Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ерте 2017 Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.22 Кб
Скачать
  1. Бала өмірінің 2-ші жылы.

  2. Сөйлеудің белсенді сөздік қорының дамуы.

Өмірдің екінші жылы-сөйлеу тілінің барлықжағының құрылу кезеңі.Ересектерге еліктеуден туған сөздері 200-300 сөзгедейін жетеді;бала тілінде қысқа фразалар пайдаболады,сөйлеу тілі ересектермне қарым-қатынас құралы ретінде дами түседі.

Тілді түсінуінің дамуы

Баланың тілді түсінуі заттармен танысу нәтижесінде дамиды.Бала екі жасында әрекеттерінің атын меңгере бастайды.Балаларды 1 жас 6 айынан бастапзаттардың сапасына,жағдайына,оны кай кезде қолдануына назар аударту қажет Мысалы:«Қарашы,менде кішкентай доп бар,ал сенде үлкен»,«Қарбыз қызыл және тәтті екен» деп оның назарын аударып отырған жөн.Алайда бала бұл кезеңде бұл белгілерді айта алмайды.

Бұл кезеңде балалар көп қателеседі,мысалы бір затты балаға көрсетіп кейін оны бірнеше заттың арасына салып іздеп тап десе таба алмайды.Ол заттарды бір-біріне ұқсастырып,ажырата алмайды.

Сол үшін, балалр затты әр түрлі күрделі жағдайларда шатастырып алмас үшін арнайы жаттығулар жүргізеді..Балаларды әсіресе,1 жас 6 айынан кейін заттарды,яғни сыртқы жағынан ұқсас заттарға ажыратуға немесе дыбысталуы ұқсас заттарды ажыратуға дағдыландыру қажет.

Ересектер балаларға заттардың атын айтқызып үйретіп отырып,бала заттарды дұрыс айту қабілетіне ие болады.

Екі жастың соңында,сөйлеу-жест немесе іс-әрекет сияқты комплексті жауап қайтарылуы үлкен нақтылыққа ие болады.

Балаларды өмірінің екінші жылында талдап,қорыту мүмкіндігі құрыла бастайды.Бұл-сөйлеу әрекетін сипаттайтын негізгі қасиет.

Н.Х.Швачкина 1 жас пен 2 жас 6 ай аралығындағы балалар үшін талдап қорыту/қ 3 стадиясына көрсетті.

1. Көрнектілік талдап қорыту,жинақтау көзге өте айқын көрінетін,түстері қанық заттарға топтастыру.Бұл стадияда балаға:«Үтік қайда көрсетші?»дегенде бала қызыл түсті заттардың барлығын көрсете бастайды,өйткені оған алғаш рет қызыл түсті үтік көрсетілген болатын.

2.Жинақтау/қ екінші сатысында бала заттарды көру арқылы қабылдап қалады.Бала өзі қолоданған заттың түсін,түрін біліп,оның атауын жаттап алған сооооооң,оған дәл сондай бірақ түсі басқа,көлемі басқа затты берсе онда ол оны басқаша қабылдайды.

3.Екінші жылдың аяғы – үшінші жылдың басында балалар таныс заттарды обьектілерді ойыншықтар мен түстерді және формаларды тану мүмкіндігіне жетеді. Ерте жаста қатынас көп жағдайда таным әдісне тәуелді.

Енді міндетті түрде қарым-қатынас даму мүмкіндіктеріне тоқталу қажет.

  1. Басты рольді – адамдар арасындағы қатынас алады.Соның барысында ересектер мен балаларөздерінің көңіл-күйлерімен,бақылау қорытындысымен бөліседі.Өз қалауларына тоқтайды.

  2. Қарым-қатынас мүмкіндігінің кезінде ең басты рольді баланың заттың әрекетінің жеке тәжірбиесі алады.(А.В.Запорожец,М.М.Кольцованың зерттеулерінен)Заттар мен сөздердің арасында,олардың мағынасы(тек қана көріп,есту арқылы емес,сонымен бірге тактильді,кинестетикалық)арасындағы байланыс әртүрлі болса,қарым-қатынас одан әрі дами түседі.

  3. Қарым-қатынастың дамуы үшін белсенді сөйлеу тілі үлкен маңызға ие.Мұны қолдану арқылы заттың қабылдаудың сенсорлы типі құрылады.Бұл жаста балалр заттар модель түрінде немесе ойыншық сурет түрінде берілсе тани алады.Бұл дағды бала үлкенірек жаста(өмірінің 3-ші жылында!заттардың сапасын ажыратуға үйренуге керекті болып табылады. Мысалы,қубиктерді,пирамадаларды түсінеқарай жинақтау.Құыршақпен,ойыншықпен жақындап танысып,ойнап жүрген балаларға тен ол заттарды таныстырып қоймай,олармен бір қатар әрекеттер жасап көрсетуі керек. Тек қана бір затты көрсетумен шектелмеу керек. Суреттерден заттарды тани білу осы кезеңде,осы жаста құрылатын қарым-қатынастың бір бөлігі болып табылады.

Суретті көрсету кезінде балаларды сөзбен жауап беруге үйрету керек.

2 жасар баланың сөйлеу тілі

Сөйлеудің белсенді дамуы сөздік қорына мінездеме

Әр түрлі жағдайда айтылған сөздерден балалардың өзіндік іс-әрекетін бақылауға болады. Екі жастың аяғында, әсіресе өмірінің үшінші жылында, бұл сөздік ойындар өз кезегінде шығармашылық сөзге айналады. Өз бетімен құраған сөздер мен сөз тіркестері баланың ерекше тілдік қарым-қатынасының дәлелі. Д.Б.Эльконин былай деп жазады: «Ең бірінші бала тілді меңгеру кезінде, сөздің дыбыстық жағын қарастырады. Бірақта «сөздік ойындар» – белсенді сөйлеу тілін қолданудағы жалғыщ тәсіл емес. Сөздерді түсінудің жылдам дамуы, ересектермен қарым-қатынас негізінде кеңейе түседі. 1 жас 6 айында баланың сөздік қоры 30 сөзге жетеді. Ал екінші жарты жылдықта баланың сөздік қоры едәуір көбейеді. Яғни 200-300-ге жетеді. Оның сөздік қорында заттардың атауы ғана емес сонымен қатар заттың сандық қатынасын, олардың іс-әрекетін ұғына бастайды. Мысалы, (есімдіктер осында, мұнда, солай және т.б.) жекеленген сын есімдер (үлкен, кіші, жақсы, жаман), еліктеу сөздер (му-му, би-би) тура сөздерге ауысады сиыр, машина).

Әдебиеттерде нақты көрсетілген, баланың сөйлеу тілі отбасында жақсы дамиды. Ертегі жастағы балалар үлкендердің сөзін жеңілдікпен қабылдайды.

Сөйлеудің ерекшеліктері:

2 жасар балалардың сөзі фонетикалық жағынан дамымаған. 4 жасқа дейін дыбыстарды тастап кету (машина-«атина») дыбыстарды алмастыру (ручка-лучка, қағаз-дағаз) дауыссыз дыбыстарды меңгеру кезінде олардың жұмсарып айтылғанын байқауға болады.

Столь (столь) зубь (зюбь) кейде ата-аналар балаларын еркелетіп, олардың былдыр сөзіне қызықтайды. Егер оны уақытында түзетпесе, ол балада қалыптасып кетеді.

Жаттығу 1

Түстерді ажырату, дидактикалық жаттығу «паравоз»

Мақсаты:

Балаларға түстерін атын, атату, олардың ерекшелігін түсіндіру у дыбыстарын айтуды жаттықтыру.

Тапсырма барысы:

Балалар қатар-қатар отырады. Столдың үстінде үш түрлі немесе екі түрлі карандаш (кіші балаларға) жатады. Тәрбиеші үстелдің үстінен кез-келген карандашты алып, оның түсі қандай екенін атау керек.Жаттығу 2-3 рет қайталанады. Сосын тәрбиеші анықталған түстегі қарындашты табуды ұсынады:

Мысалы: қызыл қарындашты тап.

Тәрбиеші қарындаштарды жинап алғаннан кейін балаларға ойыншық паравоздарды көрсетеді. Паравоздың қалай уілдейтінін тыңдауға шақырады. У-у-у (анық және дауыстап айту керек; балаларға гуілдеп паравоздың дауыстап даусын шығару ұсынылады (топпен немесе жеке)

Ерте жастағы дыбыс шығарудың жетекшілігі ішкі факторларға (дамудың ерекшелігі, денсаулық жағдайы) және сырты (өмірдің жағдайы, тәрбие) байланысты болып келеді. Сондай-ақ дамудың ерекшелігіне есту қабілетінің дамымауы мен сөйлеу аппаратының дамымауын атап өтуге болады

Есту қабілетінің жеткіліксіздігі мысалы, сөзді қабылдаудың толымсыздығына әкеліп соғады. Сөйлеу организмінің жетілмеуі: тек екі жастың соңына таман балаларда сүт тістері шығады.

Суреттерге қарау.

Балалар суретке деген қызығушылығын 1жастың аяғында 2жастың басында білдіреді.Екі жаста бала беттерді ауыстыруды үйренед3,сондықтан оларға,фонерге және кордонға жабыстырылған суреттерді көрсету қажет

Сөйлеу тілін дамытумен жұмыс істеу

Екі жастағы бала көрген заттарын өздігінен айта алмайды.Сондықтан оларға әр затты түсіндіріп,есте сақтауына әрекет жасау қажет.Мысалыға:кубикті алып кел,кубикті бер деген-сөздер арқылы дамытуға болады.1жас 6ай балағаәр түрлі дамыту жағдайларын өлең не тақпақ айту арқылы үйретеді.Баланың сөйлеу тілін дамыту үшін:суреттерді көрсету керек,заттарды тығып,не тыққанын сұрау арқылы дамыту қажет.Жаттығуларбарысында ұлттық ойындарды да қосуға болады:Мысалы шапалақ.

Екі жастағы баланы оқыту үшін және оның ойын дамыту үшін тәжірбиелік ойындар ұйымдастыру керек.Баланы екі жаста сөйлеуге үйрету қимыл қозғалыс арқылы жүзеге асып отырады.Бала өз бетімен дұрыс және белсенді бола алмайды,сондықтан да ересектер көмектесу керек.Оларға 1-2 жаттығу аздық етеді,сондықтан оларға аптасына 2-3рет ақырындап жаттығуды жасату керек.Мектепкее дейінгі жастағы балалардың саны олардың жастарына байланысты жаттығулар жасалынады.Жаттығуға қатысушылардың саны олардың түрлерімен анықталады.Ойыншықтарды нұсқау арқылы ауладабақылау арқылы балалардың қимылын байқай аламыз.Мынадай жаттығулар.кубикті көрсетіп,суреттерін айналдыра отырып,оның атын айтқызу кререк.Балалардың санына қабілеттеріне байланысты жаттығулар жасалынады.Балалардың қабілеттері төмен болса,жаттығулар жасайтын балалар саны аз болады.Екі жастағы баланың жас ерекшелігі-назар аударуы толық дамымайды.Оны түсіндіру үшін ересектер оны қолмен нұсқап көрсету керек.Ең маңыздысы баланың өзі көрсетіп,өзі ұстап алып беріп,ересек адамның не сұрағанын түсіну қажет.Баланы қызықтыру-жаттығу барысында ұйымдастырылады(Экскурсия,жануарларды бақылау)Бала осы жаттығулар арқылы өзіне таныс заттарды көріп біліп және үлкендердің айтуы бойынша заттардың атын қайталауы мүмкін.Бұл жаттығулар балаларды қуантады және ересектердің өзіне көңіл аударуын көрсетеді кейде балалар сол сөздерді өздері айтып жатады.Мысалы.Тышқан мен мысық ойындары арқылы балалардың қимыл-қозғалысын дамытуға болады.Келесі тәсілдер картинка жаттығулары арқылы қолданылады.Бұл фонерге жабыстырылған сурет болуы мүмкін,картинадағы түрлі бейнелер болуы мүмкін В.А.Петрованың әдісі бойынша картинкадағы суреттер жеміс жидектер бейнелеу керек(бұны ана дүкеннен сатып алады)

2 жастан 3жасқа өткен баланың сөздік қорының қарқынды артуы мен сөздігі түсіндір

2 жастан 2жас 6 айға дейін

2 жасында бала қоршаған адамдардың сөйлеу тілінің мән-мағынасын түсіне бастайды.Баламен бұл кезеңде тек қана дәл осы уақытта болып жатқан көрініс жайлы ғана емес,сонымен қатар балаға таныс болып қалған өткен және болашақта болатын құбылыстар жайлы да әңгіме айтуға болады.

Сөздерді фразаларды оңай айтады және тақпақтарды оңай қайталайды.

Сөздік орнына келер болсақ олар таныс емес сөздерді және фразаларды естіп сөздік қорлары кеңейеді.Және де «Қайда?»«Қашан?»«Неге?»деген сияқты сұрақтарпайда боады.Бұл сұрақтар талпынысты,бір нәрсені білуге деген құштарлықты білдіретін сұрақтар

Ал олардың грамматикалық қатарына келсек,олар грамматикалық дұрыс болмасада бірнеше сөздерден құралған күрделі сөйлемдер құрай бастайды.

Оларда бұл кезеңде сөйлеу тілі тек улкендермен қарым-қатынаста қолданатын құрал емес,сонымен қатар кішкентай балалрмен,құрдастарымен де қарым қатынаста қолданатын құрал болып табылады.

Балаларда интонациясы жақсы қалыптасып,яғни бала әртүрлі эмоциямен сөйлейді.

Яғни осы кезеңді қорытындылай келе бала 2 жасқа келгенде балалардың сөддік қоры 300 сөзге жуық болады.Осы кезеңде белсенді сөздікке қарағанда енжар сөздік қоры көпболады.жекеше және көпше түрдегі атау септігі,зат есімдердің табыс септігі анықтала бастайды.

2 жас 6 айдан 3жасқа дейін

Ересектердің әңгімелерін түсініп,әңгіме арасында сұрақтармен киліге бастайды.Туысқандық түсінікті білдіретін жалпылау сөзер қалыптасады.Сөздердің мағнасы анықталады.

Естіген тақпақтары мен өлеңдерді оңай айтады.Сөздік қорына барлық сөйлеу тілінң барлықбөліктері,сөйлем мүшелері кіредіСөздік қоры 1000сөзге жуық сналады.

Сөйлеу тілінің грамматикалық қатарына келер болсақ грамматикалықжағынан дұрыс бола бермеседе олар курделі фразалармен сөйлей батайды.

Көрген-білгендерін бірнеше қысқа,узік-үзік сөйлемдермен жеткізеді.

Оларға ересектер сұрақ қою арқылы олар ертегі және әңгімелердің мазмұнын айта бастайды.

Артикуляциясына келсек:р және ысқырық дыбыстардан басқа дыбыстарды негізінен дұрыс айтады.

2 жастағы бала көргенін түсіне бермейді.Сол үшін қандай да бір тапсырма бермес бұрын,оған көмек бері қажетғяғни ескерту қажет,түсіндіріп,іс-әрекеттік орындалуын көрсету қажет.

Олармен әңгіме үшін серуендеп,болмаса терезеден құбылысты бақылауды қолдану креек.Мысалы:«Онда кім келе жатыр?»«Ол не әкеле жатыр?»деген сияқты сұрақтар қойып зейінін тұрақтандыру қажет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]