- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
- •4.Пәнді оқытудағы мақсаты
- •Пәнді оқытудың міндеттері
- •6.Пәннің күнтізбелі тақырыптық жоспары
- •7.Әр тақырыптың мазмұны
- •8.Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі
- •7.Бөж графикгі
- •8.Әдебиеттер
- •9.Бақылау түрлері
- •9.1 Білімді бақылау құрылымының формасы
- •9.2 Білімді баллдық-рейтингтік бағалау жүйесі
- •10. Академиялық тәріп саясаты
- •Дәріс сабақтарының тезистері Дәріс 1. Деректер қорлары. Негізгі түсініктер
- •Дәріс 2. Дқ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің реляциялық моделі
- •Дәріс 3. Реляциялық деректер қоры
- •Дәріс 4. Қатынастарды нормализациялау
- •Дәріс 5. Реляциялық берілгендердің бүтіндігі
- •Дәріс 6 . Ms Access. Деректер қорын құру
- •1 Сурет. Дқ терезесі
- •Дәріс 7. Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер арасындағы байланысты орнату
- •2 Сурет. Жаңа кесте терезесі
- •3 Сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы.
- •4 Сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе
- •5 Сурет. Өріс типтері тізімі
- •6 Сурет. Сан форматы
- •Дәріс 8. Формалар құру
- •7 Сурет. Жаңа форма терезесі
- •8 Сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
- •Дәріс 9. Сұраныстар құру
- •9 Сурет. Жаңа сұраныс терезесі
- •10 Сурет. Өрнек құрастырушы терезесі
- •Дәріс 10. Есептер. Диаграммалар құру
- •11 Сурет. Жаңа есеп терезесі
- •12 Сурет. Конструктор режимінде көрінген есеп құрылымы
- •Дәріс 11. Sql тілінің негіздері
8 Сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
Деректер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.
Элементтер панелі экранда көрінбесе, Сыртқы түр — Элементтер панелі командасын беру не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шерту. Сыртқы түр — Өрістер тізімі командасын беріп не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шертіп, Өрістер тізімі терезесін де экранға шығару
Элементтер панелінің "Аа" (Үстіне жазу) батырмасын шертіп, көрсеткіш арқылы берілгендер облысының бірінші қатарына ретімен төртбұрышты жақтаулар салу (оларды салу өдісі Paintbrush-ma обьектіні таңдау төртбұрышын орнату сияқты).
Төртбүрыш ішіне өріс атауын енгізіп, Еnter пернесін басу. Төртбұрыш тандалып, жиектеріне сегіз кішкене шаршыдан тұратын таңдау белгілері орнатылып қойылады.
Төртбүрыш объект үшін берілген орынды, ал, оның ұзындығы бөлінген орын өлшемін көрсетеді. Қажет болса, оны таңдап, форматтау әдісі бойынша қолдан қысу, ұзарту не өлшемін өзгертпей, түрлі бағытта жылжытуға болады. Жылжыту алдында көрсеткішті жиегіне әкеліп, оның ашылған қол бейнесіне айналуын күту керек.
Форма элементтері төртбұрыштар ішіне объект түрінде енгізіледі.
"Өрістер тізімі" терезесінен деректер облысының екінші қата- рына Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша өpic атауларын көшіру. Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек. Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады. Оны алып тастау үшін төртбұрышын тандап, Del пернесін басу жеткілікті.
Енгізілген басқару элементтерінің орналасуын дұрыстау. Таңдалған элементтерді жобалаушының өз қалауынша орналастыруы мүмкін. Оларды тор сызықтарының үстінде бір қатарда орналастыру және әр объект үшін қажетті ұзындық өлшемін орнату керек. Бұл әдістер 5-пункте баяндалған. Элементтерді тор сызықтарының үстінде орналастыру үшін Формат — Туралау командасын беруге болады.
Ескерту. Таңдалған төртбұрышты жылжыту мен өлшемін өзгертуді курсорды басқару пернелері арқылы орындаған жеңіл. Қосымша Ctrl пернесі басылып тұрылса, төртбұрыш жылжиды, Shift пернесі басылып тұрылса, өлшемі өзгереді.
Басқару элементтерін таңдап, форматтау панелінің "Масштабтау" батырмасы арқылы өлшемдерін өзгертуге де болады.
Файл — Алдын ала көріп шығу командасын беріп, форманың құрылған форматын көріп шығу.
Конструктор режиміне қайтып оралып, қажет болса, элементтерді қайта форматтау. (ESC пернесін басып не Сыртқы түр — Конструктор командасын беріп, режимге қайтып оралуға болады.)
Констуктор режимі терезесін жабу. Форма құрылымын өзгертуді растау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Иә батырмасын шерту.
Атау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Access тағайындаған атауды қалдыруға не жаңа атау беруге болады.
Құрылған формада деректер облысының бірінші қатарына енгізілген басқару элементтері өріс атаулары түрінде жазылып, екінші қатарға өрістер тізімінен көшірілген элементтердің орнына деректер енгізіліп қойылады.
Форманы көріп шығу үшін ДҚ терезесінің "Форма" қондырмасын ашып, атауын таңдау және аспаптар панелінің "Көріп шығу" түймесін шерту керек.
Бағандық форманы қолдан құру да қиын емес.
