Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.51 Кб
Скачать

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттр болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес.Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды. Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік база болып табылады. ҚР Президенті 2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және Кейбір заңнамалық актілерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарына қол қойды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Бұл өз кезегінде Заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шаралар кешені.

Өнеркәсіп барлық электр энергияның 70% жоғары тұтынатындығын атап өту қажет. Кешенді жоспар шеңберінде олардың 50/50 (50% қаржыландыру – бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты, қалған 50% - бұл мемлекеттік бюджет) энергия аудиті жүргізілді. Энергия аудиті қорытындылары бойынша электр энергетиканы қоса алғанда, өнеркәсіптің энергияны қажетсінуін төмендету үшін жүйелік шаралар өңделді. Энергия ресурстардың көп өндірілмеген шығындарды біз тұрғын үй және бюджеттік секторда көреміз, осыған байланысты өткен жылдан бастап осы сектордағы бюджеттік қаражатқа «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамытуорталығы» АҚ энергия аудитін жүргізді.

Жалпы электр энергиясының 70 %-ы ғимарат, 15 %-ы тамақ, 10 %-техникалық бұйымдар, 5%-ы жарықтандыруға кетеді екен. 2011 жылы 7 қалада автоматтандырылған есептеу санау жүйесі енгізілді.Ең жоғары көрсеткіш электр энергиясын өндіру. 2011 жылы 86,2 млрд. кВт. сағатына, яғни, 1990 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4 %-ға өсті. 2011 жыл электр энергиясын тұтыну 2011 жыл 88,1 млрд. кВт.сағат, бұл 2010 жылдан 6% көп. Энергетиканыҗ Қазақстандағы компаниялары: «Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты», «Самрұқ-Энерго», «KEGOC», «Алатау Халық компаниясы», «Алматы Энергосбыт», «Алматы Энерго станциясы», «Ақтөбе ТЭЦ-і», «Астана Энергосбыт», «Атырау жарық», «Уран Энерго». Қазақстанда 70% электр энергиясы көмірден, 14,6 % су қорларынан, 10,6 % газ және 4,9 % мұнайдан өңделеді екен: 1. Жылу энергетикасы Қазақстанға 37 жылу электр станциясы көмірмен жұмыс істейтін Екібастқз, Майтөбе, Торғай, Екібастқздағы ГРЭС-1 қуаты 2250 МВт. 2. Атом энергетикасы қазір жұмысын тоқтатты, 1973-1999 ж.ж. үнемі электр энергиясын өндіріп отырды. 3. Су электр энергиясы – негізгі көзін Іле, Сырдария, Ертістен алады. Ірі ГЭС-тер: Бұқтырма, Шульба, Өскемен, Қапшағай, 10% электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 2011 жылы желтоқсанда Мойнақ ГЭС-і , болашақта Бұлақ ГЭС-і, Кербұлақ ГЭС-і іске қосылады. 4. Жел энергетикасы Қазақстанда дамымаған, бірақ Жоңғар қақпасы мен Шілік аумағында желдің орташа жылдамдығы 5-тен 9 м/с. 2011 жылы 8-желтоқсанда Жамбыл облысында тұңғыш жел және электр станциясы Қордайда іске қосылуда, қуаты 1500 кВт . 5. Күн энергетикасы бізде көп емес.