүтіндігі, мәліметтердің актуальдігі,қарама-қайшылықтары).

  2. Әртүрлі категориялардың қолданушылары өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  3. Интерфейстің түсініктілігі. Интерфейс жұмыс істеу ортасы.

  4. Құпиялылықты, конфединциалдықты қамтамасыз ету.

  5. Берілгендердің және программаның өзара теуелсіздігін қамтамасыз ету.

  6. Деректер қорының сенімділігін қамтамасыз ету, я берілгендерді кездейсоқ, әдейі бұзудан қорғау және жүйенің істен шыққан жағдайда берілгендерді жылдам және толық қалпына келтіру сенімділігі.

Мәліметтер құру және пайдалану, жұмысын қамтамасыз ету үшін жауап беретін тұлға мәліметтер администраторы деп аталады.

Администратордың қызметтері.

  1. Пән облысын зерттеу оны сипаттау, бүтіндік шектеулерін тұжырымдау.

  2. Мәліметтер қорының құрылымын проектілеу: деректер қорының файлдарының құрылымы арасындағы байланысты анықтау.

  3. Деректер қоры құрылымын сипаттау барысында бүтіндік шектемелерін беру және берілгендерді өңдеу процесін анықтау.

  4. Деректер қорын алғашқы жүктеу.

  5. Мәліметтерді қорғау: жүйеге кіру ретін қамтамасыз ету.Қолданушылардың деректер қорына қатынасу құқықтарын анықтау. Берілгендерді анықтау. Берілгендерді қорғаудың программалық, техникалық құралдарын таңдау және құру. Мәліметтер құралдарын тестілеу, мәліметтерді жинау. Мәліметтердің қорғанысының бұзылу жағдайларын зерттеу. Деректер қорының қалпына келтірілуін қамтамасыз ету, жүйелік журналдар тіркеуін ұйымдастыру.