Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать

Біздің жазда

Бозторғай шырлап, жаз құсын жырлап, Үйрек сытырлап, қаз пырлап, Түйе боздап, қой қоздап, Жылқы азынап, жел маздап, Қарға қаңқылдап, қу саңқылдап, Жас жарқылдап, шал қарқылдап, Сай дүңгірлеп, самал гүлді үрлеп, Мал балалап, құс жұмыртқалап, Қанатпен су сабалап, Мерген су жағалап, Өзен аңқылдап, шөп жалпылдап, Ағаш бал қылдап, жапырақ салпылдап, Құрттар қыбырлап, құмырсқа жыбырлап, Малдар шыбындап, ынтықтар жымыңдап, Тайлар ойнақтап, балалар жайдақтап, Боталар маймақтап, тайлақтар тайрақтап, Елдер қосылып, көштер жосылып, Сиырлар жосылып, оқырадан шошынып, Қойлар маңырап, қозылар жамырап, Бұзау мөңіреп, енесі аңырап, Көңіл елбіреп, жүрек желбіреп, Ішің елжіреп, көзің мөлдіреп...

Өлең жанры.:табиғат лирикасы.

Бұл өлеңінде ақын жаз бейнесін береді.Керемет пейзажды суреттейді.1915-1916 жылы жазылған.9-10 буынға құрылған.

Қаламға

Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап, Тек қағазға барыңды. Отырмайды қол қарап, Сен шақырсаң зарыңды. Қайырылмасқа қайта айтып, Кетірме, қалам, арынды. Білсін құрбың, құрдасың, Қалам, сенің хәліңді. Зарланғанға құрбансың, Дәметпе елден алымды. «Тәуекел» деп аталған, Айырылмай ұста талыңды. Теpic болмас бата алған, Есірке кемпір - шалыңды! Жұрт пайдасын шет көріп, Ойлай берме қамыңды! Сырт қайласын ел керіп, Бастай көрме ғалымды. Ит етінен арман кер, Жұрт бұзақар залымды. Қағазда заула арман сөз, Жас жүрекке жалынды.

Өлең жанры: арнау өлең

Ақын бұл өлеңінде қаламға қарата сөйлеп арман,тілегін білдіреді.Жүректегі армандарын жеткізуді жан серігі қаламнан сұрайды. Жеті буынды,шалыс ұйқасқа құрылған. 1915-1916 жылы жазылған.

Ынтықтар

Күн батқан соң қарайып, Қараңғы перде жабылар; Құрт - құмырсқа, халайық, Құс ұшпас, аңдар жалығар. Қарауытып маңайың, Батып ақшам жамырар. Күн батқанға қуанып Қорқақ қоян жайылар. Шық түсіп жапырақ буланып, Ұйқыдан әр жан табылар. Жазғы кеште желсіз түн, Тыншықты, жатты жануар. Серт байласып, сөйлескен, Ынтығын, ынтық сағынар. Көңілі жақсы, түн тапшы, Бір жолықса ағылар... Артында тұр ауылдың, Мезгеулі мезгіл - уағы бар. Сүйісу білмес сар мойнақ Күндеп үріп шабынар. Жылысып шығып ақ үйден, Бүркеніп киім жамылар. Жұлдыз жиі, ай жарық, Дағдылы көзбен табылар. Жалбырап жапырақ, сылдырап, Әр бұтаққа таңылар. Шалғын төсек, тал перде, Маңайдан көңіл жаңылар. Жан сүйісіп, тән ысып, Ынта айрылмай жалынар. Сыбырласып, сырласып, Кірден жүрек арылар. Үміт кескен жауап жоқ, Таңда тағы табылар... Сүйкімді түн, жоқ болды үн, Сызылып атқан таңы бар. Тағдыр жолы таң атып, Хош - хоштасып айрылар. Жолықпаса асық жар, Тынымсыз түннің шаңы бар. Жолыққан соң асық жар, Желсіз, шаңсыз заңы бар.

Өлең жанры:махаббат лирикасы

Екі жас ортасындағы махаббат сезімі суреттеледі.Ауыл бейнесі беріледі.Сегіз буынды өлең.1915-1916 жылдары жазылан.

Бұлбұлға

Сайрадың құйқылжытып, құбылжытып,

Тамсандым, таңдайымның суын жұтып,

Толқытып, толықсытып, емірентіп,

Қиқуға қызықтырдың, қылдың ынтық.

Ерікті алып, ес шығарып, екілентіп,

Көңілді көлбектетіп, ойды ұмтылтып;

Қанды қозғап, тамырды солқылдатып,

Көңіл мұңын, жүректің лебін тінтіп.

Малда дыбыс, көлде шу, жерде ызыл жоқ,

Маңайды манаурадым мүлде ұмытып;

Судың сылдыр, тоғайдың дыбыры жоқ,

Басқаны қойдың, әншім, тақа құртып.

Шырқатып, шыңғырасың шымырлатып,

Төмендеп түсіресің сыбырлатып;

«Мұңдым - ау! Мынау сенің мұңың ғой», - деп,

Маған да әкелесің қыңырлатып,

Жіберіп жер астына ызылдатып,

Қайтадан көтересің сыбырлатып;

Жүрегім, қаным, мыйым, көмейім де,

Қосылып, қос құлақты шыңылдатып.

Сен сондай, ә, мен қандай сол мезгілде?

Елжіреп ішім, бауырым кеткен мүлде.

Қаныма қосып кеттің бір ауру,

Осындай сайрамасаң күнде - күнде.

Өлеңнің жанры: табиғат лирикасы

Өлең 1915-1916 жылдарда жазылған.Табиғаттағы әсем дауыстың иесі,өзінің тамаша сайрауымен адамды еріксіз елітетін бұлбұл құстың бейнесі жырланады.Ақын бұл өлеңінде синонимдік қатар түзуді шебер пайдаланады.Өлең негізінен ақынның алғашқы өлеңдерінің бірінен саналады.

« Бұлбұлға» өлеңі

Өлеңнің жанры: табиғат лирикасы

Өлең 1915-1916 жылдарда жазылған.Табиғаттағы әсем дауыстың иесі,өзінің тамаша сайрауымен адамды еріксіз елітетін бұлбұл құстың бейнесі жырланады.Ақын бұл өлеңінде синонимдік қатар түзуді шебер пайдаланады.Өлең негізінен ақынның алғашқы өлеңдерінің бірінен саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]