- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
- •4.Пәнді оқытудағы мақсаты
- •Пәнді оқытудың міндеттері
- •6.Пәннің күнтізбелі тақырыптық жоспары
- •7.Әр тақырыптың мазмұны
- •8.Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі
- •7.Бөж графикгі
- •8.Әдебиеттер
- •9.Бақылау түрлері
- •9.1 Білімді бақылау құрылымының формасы
- •9.2 Білімді баллдық-рейтингтік бағалау жүйесі
- •10. Академиялық тәріп саясаты
- •Дәріс сабақтарының тезистері Дәріс 1. Деректер қорлары. Негізгі түсініктер
- •Дәріс 2. Дқ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің реляциялық моделі
- •Дәріс 3. Реляциялық деректер қоры
- •Дәріс 4. Қатынастарды нормализациялау
- •Дәріс 5. Реляциялық берілгендердің бүтіндігі
- •Дәріс 6 . Ms Access. Деректер қорын құру
- •1 Сурет. Дқ терезесі
- •Дәріс 7. Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер арасындағы байланысты орнату
- •2 Сурет. Жаңа кесте терезесі
- •3 Сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы.
- •4 Сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе
- •5 Сурет. Өріс типтері тізімі
- •6 Сурет. Сан форматы
- •Дәріс 8. Формалар құру
- •7 Сурет. Жаңа форма терезесі
- •8 Сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
- •Дәріс 9. Сұраныстар құру
- •9 Сурет. Жаңа сұраныс терезесі
- •10 Сурет. Өрнек құрастырушы терезесі
- •Дәріс 10. Есептер. Диаграммалар құру
- •11 Сурет. Жаңа есеп терезесі
- •12 Сурет. Конструктор режимінде көрінген есеп құрылымы
- •Дәріс 11. Sql тілінің негіздері
10 Сурет. Өрнек құрастырушы терезесі
Өрнек құрастырушы терезесінің жоғарғы бөліміне төменгі бөлімінен екі рет шертілген не пернетақтадан терілген өрнек жазылып қойылады. Оның кейбір символдарын терезе ортасында орналасқан панельден таңдауға болады. Төменгі үш блоктың біріншісінде сұраныс құруға қажетті кестелер, өрнек құруға пайдаланылатын функциялар мен оператор бумалары және т.б. орналасқан. Буманы ашып, обьектіні таңдаған кезде оның элементтері ортаншы блокқа, элемент таңдалған кезде мәндері оң блокқа кірістіріліп қойылады.
Өрнек құрастырылған соң оның сұраныс бланкісінің курсор орналасқан ұяшығына кірістіру үшін құрастырушы терезесінің ОК батырмасын шерту керек.
Ескерту. Пернетақтадан енгізілетін өрнек элементтерінің кейбірі кіші пернетақтадан терілуі тиіс.
Нәтижелік сұраныс. Сұраныста есептеулер
Сұранысты кестелерден тек қажетті берілгендерді таңдау арқылы емес, өрістерін өндеу нәтижелерінен құруға да болады. Мысалы:
топтық операция жүргізу: кестенің қайталанатын өрістік элементтерін біріктіру, нәтижелік, қиылма сұраныстар құру,
сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу (сұраныста есептеулер жүргізу), т.б.
Нәтижелік сұраныс құру технологиясы:
ДҚ терезесін ашып, Сұраныс — Құру - Конструктор командасын беру (Сұраныс режимінде Конструктор режимі терезесін ашу).
Өріс" қатарын әдеттегідей түрде толтыру.
"Топтық операциялар" жолындағы ұяшықтарға Топтастыру сөзі автоматты түрде енгізіліп қойылады. (Жол көрінбесе Сыртқы түр — Топтық операция командасын беру.) Оның керекті өрісінің ұяшығына тиісті функция енгізу (өрістің типі сандық болуы тиіс).
Терезені жауып, сұранысқа ат беру.
Сұранысқа есептелетін өpic қосу технологиясы:
ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру. Жаңа сұраныс терезесі көрінеді.
Терезенің Конструктор қатарын екі рет шертіп, Сұраныс бланкісі терезесін ашу.
"Кестені қосу" терезесінен оның жоғарғы панеліне "Кизат" кестесінің өрістер тізімін орнатып, "Кестені қосу" терезесін жабу.
Бланкінің Өріс жолына өpic атауларын көшіру.
Осы жолдың келесі бос ұяшығына қос нүкте арқылы ажыра- тып, есептелетін өріс тақырыбы мен мәндерін анықтайтын өрнекті енгізу (леп белгісінің алдында және соңында бос орын қалдырылмауы тиіс. Алғашқы енгізілген сөз құрылған сұраныс өрісінің тақырыбы ретінде қабылданады).
Өрнекті пернетақта арқылы теруге не оны "Өрнек құрастырушы" арқылы автоматты түрде енгізуге болады. Бұлардың соңғысы әрі тез, әрі мұнда синтаксистік қате жіберілмейді.
Қайталанатын өpic мәндерін есептеу
Кестенің бір өрісіне қайталанатын мәндер енгізілген болса, олардың қайталану санын көрсетуге болады.
Сұраныс құру тәсілі:
ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар – Құру командасын беру.
Керінген "Жаңа сұраныс" терезесінен "Қайталанатын жазулар" қатарын екі рет шерту. Сұхбаттық терезелері бар Қайталанатын жазуларды іздеу шебері программасы іске қосылады. Терезелерінен кесте және қажетті өріс атауларын таңдап, сұранысқа жаңа ат беру жеткілікті.
Мұндай сұраныс бір өрісінің көптеп қайталанатын мәндері бар кестеден мәліметтік кесте құру үшін ыңғайлы. Бірақ оның кемшілігі де бар: сұранысқа өрістік мәні қайталанбайтын жазулар енгізілмейді.
Қиылма сұраныс
Қиылма (перекрестный) сұраныс кестенің тандалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде көрсетеді. Ол үшін орындалуы тиіс әрекеттер:
1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар – Құру командасын беру.
2. Көрінген "Жаңа сұраныс" терезесінен "Қиылма сұраныс" қатарын екі рет шерту. Сұхбаттық терезелері бар Қиылма сұраныс шебері программасының бірінші терезесі көрінеді.
3. Терезелерде кесте тізімдерінің қажеттісін таңдап, пайдаланылатын өріс атауын таңдалған өpic бөліміне көшіру; мәндері өріс тақырыптары болатын өpic атауын таңдап, келесі терезелерге өту және соңғы терезеде қорытындысын жинақтау функциясын таңдау (Count).
4. Соңғы сұхбаттық терезеде сұранысқа ат беру.
