Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать

Елге шыққанда ...Ов не айтады?

Кім дейсіңдер мынау?

Керек соғыс, лау.

Мен бүгінгі құдайың

Біліп қойған, пақыр-ау.

Жер, жесірдің дауы

Маған тиіс сұрауы,

Мен үкімет адамы,

Оң көзі, омырауы.

Протоколды жазамын,

Контролін қазамын.

Ықтиярымен бергенді аламын,

Бірақ параға оразамын.

Қатынның басын ашамыз,

Сот жұмысына да араласамыз.

Ешкім қарсы тұра алмайды,

Көрінгенді көпірше басамыз.

Екі расписка, копия,

Мен тексерсем ... ия...ия...

Тартамын сотқа,

Бітпесеңдер құпия.

Заявление - арыз,

Тексеру бізге парыз.

Ісіңді іс қылып берейін,

Береріңіңді шығарыңыз.

..........................................

..........................................

..........................................

..........................................

Ревизия қолда,

Балқымбайды жонда,

«Материал» беріңдер,

Сөйлесейін сонда.

Хы-хы-хы, хы-хеу!

Беретін түлкің нешеу?

Түйе біреу, ат екеу.

Ішік біреу, қасқыр бесеу.

Бар ма ақшаң?

Жылдам... шапшаң!

Сені сайлап кетем

Аттың майын тапсаң.

Өлең 1920 жылы жазылған.Өлеңнің жанры: Көңіл-күй лирикасы. Өлең аралас ұйқасқа негізделген, 9 тармақты, 7-8 буынды.

Боранда

Қарлатып қатты боран қарпылдап тұр.

Үскірік-аяз қызыл шартылдап тұр.

Қой ығып, басын қоршап ыққа тығып,

Көміліп қалың қарға қарқындап тұр.

Сүйеніп таяғына қой қасында,

Дірілдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр.

Аяқта жуан жіппен буған шарық,

Сүйреліп киіз шұлғау жалпылдап тұр.

Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы,

Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр.

Денесін қалыбымен суық ұстап,

Ызың жел селкілдетіп, аңқылдап тұр.

Мойнына жабысқан қар ери қатып,

Иекте мұз сүңгілер салпылдап тұр...

Жылы ішік, түлкі тұмақ, саптамалы,

Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр.

«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!»- деп,

Таймасқа қожайынсып шаңқылдап тұр

«Алғаның ас болмағыр, ит-шошқа» деп,

Қарғадай қармен бірге қарқылдап тұр.

Өлең 1915-1916 жылдары жазылған. Өлеңнің жанры: Табиғат лирикасы. Боран болғанда адамдардың, жануарлардың іс-әрекетін сипаттайды. Өлең 11 буынды,аралас ұйқасқа негізделген. Өлеңде эпиттер мен кейіптеулер кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]