Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модуль 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.28 Кб
Скачать

1-МОДУЛЬ.

1-2 дәріс. Кіріспе. Дидактика негіздері. Дидактика тарихы

Дәрістің мақсаты: Дидактика негіздерін және оның даму тарихын студенттер білу керек.

Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, білім беру, оқыту, тәрбиелеу) – білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және түрлерін, формаларын, жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастырады. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.

Дидактика – оқытудың теориялық негіздерін оқып-зерттейтін және оқытудың жаңа технологияларын құрастыратын педагогиканың маңызды саласы

Дидактиканың зерттеу пəнi – оқыту мен  оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.  

Зерттеу пəнi аясына байланысты жалпы жəне жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы   дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерiн қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу   пəнiнiң мазмұнын, барысын, түрi мен əдiстерiн зерттеуiне қарап оқыту əдiстемесi деп аталады.  Мысалы, математиканы оқыту əдiстемесi, тарихты оқыту əдiстемесi.  

Дидактика əрi теориялық, əрi қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық жəне   қолданбалы қызметтер орындайды.

Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметi: бiлiм беру мен   оқыту процестерiнiң мəнi мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерiн, ұйымдастыру формалары мен əдiстерiн зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметi: бiлiм мазмұнын оқыту мақсатына   сəйкестендiру, оқыту принциптерiн белгiлеу, оқытудың тиiмдi əдiстерi мен ұйымдастыру   формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгiзу.  

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру)   пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу,  оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құралдары,   оқытудың нəтижесi.

Дидактика тарихы

       Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko -  оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.  

Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.

Дидактика терминін неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын «дидактика» немесе «сабақ беру өнері» деп атаған еді.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592—1670). Я. А. Каменский 1657 жылы өзiнiң   ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне   ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Заманауи ғалымдардың зерттейтiн сұрақтары:   кiмдi, қашан, қайда, неге оқыту.  

         XVII ғ. швейцар педагогы Иоганм Генрих Песталюци (І746-1827) дамытып оқыту приициптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінін, негізін жасады.

Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж.Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды.

         ХVІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы (Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті – оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту) және материалдық білім беру теориясы (оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру).

XIX ғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Ол оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алысқа», «қарапайымнан күрделіге» және т.б. 33 заңды және ережені анықтап берді.

Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есксру, жағынан қашыққа, оңайдан күрделіліке кошу т.б.

Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.

ХІХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені К.Д.Ушинский жасады. Ағартушылық философиялық идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық және материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойлауды дамытудың, оқушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін қалыптастырудың, оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің арақатынасының сұрақтарына жауап берді.

Оқыту теориясының дамуына Н.К.Крупская үлес қосты. Оның оқытудың мазмұнына және әдістері, мұғалімнің сапалары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді.

А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі және көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке оқытудың негізін салды.

Өткен ғасырдың 70-і жылдары білім мазмұнына оқытудың дамытушылық және тәрбиелеушілік функциясын арттыратын жаңа компоненттері енгізілді – шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүние жүзіне, бір-біріне тәрбие эмоционалдық-құндылықтық қатынас. Мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді.

Өткеннің дидактиктерінің оқушылардың білімді белсенді меңгеру керек деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінде олардың дербестігін дамытудың қажеті сипатына ие болу арқылы өз жалғасын тапты.

Осы бағытта дидактиктер және психологтар (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) проблемалық оқыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың мәселелері зерттелінді.

Дидактика үшін оқыту психологиясы (Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б.) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын құрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі.

Дидактиканың дамуына озық тәжірибені жалпылау, жаңашыл-педагогтардың (Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б.) ізденістері септігін тигізуде.

         К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

         Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.

         Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабасв, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектесіп, бір сыпыра үлестерін косты.    

         Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сөзімін оятатын жол.

         Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде рус тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламалары авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерге тиымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

         Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Тошкент қаласында («Түркістан баспасоз махкамасы») шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. Рубинштейннің (1889-1960), А.А. Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

         Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой-пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.

3-дәріс. Оқыту түсінігі, оның принциптері. Оқыту процесінің заңдылықтары

Дәрістің мақсаты: Оқыту түсінігімен және оның принциптерімен және оқыту процесінің заңдылықтарымен студенттерді таныстыру.

Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала   жоспарланған iс -əрекет.  

Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн   қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды,   тұлғалық қасиеттер жиынтығы.  

Оқыту процесi - бiлiмдi, бiлiктiлiк пен дағдыны меңгертетiн, оқушылардың   дүниетанымын, күш-қайратын, қабiлеттерiн тəрбиелеп дамытатын iс-əрекет барысы. Оқу   барысында оқушының сана-сезiмi, адамгершiлiк қасиеттерi, эстетикалық талғамы, тұлғалық   қасиеттерi қалыптасып дамиды.  

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшелiктерiне назар аударайық.   Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, əдiс тəсiлдерi мазмұны мен   мiндеттерi қоғам талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.

Оқыту - таным процесi. Танымның ерекшелiгi оқушыда бiлiмге деген қызығушылығы   ұдайы өсiп арта түседi.   Оқытудың мiндетi – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам дамуының негiзгi   заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгiлi болған, зерттелiп   дəлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды əрi қарай дамыта түседi.   Оқытуда ғылым негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның əдiстерiмен танысу,   ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негiзi. Педагогикалық процесс өзiне тəн негiзгi екi белгiнi: организмнiң   өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек жəне жеке бастың жан-жақты жетiлуiн түйiстiредi.   Баланың өзiндiк дамуына əсер ететiн негiзгi фактордың бiрi - өзара қарым-қатынас жасау   iс-əрекетi. Сөйтiп, оқыту процесi – мұғалiмнiң баламен үнемi рухани қарым-қатынаста,  ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етедi. Оқыту процесiнде бала тек мұғалiмнiң əсерiн  қабылдаушы ғана емес, оның оқу iс-қимылы мен өзiнiң психикалық процестерiн басқару,   ұйымдастыра бiлуi (iс-əрекетiн бiлуi, бағалауы, өзiн-өзi басқаруы) оқытудағы субъектi екенiн   айқындайды. Оқыту процесiнде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тəсiлдерiн қолдануға   жəне дербес шығармашылық əрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту –   баланың рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек,  оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.

Л. С. Выготскийдiң баланың  дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегi күнгi дамуына   емес, ертеңгi күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi зонасы''   болатынын айтады. ''Бiрiншi зона'' – бала дамуының қазiргi қол жеткен сатысы, осыған   қанағаттанып қоймай, мұғалiмнiң оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екiншi   зонаға'') жеткiзуге мiндеттi екендiгiн айтады.  Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегi оқу мен оның өздiгiнен оқуына тығыз   байланысты. Оқушының ойлау қабiлетiнiң дамуына оқу процесiнде қолайлы жағдай туады. Бiлiм   мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.  

Оқыту - екi жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалiм-нiң өзара бiрлесiп жасайтын   əрекетiнен тұратын күрделi процесс. өйткенi, оқыту – мұғалiмнiң бiлiм берудегi негiзгi iс-əрекетi   болса, оқу – баланың өзiнiң танымдық, практикалық əрекетi. Сөйтiп, оқушының таным əрекетi   мұғалiмнiң басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.  

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалiм оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелi   қамтамасыз етуi үшiн оқыту процесiн жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.   Оқушы бiлiмдi қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертiлген жолмен мұғалiмнiң жəне арнайы   жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi.   Сөйтiп, оқыту процесi оқушылардың жас ерекшелiк-терiнiң сəйкестiгiн ескере отырып,   таным қызметiнiң формасы мен əдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.  

Оқыту – бұл күрделi процесс. Ол тұлғаға бiлiм беру, тəрбиелеу жəне ақыл-ойы мен   творчестволық қабiлетiн, демек бiлiктiлiгi мен дағдысын дамыту негiзiнде жүзеге асырылады.   Мұның мəнiсi, жеке тұлғаға бiртұтас (комплекстi) ықпал жасауды көздейдi. Осы негiзде, оқыту   процесiнiң бiрiншi қызметi – оқушыларға бiлiм беру. 

Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар:

1. Оқытудың мақсаты тәуелді: а) қоғамның дамуының деңгейіне және қарқынына; б) қоғамның сұранысына және мүмкіншілігіне; в) педагогика ғылымының және практикасының даму деңгейіне және мүмкіншілігіне.

2. Оқытудың мазмұны тәуелді: а) қоғамдық сұранысқа және оқыту мақсатына; б) әлеуметтік және ғылыми техникалық прогрестің қарқынына; в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне; г) оқытудың теориясы мен практикасының дамуының деңгейіне; д) оқу орындарының материалдық техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне.

3. Білім сапасы оқытудың әрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тәуелді:

а) оның алдындағы кезеңнің өнімділігіне және ондағы қол жеткен нәтижеге;

в) оқылып жатқан жадығаттың сипатына және көлеміне; в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық әсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.

4. Оқыту әдістерінің тиімділігі тәуелді: а) әдістерді қолданудағы біліміне және дағдысына; б) оқыту мақсатына; в) оқытудың мазмұнына; г) оқушылардың жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне; е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.

5. Оқытуды басқару. Оқытудың өнімділігі тәуелді: а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсердің дұрыстығына.

6. Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады: а) оқытудың мотивтері а) сыртқы /қоғамдық, экономикалық, педагогикалық/ стимулдардың.

Оқытудың жеке /нақты/ заңдылықтары

1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың ұзақтығына, меңгеріліп жатқан мазмұнның оқушыға мәнділігіне тікелей пропорционалды. Берілген көлемдегі білім мен іскерліктің меңгерілу өнімділігі оқылып жатқан материалдың санына, қиындығына және күрделілігіне кері пропорционалды. Оқытудың нәтижесі қолданылған әдістердің, құралдарға және мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Оқытудың «жасату» жолы «тыңдау» жолынан 6-7 есе өнімді.

2. Танымдық /гносеологиялық/ заңдылықтар. Оқытудың нәтижесі оқушылардың оқуға деген сұранысына және оқушылардың оқу іс-әрекетінің көлеміне, білімдерді, іскерлікті практикалық қолдану көлеміне тікелей пропорционалды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы өзара байланысты білімдердің, іскерліктердің, шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру көлеміне тікелей пропорционалды. Оқыту нәтижесі оқушылардың үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі орындалуына, оқытудың проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.

3. Психологиялық заңдылықтар. Оқытудың өнімділігі оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына, тренировканың қарқынына, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың зейінінің деңгейіне және тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне байланысты. Нақты оқу материалын меңгерудің нәтижесі оқушылардың қабілетіне жекелеген ынтасына, оқушылардың ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне, еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.

4. Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері байланыстың жиілігіне және көлеміне, оқыту процесін басқару сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.

5. Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің дамуы тікелей немесе жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің дамуымен шартталған. Оқытудың өнімділігі танымдық контактінің көлеміне және қарқындылығына, «интеллектуалдық ортаның» деңгейіне, өз-өздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.

6. Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім органдарының тежелеуіне соқтырады: төрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2 есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына, жылдың уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады. Балалардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігі оқу сабақтарының кестесіне де тәуелді болады.

Оқыту принциптерi туралы түсiнiк.   Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. Дидактикалық   принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен   заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принцип-терiн, негiзгi   қағидаларды белгiлеуге көп күш салды. Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты.  Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп   (табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).   Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi   ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына,   мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға,   ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.  

Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып   оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн   жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды   дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.   Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына  сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген   қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде   бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудың ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.

А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады. Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі. В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.

Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды. Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.

Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.

Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады.

Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.

1. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.

Шарттары: •  педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;

•  индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;

•  жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;

•  ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, ығармашылық жұмыспен айналыстыру; •  жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу; •  оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру; •  жаңа ғылыми терминологияны қолдану; •  оқушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру; •  оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; •  тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау; •  оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру; •  жалған сөйлемеу. 2. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды. Шарттары: •  оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру; •  оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау; •  пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану; •  оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету; •  бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру; •  өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру; •  материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу; •  оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау; •  баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу; •  оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу; •  жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету; •  бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру; •  пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу; •  оқушылардың қателерін әдеппен түзету; •  оқушыны өз қатесін талдауға үйрету; •  оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу; •  баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру; •  жүйелі білім есте жақсы сақталады. 3. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді. Шарттары: •  жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; •  түсінікті етіп оқыту; •  танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; •  талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану; •  аналогияны жиі қолдану; •  бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау; •  оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру; •  оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену; •  оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу; •  белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру; •  ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар; •  оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту; •  әрбір ережеге мысал келтіру; •  негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу; •  тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз; •  сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту; •  оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету; •  әрбір ережеге мысал келтіру; •  негізгіні түсіндіруге назар аудару; •  оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу; •  "Неге?" деген сұрақты көп өойып, оқушыны дамыту; •  дәйекті дәлелдермен оқыту; • дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; •  оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; • білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; •  баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету; •  түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру; •  оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау; •  зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау; •  дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану. 4. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді. Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Шарттары: •  мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту; •  "Білім — өмір" байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетіну мәліметтерін қолдану; •  балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру; •  оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану; •  оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі. •  мектептің өндіріспен байланысын қолдану. "Оқу пәні өндіріс" байланысына бағыт беру, бақылау; •  оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру; •  аймақтың сүранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; •  Мәселелік - ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудық басты құралы; •  еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі; •  қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру; •  қоғамдьщ пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудық өмірмен байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі; •  еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу; •  оқушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру; •  балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу; •  балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса "Жас өнертапқыштар" сайысын өткізу; •  әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру; •  ақыл-ойіс-әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау. 5. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес. Шарттары: •  балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау; •  оқытудық алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дөмін таттыру; •  көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; •  оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру; •  көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану; •  көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі; •  оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату; •  көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу; •  көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады; •  көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; •  балалармен бірге көрнекілік жасау, оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол; •  қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу; •  көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу; •  көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату; •  балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану; •  надты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану. Көрнекілік түрлері: Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді. Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды. Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер). Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама. Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б. Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма. Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады. 6. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады. Шарттары: •  қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді; •  дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек; •  әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету; •  есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы; •  оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді; •  жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды; •  әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу; •  қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау; •  оқу материалын жүйемен беру; •  егер оқыту қарңыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру; •  тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн; •  өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады; •  оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану; • баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды; •  қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау; •  оқыту қисындылығын қадағалау. •  оқушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру; •  жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу; •  оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау; 7. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады. Шарттары: •  оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу; •  баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау; •  баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру; •  балаларды оқыту арқылы дамыту; •  мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру; •  жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету; •  оқытудық қарңынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту; •  ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану; •  жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру; •  өте асықпау! •  оқушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну; •  түсініктілік мұғалімнің аньщ түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу; •  монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-ерекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру; •  оқытудық алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру; •  оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару; •  оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың өз бетімен оқуына, оқу материалынталдауына көмектесу, бағыт беру; • түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету. 8. Ынталандыру принципі Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті. Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар: 1.   Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес. 2.  Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше. 3.  Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ. 4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор. 5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды. 6.  Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды. 7.  Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек. 8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек. 9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту. 10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру. 11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау. Ынталандыру принципінің шарттары: •  жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану; •  ділгірлік оқыту; •  компьютерлік технологияны қолдану; •  интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; •  өзара оқыту (жұптық, топтық); •  білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; •  сыныпта жағымды микроклимат жасау; •  мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы; •  оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету; •  білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы; •  оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.

9. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек. Оқу процесінде, сабақтарда балаларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет. Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек. Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе балаларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекше. Ізгілендіру принципінің шарттары: •  оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау; •  оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау; •  үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; •  баланың өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру; •  қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою; •  жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу; •  баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою; •  оқушының табысына шынайы түрде қуану; •  баланың көңіл-күйін ескеру; •  баланың дене кемістігін сөз етпеу; •  баланың өздігін баспау; •  балаларды басқа балалармен салыстырмау; •  баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау. 10. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады. 11. Интеграциялау принципі Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, өнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. өзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, оқушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше. Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Мұғалімнің алдымен бір принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды. Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және көмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын көрсетеді. Білімді ізгілендіру баланың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мөлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.

4-дәріс. Дидактиканың негізгі жүйелері

Дәрістің мақсаты: Дидактиканың негізгі жүйелерімен студенттерді таныстыру.

1. Оқыту процесі психология-педагогика тұжырымдамаларына сүйенеді, оларды дидактикалық жүйе не оқыту моделі деп атайды. Дидактикалық жүйеге енетіндер: оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары. Бар жүйелерді жинақтай келе, үшеуін бөлуге болады: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі дидактикалық жүйелер. Әрқайсысының негізгі бағыттары, ғалымдардық теориясы бар. Дәстурлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады. Ол А.Я.Коменский, И.Песталоцци және И. Гербарттың дидактикасынан тұрады.

Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.

2. Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Ол неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841) есімімен байланысты. Оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды. Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді. Олар: баяндау, түсіну, жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп, ұйымдастырады.Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және қолдануға дейінгі кезеңді жазып берді. Мүнан қазіргі уақыттағы барлық сабақтардың логикасын көруге болады.

XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой жұмысымен көп айналыстырмағаны, баланың қажеті мен қызығушылығын ескермегені, өктемдігі, үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдық басында жаңа оқыту тәсілдері пайда болды.

3.  Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.

4. Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы. Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.

5-дәріс. Білім берудің мазмұны. Педагогикалық технологиялар

Дәрістің мақсаты: Білім берудің мазмұнымен және педагогикалық технологиялармен студенттерді таныстыру.

Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.

Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.

И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".

Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.

Білім мазмұнының түрлері:

•  күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер; •  көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;

•  болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;

•  белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер; •  ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;

•  әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.

Білім мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады:

  • ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен көрініс табатын ғылымилығы;

  • әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын көрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;

  • тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен көрініс табуы;

  • жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және өзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.

  • мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде өмірмен байланыстылық принципі;

  • меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын жүйелерінің оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де өте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.

  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын түсініктілік принципі.

Жалпы білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар. Оқу мазмұнының негізгі құрылымына оқу жоспары, оқу бағдарламалары және оқулықтар кіреді.

Оқу жоспары дегеніміз оқу жылының тоқсандарының демалыс күндерінің тізімін, оқытуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін құжат.

Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасы деп оқу пәнінің мазмұнын, білімдердің, тәртібі мен ережесін белгілейтін мемлекеттік құжат.

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес оқу пәнінің жұмысын және мазмұнын жүйелі баяндайтын кітап.

Стандарт туралы ұғым. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.

Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.

Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады. Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды. Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларына берілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады.

Жоғары сатыда (10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушының бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады.

Бұл сатыда оқушылардың қажеттіліктері, икемділіктері, танымдық қызығушылықтарына қарай оларға арналған түрлі курстар оқытылады.

Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі. Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне: 1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.

Педагогикалық технологиялар

1. Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі-түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.

Мектептің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.

Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет.

Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.

Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.

Білім беру технологиясына кіретіндер:

  • Мақсаттық бағытталғандық;

  • Сүйенетін ғылыми идеялары;

  • Мұғалімдер мен оқушылардың істерінің жүйесі;

  • Нәтижені бағалаудың өлшемдері;

  • Нәтижесі;

  • Қолданудағы шектеуліктер.

Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г.К.Селевко технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік – бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді. Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген «егер» (егер талантты мұғалім, егер қабілетті оқушылар т.б.) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.

Технология – бұл белгілі бір шығармашылықта қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Педагогикалық технология оқытудағы құру, қолдану, анықтау сияқты процестердің жүйелі моделі. Педагогикалық технология түсінігі 3 аспектімен белгіленеді:

1. Ғылыми педагогикалық технология – педагогика ғылымдарының бір бөлігі. Көзделген мақсатқа жету жолындағы мазмұны оқыту әдәсі мен проекторлық педагогикалық процесі.

2. Бейнелеу процесі – мазмұны мен көзделген мақсатқа жету және оның нәтижесін оқыту.

3. Әрекет процесі – технологиялық процестердің әрекеті инструментальдық және метадологиялық педагогикалық орта әрекеті.

Педагогикалық технологияның ғылыми сатылық 3 деңгейі бар:

1. Бүкіл педагогикалық деңгей. Бұған ортақ педагогикалық технология жатады. Педагогикалық технология бір мағыналық педагогикалық жүйеде оған мақсат жиынтығы, амал мен тәсілді оқыту, объект және субъект процестері жатады.

2. Модульдық деңгей. Оқу тәрбие процесі дидактикалық және тәрбиелік тапсырманың жеке шешімі.ол функциональдық элементпен олардың арсындағы логикалық қарым-қатынасты зерттейді.

3. Жүйелік педагогикалық технология – барлық жағынан төмендегі системаларды игеру керек. Басқармалық, диаграмалық жоспарлау, оқу процесін жасау, коррекциялық жұмыстар

Г.Селевконың, Т.Шамованың т.б. еңбектеріне сүйене отырып негізгі оқыту технологияларын көрсетуге болады:

      • дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы /П.М.Эрдниев/;

      • тиімді сабақтар жүйесі негізіндегі технология /А.Окунев, Н.Палтышев/;

      • дамыта оқыту технологиясы /Л.С.Выготский, В.Занков, В.Давыдов/;

      • оқытудың модульдік технологиясы /В.Монахов/;

      • проблемалық оқыту технологиясы /М.Махмутов/;

      • тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы /В.Шаталов/;

      • түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы /С.Лысенкова/;

      • деңгейлік саралап оқыту технологиясы /Н.Гузик/;

      • ойындық оқыту технологиясы;

      • жекелеп оқытудың технологиялары /И.Унт, В.Шадриков/;

      • түсіндірмелі – иллюстративтік оқыту технологиясы;

      • дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту технологиясы;

      • М.Монтессори технологиясы;

      • еркін еңбек технологиясы /С.Френе/;

      • Вальдорф педагогикасы;

      • оқытудың компьютерлік технологиясы.

Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам білім беру технологиялары қолданылып жүргендігі мәлім.

Соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технология жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, профессор Ж.А. Қараевтің жұмыстарын еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген оқытуды дербестендіру мен деңгейлік диференциялдау, білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру.

3. ХVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесiнiң негiзгi қағидаларының бiрiнде де баланың ақыл-ой күшiн, қабiлеттерiн дамыту олардың бiлiмге деген құштарлығын оятып, лаулата түседi делiнген.

И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдiстемесiн жасауға әрекет етедi.

Дамыта оқыту ұлы немiс педагогы А. Дистервегтің әйгiлi “Немiс мұғалiмдерiнiң бiлiм беру iсiне басшылылық” (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегiнің де негiзi болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың бiлiм алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. “Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi” - деген.

Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мєселелерiне ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасаған.

“Дамыта оқыту” деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлi деңгейiн, типтерiн (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б., iс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерiнде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екi iлгерi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екiншiсiн Л. В. Занков басқарады.

Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді. Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков).

Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты «теориялық» іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар. Олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады.

«Жақын даму аймағы». Көрнекті психолог Л.С.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың актуалдық аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Актуалды даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақта істей алатыны – жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы актуалды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген күннен бастап «жақын даму аймағында», дәлірек айтқанда баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.А.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем, оның астына шартты белгісі жазылады.

«Жақын даму зонасында » жұмыс жасаған В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталайын деп тұрған жер. Мұғалім осы жерде жұмыс істеп оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.

Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процессті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.

Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?» - деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.

Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму зонасында жұмыс істеуі керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, образдар туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.

Л.В.Занков жүйесі.

Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

      • оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу.

      • Теориялық білімнің жетекші ролі. Теорияны құрғақ жаттамай ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу.

      • Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы.

      • Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субьектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен қалай өзгердім деген сұрақтарға өзіжауап береді.

      • Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Л.В.Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай, ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің салмағы көп.

6-7 дәріс. Оқыту әдістері, олардың классификациясы

1. Оқыту әдістері және олардың функциясы туралы түсінік.

2. Оқыту әдістерін жіктеу.

3. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификациялау.

4. Ауызша баяндау әдістері.

5.Оқытудың көрнекілік әдістері.

6.Оқытудың практикалық әдістері.

7. Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері.

8. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

1. Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары.

Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;

• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;

• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.

2. Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің оншақты классификациясы бар. Білім көзін жалпы белгі ретінде алып оқыту әдістерінің классификациясы жасалған. Бұрыннан келе жатқан басты көздердің саны үшеу болды: практика, көрнекілік, сөз. Мәдениет прогресінің барысында оған тағы біреу – кітап қосылды, ал соңғы жылдары қағазсыз ақпарат көзі – жаңа компьютер жүйелерімен қоса видео қосылды. Бұл классификацияда бес жалпы әдіс бөлінеді: практикалық, көрнекілік, сөздік, кітаппен жұмыс, видеоәдіс. Бұлардың әрбіреуі әр түрлі модификацияда /түрін өзгерте алады/ бола алады.

Орнына немесе негізгі дидактикалық мақсатына қарай әдістердің классификациясы. Классификацияның жалпы белгісі ретінде сабақтағы бірізділікті кезеңдер және сонда орындалатын мақсаттар болады. Соған орай мына әдістер бөлінеді: а) білім алу; б) іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; в) білімді қолдану; г) шығармашылық іс-әрекет; д) бекіту; е) білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру.

Танымдық іс-әрекет типіне қарай әдістердің классификациясы: түсіндірмелі – иллюстративтік; репродуктивтік /қайталап айту/; проблемдік баяндау; бөліктік-іздеушілік /эвристикалық/; зерттеушілік.

Оқушылардың белсенділігінің дәрежесіне қарай классификация: белсенді және пассивті оқыту әдістері.

Дидактикалық мақсатына қарай оқыту әдістерінің екі тобы бөлінеді: оқу материалын бастапқы меңгертуге әсер ететін әдістер және алынған білімді бекітетін және жетілдіретін әдістер. Бірінші топқа жататындар: ақпараттық-дамытушылық әдістер /мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс/; оқытудың эвристикалық әдістері /эвристикалық әңгіме, зерттеушілік әдіс/. Екінші топқа жататындар: жаттығулар /үлгі бойынша, түсіндіріліп отыратын жаттығулар, вариативті жаттығулар т.б./.

Ю.К.Бабанскийдің классификациясы бойынша оқыту әдістері үлкен үш топқа бөлінген: оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың әдістері; оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандырудың және себептендірудің әдістері; қадағалаудың және өзін-өзі қадағалаудың әдістері.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері:

а) ақпарат беру әдісі,

ә) түсіндіру әдісі,

б) ынталандыру әдісі,

в) тәжірибелік әдіс.

3. Мұнда мынадай оқу әдістері бөлінеді: түсіндірмелі-иллюстративтік ақпараттық-рецептивтік (қабылдау) әдіс. Оны сипаттайтын белгілер:

  • оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады;

  • мұғалім әр түрлі тәсілдермен осы білімдерді меңгеруді ұйымдастырады;

  • оқушылар білімді қабылдауды /рецепция/ және ұғынуды жүзеге асырады, оларды өзінің есінде қалдырады.

Рецепция /қабылдау/ кезінде ақпараттың бүкіл көздері /сөз, көрнекілік және т.б./ қолданылады, баяндаудың логикасы индуктивтік және дедуктивтік жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.

Репродуктивтік (қайтадан айту) әдіс мынадай белгілерге ие:

  • оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады;

  • мұғалім білімді хабарлап қоймай, сонымен бірге оны түсіндіреді;

  • оқушылар білімді саналы меңгереді, оларды түсінеді және еске сақтайды. Меңгергеннің өлшемі – білімді дұрыс қайта айту /репродукциялау/ қажетті берік меңгергендік білімді көптеп қайталау жолымен қамтамасыз етіледі.

Бұл әдістің артықшылығы – үнемділігінде. Ол аз уақыттың ішінде көп көлемді білімді, іскерлік пен дағдыны оқушыларға бере алады. Дегенмен, репродуктивтік әдіс басқа оқыту әдістерімен ұштастырылғаны дұрыс.

Проблемалық баяндау әдісі – орындаушылықтан шығармашылық іс-әрекетке өтпелі болады. Оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар өздігінен проблемдік міндеттерді шешуге әлдері келмейді, сондықтан мұғалім проблеманы зерттеудің жолын көрсетеді, ол үшін оның шешімін бастан аяғына шейін баяндайды. Оқытудың мұндай әдісінде оқушылар қатысушы емес, тек бақылаушылар ғана, бірақта олар танымдық қиыншылықты шешуге байланысты жақсы сабақ алады.

Бөліктік-іздеушілік /эвристикалық/ әдіс мынадай белгілерге ие:

  • оқушыларға білім «дайын» күйінде берілмейді, олар оны дербес табу керек;

  • мұғалім оқушыларды әр түрлі құралдармен жаңа білімдерді іздеуге, меңгеруге жұмылдырады;

  • оқушылар мұғалімнің басқаруымен дербес ойлайды, пайда болатын танымдық міндеттерді шешеді, проблемдік жағдаяттарды құрады және шешеді, талдайды, салыстырады, жалпылайды, қорытындылар жасайды т.б. нәтижесінде оларда саналы берік білім қалыптасады.

Бұл әдісте мұғалім білімнің бөлігін хабарлайды, енді бір бөлігін оқушылар қойылған сұраққа жауап беру арқылы өздігінен табады.

Зерттеушілік оқыту әдісі мынаған саяды:

  • мұғалім оқулармен бірге проблеманы /мәселені/ қояды;

  • оқушыларға білім хабарланбайды, олар өздері проблеманы зерттеп, шешу арқылы білімге ие болады;

  • мұғалімнің іс-әрекеті проблемалық міндетті шешу барысында оперативті басқаруға сай келеді;

  • оқыту процесі жоғары қарқындылықпен сипатталады, үлкен қызығушылықпен жүреді, алынған білім тереңдігімен, беріктігімен, іскерлігімен ерекшеленеді.

Зерттеушілік оқыту әдісінің тиімді жағы – білімді шығармашылықпен меңгереді, ал кемшілігі көп уақытты және мұғалім мен оқушылардан көп еңбекті, қуатты талап етеді.

4. Ауызша баяндау әдістеріне жататындар: баяндау /рассказ/, түсіндіру, әңгіме, дәріс, оқу пікірталасы.

Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік әдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны ауызша айтылған күйде беріледі. Баяндауға қойылатын педагогикалық талаптар: сабақ берудің идеялық адамгершілік бағытталғандығын қамтамасыз ету; хабарланатын ақпараттың дұрыстығы; қойвлатын, дәлелденетін жағдайлардың дұрыстығын дәлелдеу үшін жарқын көз жеткізетін мысалдарды, фактілерді келтіру; баяндаудың эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы және түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету.

Бұл әдістің функциясы – оқытушылық. Бұл әдіс көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылды. Мақсатына қарай баяндаудың бірнеше түрін бөледі: баяндау-кіріспе, баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.

Түсіндіру – оқытудың сөздік әдісі заңдылықтарды, оқылып жатқан объектілердің мәнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы себеп пен салдарды көрсету болып табылады. Түсіндіруге қойылатын педагогикалық талаптар: міндетті, мәселенің, сұрақтың тұқ етерін дәл және анық қою, себеп-салдар байланыстарды, аргументацияны және дәлелді бірізділікпен ашып көрсету; салыстыру, сәйкес келтіру, аналогия тәсілдерін қолдану; жарқын мысалдарды келтіру; баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету.

Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.

Әңгіме – диалогиялық оқыту әдісі, мұнда мұғалім мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы оқушыларды жаңа материалды түсінуге алып келеді немесе өткенді қалай меңгергендігін тексереді.Әңгіменің мынадай түрлері бар: эвристикалық әңгіме /мұғалім оқушылардағы бар білім мен тәжірибеге сүйене отырып, жаңа білімді меңгеруге және түсінуге ережелер мен қорытындыларды жасауға алып келеді/; хабарландыратын әңгіме /жаңа білімді хабарлау үшін/; бекітуші әңгіме / жаңа материалды оқығаннан кейін қолданады/; жеке әңгіме /сұрақтар бір оқушыға қойылады/; фронталдық әңгіме/ сұрақтар сыныптың бүкіл оқушыларына қойылады/.

Әңгіменің бір түрі - әңгімелесу (собеседование). Әңгіме оқушыны белсенді жағдайға қояды, олардың сөйлеуін және еске сақтауын дамытады, зор тәрбиелік мүмкіншіліктері бар.

Дәріс /лат.lectio - оқу/ теориялық сипаттағы оқу материалын мұғалімнің жүйелі, бірізділікпен, монологиялық баяндауы. Көбінесе жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында қолданылады. Дәрістік әдістің технологиясы мынадай: оқушыларға жоспарды хабарлау, конспектілеудің ерекшеліктерін көрсету, басты қорытындыны және жалпылауды, интонациялық бөлу және қайталау, риторикалық сұрақтар, иллюстративтік материалды көрсету, ішінара талқылау, сұрақтарға жауап беру, әдебиеттерге қысқаша шолу.

Пікірталас /дискуссия/ /лат.disussio – қарастыру, зерттеу/ шындықты іздеуде оқушыларды ұжымдық белсенді іс-әрекетке қатыстыру арқылы оқыту процесінің қарқындылығын және тиімділігін арттыратын оқыту әдісі.

Оқыту пікірталасының басты функциясы – танымдық қызығушылықты ынталандыру; көмекші функциялары оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік және қадағалаушылық – түзетушілік болып табылады.

Оқу пікірталасының тиімділігінің маңызды шарты – оқушыларды мазмұндық және формальдық жағынан бастапқы және мықтап даярлау болып табылады.

5. Оқытудың көрнекілік әдісіне жататындар: көрсетілімдер /демонстрация/, иллюстрациялар, видеоәдіс.

Көрсетілім /демонстарция/ /лат.demonstration – көрсету/ - бұл әдістің мәні сабақта бүкіл сыныпқа әр түрлі көрнекілік құралдарды көрсету болып табылады.

Көрсетілімнің объектілері: көрсетілім сипатындағы көрнекілік құралдар – суреттер, кестелер, схемалар, карталар, диапозитивтер, кинофильмдер, модельдер, макеттер, диаграммалар, ірі натуралды объектілер мен препараттар және т.б. мұғалімнің физика, химия, биология т.б. сабақтарында өткізетін тәжірибелері.

Көрсетілімді жаңа материалды меңгергенде, сонымен бірге өткен материалды жалпылағанда және қайталағанда қолданады.

Көрсетілімді қолданудың тиімді шарттары: ұтымды ойластырылған түсініктемелер; көрсетілетін объектіні барлық оқушылардың жақсы көретіндей жағдай жасау; көрсетілімді даярлауға және өткізуге барынша көп оқушыны тарту.

Иллюстрация арқылы мұғалім көрнекілік құралдардың көмегімен оқылып жатқан құбылыстың дәл, анық және түсінікті образын жасайды. Иллюстрацияның функциясы теориялық қағидаларды негіздеу үшін формаларды, құбылыстың мәнін, оның құрылымын, байланыстарын, өзара әрекетін образды көрсету болып табылады. Иллюстрация бүкіл пәндерді оқытқанда қолданылады. Иллюстрация ретінде натуралды және жасанды жасалған заттар қолданылады: макеттер, моделдер, муляждар, көркемөнер шығармалары, фильмдердің, әдебиеттің, саздың, ғылыми шығармалардың бөліктері; карталар, схемалар, графиктер, диаграммалар. Иллюстрацияны тым өрескел қолдану оқушылардың ойлау процесінің дамуын тежейді.

Видеоәдіс. Соңғы жылдары мектеп практикасында ақпаратты экран көздері /кодоскоп, проекторлар, кионаппараттар, оқу телевидениесін, видеомагнитофондарды, компьютерлер/ кеңінен пайдалануда, сондықтан оны оқытудың жеке әдісі ретінде қарастыруға негіз бар. Видеоәдісті барлық дидактикалық функцияларды орындауға қолдануға болады: білім беруге, тексеруге, бекітуге, қайталауға, жалпылауға, жүйелеуге.

Оқулықпен және кітаппен жұмыс – оқушыны дербес жұмысқа қатыстырудың амалы: конспектілеу /оқығанды қысқаша баяндау, қысқаша жазу/, мәтіннің жоспарын құру /оқыған мәтінді бөліктерге бөлу және оларға ат беру/, тезистеу /оқыған мәтіннің негізгі ойын қысқаша баяндау/, сілтеме жасау /мәтіннің сөзбе-сөз бөлігін беру, сілтеме жасаған көздің мәліметтерін беру: авторы, жұмыстың аты, шыққан орны, шыққан жылы, беті/, аннотациялау /мәнді мағынасын жоғалтпай оқығанның мазмұнын қысқаша баяндау/, пікір беру /еңбекке өз қатынасын көрсететін пікір беру/, анықтама құру /статистикалық, биографиялық, библиографиялық, терминологиялық т.б. сипатындағы мәліметтерді жинақтау/, формальды-логикалық модельді жасау /оқығанды сөздік-схема күйінде көрсету/, тақырыптық тезаурусты құру /тақырып немесе бөлім бойынша базалық ұғымдардың кешенін жасау/, идеялардың матрицасын құру /белгілі бір тақырып бойынша әр түрлі автордың ойларын, идеяларын беру/.

6. Практикалық әдістерге жататындар: жаттығулар, лабораториялық әдіс, практикалық әдіс, танымдық /дидактикалық/ ойындар.

Жаттығу - әрекетті меңгеру немесе оның сапасын көтеру мақсатындағы мақсатты түрде ұйымдасқан қайтадан қайталайтын оқыту әдісі болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған жаттығусыз оқу және практикалық іскерліктер мен дағдыларға ие болу мүмкін емес.

Жаттығуларды былайшы бөледі: арнайы /оқу, еңбектік іскерліктер мен жаттығуларды қалыптастыруға бағытталған көп рет қайталанатын жаттығулар/, /туынды/ /бұрыннан қалыптасқан дағдыларды қайталауға және бекітуге септігін тигізеді/, түсінік беріп отырылатын (орындалып жатқан әрекетке мұғалімдер мен оқушылар түсінік беріп отырады).

Оқыту процесінде ауызша жаттығулар кеңінен қолданады. Ауызша жаттығудың қолданатын орындары: оқудың, ауызша есептеудің, баяндаудың, білімді логикалық баяндаудың т.б. техникасы мен мәдениетін меңгеру.

Жазбаша жаттығулар /стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығармалар, конспектілер, есептер шығару, тәжірибені суреттеу т.б./ оқытудың маңызды компонентін құрайды. Олардың басты міндеті: қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, дамыту және бекіту.

Графиктік жаттығулар математиканы, физиканы, сызуды, география, сурет салу сабақтарында, сонымен бірге өндірістік оқыту процесінде қолданылады.

Лабораториялық-практикалық жаттығулар еңбек құралдарын, лабораториялық жабдықтарды /приборлар, өлшеуіш аппаратуралары/ қолдануға дағдысына үйретеді, конструкторлық-техникалық іскерліктерді дамытады.

Өндірістік-еңбектік жаттығулар оқу немесе өндірістік сипаттағы арнайы жасалған еңбектік әрекеттердің жүйесі болады.

Жаттығуға қойылатын талаптар: іс-әрекеттің сапасын арттыруға оқушылардың саналы бағытталғандығы; іс-әрекетті орындаудың ережесін білуі; орындалатын жағдайды саналы есепке алу және қадағалау; алынған нәтижені есепке алу; қайталануды уақытқа бөлу.

Лабораториялық әдіс оқушылардың өздігінен эксперимент, зерттеу жұмыстарын жүргізуіне негізделеді. Тәжірибелер жеке немесе топта жүргізілуі мүмкін. Проблемдік /зерттеушілік/ лабораториялық әдіс әсіресе тиімді. Онда оқушылар өздері зерттеудің болжамын анықтайды, оны орындаудың жолдарын белгілейді, қажетті материалдарды және приборларды таңдайды.

Практикалық әдісте оқушылар алған білімді практикалық міндеттерді, есептерді шешуде қолданады. Бұл әдістің функциясы – білім мен іскерлікті тереңдету, қадағалау және түзету танымдық іс-әрекетті ынталандыру /стимулдау/ міндеттерін шешу.

Практикалық сабақтардағы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кезеңдері: 1. Мұғалімнің түсіндіруі. Жұмысты теориялық ұғыну кезеңі. 2. Көрсету. Нұсқау кезеңі. 3. Жасап көру. Екі-үш оқушы жұмысты орындайды, мұғалім оқушылар бақылап отырады, қажетті ескертулер береді. 4. Жұмысты орындау. Әрбір оқушы өздігінен тапсырманы орындайды. 5. Қадағалау. Бұл кезеңде оқушылардың жұмысы қабылданады және бағаланады.

Дидактикалық ойындар – шындықты моделдейтін арнайы құрылған жағдайлар, оқушылар олардың шешімдерін табуға тиісті. Бұл әдістің функциясы – танымдық процесті ынталандыру.

7. Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - әрекеттердің /операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын ала жоспарланған нәтижеге әкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бөлек-бөлек порцияларға бөлінеді; оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы және оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; әрбір қадам тексерумен аяқталады /сұрақ, тапсырма т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе көмек және қосымша кеңес алады; әрбір оқушы дербес жұмыс істейді және әлі келетін қарқында оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады және олар оқушының өзіне /ішкі кері байланыс/ және мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы және оқушы қиындық көргенде кеңес беруші ролінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланылады /программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары/.

Жеке электронды-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге әкелді. Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.

Бағдарламалап және компьютерлік оқыту онда алгоритмдерді бөлуге негізделген. Алгоритм дұрыс нәтижеге әкелетін бірізділікті әрекеттердің жүйесі ретінде оқушыдан оқу іс-әрекетінің құрамын және бірізділігін орындауды талап етеді. Оқыту бағдарламасын құрмастан бұрын ең алдымен ойлау әрекеттерін және оқу операцияларын орындаудың алгоритмін жасау керек, сол бойынша электрондық-есептегіш машина оқыту процесін басқаруды жүзеге асырады.

Бағдарламаланған оқытудың әдістері оқыту процесін тиімді басқаруды арттыруға, оқушылардың дербес жұмысының үлесін көбейтуге, оқуды жекелік қарқында жүргізуге, қадағалауға арнайы құралдарды қолдануға бағытталған. БО әдістерінде жаңа және дәстүрлі идеялар ұштасады. БО әдістерін былайша бөлуге болады: ақпаратты берудің әдістері; бағдарламаланған тапсырмаларды орындаудың әдістері; қадағалаудың және түзетудің әдістері.

БО әдістерінің ерекшелігі бірліктегі оқу-педагогикалық әсерде олар өзара ажырамас байланыста болады.

8. Дедуктивтік іс-әрекет арқылы мұғалім мен оқушы жұмысы мына бағытта жүреді. Дедуктивтік әдіс оқу материалын тез өтуге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс.

Дедукция арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.

Индуктивтік әдіс. Индукция – латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығарылады. Индукция әдісідедукциямен бірге қолданылады.

Танымдық қызығушылықтың үш түрі бар:

  • іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;

  • танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;

  • іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.

Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентіру, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін туғызуы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.

Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты арттырады. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны – оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.

Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі – танымдық ойындар. Пікір сайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістіктері қуантады да олардың оқуға ықыласын арттырады.

Оқу барысында жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы қолданылады.

1) Оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру әдістері;

Оқу әрекетінің берілу және қабылдану көзі бойынша

Ақпараттың берілу және қабылдануы бойынша

Өзіндік ойлау деңгейі бойынша

Оқу жұмысын басқару деңгейі бойынша

Ауызша өздік

Индуктивті

Репродуктивті

Оқытушының басшылығымен

Көрнекілік

Дедуктивті

Мәселелі-ізденушілік

Білім алушының өз бетімен

Тәжірибелік

2) оқу әрекетін ынталандыру әдістері;

Білімге деген қызығушылықты арттыру әдістері

Жауапкершілік пен борышты итермелеуші әдістер

Танымдық ойындар

Білімнің маңыздылығына көз жеткізу

Оқу пікір сайысы

Талаптарды ашық айту

Эмоциялық жағымды жағдай қалыптастыру

Мадақтау және жазалау

Ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар

3) Оқу-танымдық әрекеттердің тиімділігін бақылайтын әдістер.

Ауызша бақылау мен өзін-өзі бақылаудың әдістері

Жазбаша бақылау мен өзін-өзі бақылаудың әдістері

Тәжірибелік бақылау мен өзін-өзі бақылаудың әдістері

Индивидуалды сұрақ

Жазбаша бақылау жұмысы

Машиналық бақылау

Жалпылама сұрақ

Жазбаша сынақ

Зертханалық бақылау

Ауызша сынақ

Жазбаша емтихан

Ауызша емтихан

Жазбаша жұмыстар

1 Білім көздері бойынша (ауызша, көрнекілік, тәжірибелік);

2 Білім алу кезеңдері бойынша (жаңа мәліметтерді оқу, бекіту, нақтылау және жүйелеу, тексеру және білім есебі);

3 Танымның логикалық жолдары бойынша (индукция, дедукция, талдау, синтез, аралас);

4 Оқушының танымдық әрекетінің сипаты бойынша (түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, эвристикалық, зерттеушілік);

5 Педагогтың немесе оқушының иелік әрекеті бойынша (белсенді және пассивті);

  1. Білім көздері бойынша (сөздік, көрнекілік, тәжірибелік):

Сөздік әдістер – сөздерді қолдануға негізделген (ауызша немесе басылымдық)

Ауызша:

- әңгіме – әңгімелесу,

- түсіндіру – түсінік, теория, заңдылықтардың тоғысуы;

- эвристикалық, кіріспелік, бекітушілік әңгемелесулер – оқытушының сұрақтары бойынша диалог

- пікір алмасу – ойлармен бөлісуі;

Басылымдық:

- конспекттілеу,

- мәтін жоспарын құрастыру,

- тезистеу, цитаталар айту,

- түйіндеу,

- пікір қалдыру,

- анықтамалар құрастыру,

- тематикалық тезаурус құрастыру – тақырыптың немесе бөлімнің негізгі түсініктерін реттеу;

- идеялар матрицасын құрастыру – әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті идеяларды салыстыру).

Көрнекілік әдістері. Көрнекілік әдістерін пайдалану келесі шарттарға сәйкес болуы керек:

1) сабақтың сәйкес сәтінде және нақты бір мөлшерде қолданылуы керек;

2) барлық студенттерге бірдей көрінетін болуы керек;

3) басты және қосымша элементтерін нақты ерекшелеу керек;

4) көрнекілік оқу мәліметінің мазмұнына сай және тартымды болу керек.

Иллюстрация – оқу құралдарды көрсету (плаккаттар, карталар, кестелер мен суреттер және т.б.)

Демонстрация – құрал-жабдықтарды, тәжірибелерді, техникалық жетістіктерді, кинодиафильмдер мен слайдтарды көрсету.

Тәжірибелік әдістер:

a) жаттығу – ой мен тәжірибелік әрекеттерді бірнеше рет қайталау:

 дыбысталатын;

 жаттығатын.

b) дидактикалық ойын – оқылатан құбылыстар мен үрдістерді имитациялық моделдеу бойынша белсенді оқу әрекеті. Ойынның пәні болып адам әрекеті саналады.

c) зертханалық және тәжірибелік сабақтар.

2. Білім алу кезеңдері бойынша (жаңа мәліметтерді оқу, бекіту, нақтылау және жүйелеу, тексеру және білім есебі);

3. Танымның логикалық жолдары бойынша (индукция, дедукция, талдау, синтез, аралыс):

- қарапайымнан күрделіге қарай,

- нақтыдан абстрактыға қарай,

- оңайдан қиынға қарай,

- жақыннан алысқа қарай,

- фактылардан қорытындыға қарай,

Географияны оқу барысында жалпы бекітілген әдістемелік негізгі ғылыми білімдерді қолдану керек:

1) индукциямен (жекеден жалпыға) ↔ дедукциямен (жалпыдан жекеге),

2) талдаумен ↔ синтезбен,

3) нақты ↔ абстрактты түсініктермен.

Әрбір әдістер өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие, сондықтан, оларды бірге қолдану керек. Бір әдістегі кемшілік келесі бір әдісті қолдану арқылы жойылуы мүмкін.

Талдау – бұл зерттелініп отырған объектіні ойша құрылымдық бөліктерге бөлу. Ол зерттелініп отырған объектінің құрылымын анықтауға, маңыздылықты маңызсыздықтан айыруға, қиындықты оңайлатуға мүмкіндік береді. Талдаудың мақсаты – бөліктерді бүтін элемент ретінде қарау, олардың арасындағы байланыстарды орнату болып табылады.

Синтез – бұл талдау бойынша анықталған бөлшектерді, қасиеттерді, қатынастарды бір тұтас бөлікке бірлестіру. Баяндаудың аналитико-синтетикалық формасының мәні материалды құрамдық бөліктерге бөліп, кейін оларды бір тұтастыққа қосуға негізделген.

Салыстырмалы аналитикалық әдіс – бұл ұқсастықтар мен айырмашылықтардың әдісі.

Абстракті – (лат. – дерексіздік) – тұтастың бір бөлігі, біржақты, дамымаған, нақты - құраушы, күрделі, жанжақты.

Тірі пайымдау → нақтылы ойлау → абстракті ойлау.

Тірі пайымдау – бұл талдауыштардың қатысуымен пайда болған сезім, заттарды, фактілерді, құбылыстарды қабылдау. Ол біздің санамызда елестетулерді – осы заттардың бейнелерін, фактілердің пайда болуын туғызады.

Абстракті ойлау – нақты, ортақ нәрселерді ірктеу, реалді материалдарды теориялық жинақтау.