Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік Е. А. Бөкетов атындағы университеті
Физика-техникалық факультеті
Проф. Ж. С. Ақылбаев атындағы инженерлік-жылуфизикасы кафедрасы
Реферат
Энергия үнемдеу
Тексерген: Сатыбалдин А. Ж.
Орындаған: ТЭК-210 тобының студенті Махмутова Т. А.
Қарағанды 2017 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Энергия үнемдеудің мацыздылыеьі және мумкіншілігі
Энергия үнемдеудің ұсынылган шаралары
Энергия үнемдеу саясатын жузеге асыру жөніндегі Үкімет рөлі
Қортынды
Пайдаланылған әдебиттер тізімі
Кіріспе
Электр энергетика дүниежүзілік энергетикалық шаруашылықгың бір бөлігі. Оның қал-жағдайын және даму болашағын кебінесе бүкіл дүниежүзілік энергетиканың болашағы және оның қормен қамдануы анықтайды. Сондықтан электр энергетика аумағындағы негізгі үрдістерді (тенденция) талдауды дүние жүзіндегі энергетиканың жалпы мәселелерімен байланыстыра жүргізген дүрыс болар.
Өзіндік даму жолына түскен және едәуір отын-энергетикалық қорға ие Қазақстан үшін барлық дүние жүзінің және жеке мемлекеттер энергетикасының жағдайы мен дамуының негізгі үрдістерін талдауды жүйелі түрде жүргізіп түру өте маңызды. Бүл әсіресе үзақ мерзімді энергетикалық саясатты қалыптастырғанда және дүниежүзілік рынокка шыққанда қажет.
Дүние жүзіндегі органикалық отынның шығарылатын қоры 6,3 трлн.т. ш.о. (шартты отын) деп бағаланады да отын түрлері бойынша былай белінеді: тас және қоңыр көмір. 76%, Мүнай және шық (конденсат) 19%, табиғи газ 5%
Көмір дүниежүзілік отын — энергетикалық теңестікте (баланста) маңызды орын алады. Көмірдің өте үлкен қорының болуы дүниежүзілік алғашқы (первичная) энергияның үштел бірін және электр энергия өндіру үшін пайдаланатын жанарғының (горючее) 40% -ін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жақын (болашақта) Азия мен Австралияда, соның ішінде дүниеде көмір өндіру бойынша 8-ші орын алатын Қазақстанда, комір негізгі энергия козі больш қала береді.
Пайдаланатын алғашқы энергетикалық қордың негізгі түріне мүнай мен газ жатады.БҮҮ-ның статистикалық мәліметтері бойынша алғашқы коммерциялық энергетикалық қорлардың, яғни көмір, мүнай, шық, газ және т.б., жиынтық өндірілуінің өсу қарқыны дүние жүзінде соңғы жылдары өте төмендеді. Өндірудің жылдық өсімі 60 млн.т, ш.о. немесе 0,6%-тей болды. Әр түрлі алғашқы энергетикалық қорларды өндіруде айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Мүнай, шық және газды ондіру өссе, қатты отындарды өндіру азайды.
Дүниежүзілік энергия теңестігінде газ үлесінің осуі негізінде оны электр энергияны өндіруге көбірек пайдаланудан болғаны баршаға мәлім. БҮҮ-ның статистикасы бойынша уранның дүниежүзілік өндірілуі 36000 т-ға жетті, оның үштен бірі Солтүстік Америкада (төрттен бірі АҚШ- та), 19%-і Африкада (негізінде ОАР мен Нигерияда), соншама Азияда (негізінде Қазақстан мен Өзбекстанда) және ширегіндей Еуропада (негізінде Ресей, Украина және Франңияда) өндірілді.
