- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
- •4.Пәнді оқытудағы мақсаты
- •Пәнді оқытудың міндеттері
- •6.Пәннің күнтізбелі тақырыптық жоспары
- •7.Әр тақырыптың мазмұны
- •8.Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер тізімі
- •7.Бөж графикгі
- •8.Әдебиеттер
- •9.Бақылау түрлері
- •9.1 Білімді бақылау құрылымының формасы
- •9.2 Білімді баллдық-рейтингтік бағалау жүйесі
- •10. Академиялық тәріп саясаты
- •Дәріс сабақтарының тезистері Дәріс 1. Деректер қорлары. Негізгі түсініктер
- •Дәріс 2. Дқ проектілеу кезеңдері. Берілгендердің реляциялық моделі
- •Дәріс 3. Реляциялық деректер қоры
- •Дәріс 4. Қатынастарды нормализациялау
- •Дәріс 5. Реляциялық берілгендердің бүтіндігі
- •Дәріс 6 . Ms Access. Деректер қорын құру
- •1 Сурет. Дқ терезесі
- •Дәріс 7. Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер арасындағы байланысты орнату
- •2 Сурет. Жаңа кесте терезесі
- •3 Сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы.
- •4 Сурет. Кілттік өріс құру сұралатын терезе
- •5 Сурет. Өріс типтері тізімі
- •6 Сурет. Сан форматы
- •Дәріс 8. Формалар құру
- •7 Сурет. Жаңа форма терезесі
- •8 Сурет. Форма терезесі. Элементтер панелі.
- •Дәріс 9. Сұраныстар құру
- •9 Сурет. Жаңа сұраныс терезесі
- •10 Сурет. Өрнек құрастырушы терезесі
- •Дәріс 10. Есептер. Диаграммалар құру
- •11 Сурет. Жаңа есеп терезесі
- •12 Сурет. Конструктор режимінде көрінген есеп құрылымы
- •Дәріс 11. Sql тілінің негіздері
5 Сурет. Өріс типтері тізімі
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң батырмасын шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті (не аспаптар панелінің Кілттік өріс батырмасын шертуге болады). Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылады.
Ескерту.
Конструктор терезесінің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес.
Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек.
Кестеге жаңа өpic қосу қажет болса да, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.
Жаңа кесте құру үшін Кестелер — Конструктор командасының берілуі тиіс.
Өріс қасиеттері
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері — оның типі мен өлшемі.
Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де, ал жаңа кесте үшін қолдан орнату да мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі-түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылады. Мысалы, мәтіндік типті өріс өлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруға не өріс ұяшығына енгізілетін деректердің ең ұзыны сыятындай етіп, басқа санды, мысалы, 15-ті енгізуде мүмкін.
Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мұнда ескеретін жайт — қасиеттер құрамында "Қолтаңба (подпись)" жолы да бар. Ол — формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.
Сандық типті өріс қасиеттерін орнату. Сандық өрістер бүтін не нақты сандар енгізілетін өрістер болып екіге бөлінеді. Конструктор режимінде бүтін сандық өріс таңдалған кезде Жалпы (Общие) панелінің (қондырмасының) пішіні 1 кестеде кескінделген. Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру не өрісті бапқа келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын (қажет болса, ондық таңбалар санын) орнатып қою керек. Қондырмада типке сәйкес тізімді экранға шығару үшін көрінген сәйкес қатардың тандалуы тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық батырмасы пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек. Мысалы, өріс өлшемі үшін экранға шығарылған тізімнен Ұзын бүтін (длинное целое) қатарын шерту. Тізім ашылады. Тізімде көрінген Байт — [0; 255], Бүтін - [-32708; 32767], Ұзын бүтін - [-2147483648; 2147483647], Жылжымалы нүктелі - [1.401298E-45; 3.402823Е+38] сәйкес аралықтарда сақталатын сандар.
1 кесте.
Жалпы (Общие) панелінің (қондырмасының) пішіні
Размер поля |
Длинное целое |
Формат поля |
|
Число десятичных знаков |
Авто |
Маска ввода |
|
Подпись |
|
Значение по умолчанию |
|
Условие на значение |
0 |
Сообщение об ошибке |
|
Обязательное поле |
Нет |
Индексированное поле |
Нет |
Қондырмадан Өріс форматы қатарын тандап, қатарда көрінген тілсызық батырмасын шерткен кезде керінетін тізім 6.суретте көрсетілген.
