Әнші апама
Майра апай сіз бе едіңіз өресі асқан, Құмар ем әніңізге бала жастан. Сайраған үніңізді естігенде, Тіл қаттым жастығыма қарамастан! Мен де бір талаптанған ініңізбін, Жарқ еткен ұшқынымын жырыңыздың. Қабыл ал, өлеңменен өзіңізге Тарту ғып жас жанымның гүлін үздім. Сайрап еді Керекудің жыл құсы кеп, Мәз болып қалған жоқ па құрбысы көп. Сіз бізге жат емессіз, санаймын мен, Сарадай апамыздың сіңлісі деп. Өнердің қанат қағып өріне сіз, Шықтыңыз құрметпенен төріне сіз. Еліме қайтып барам десеңіз де, Ұзатқан қызым ыздай көрінесіз. Майра апай, бізді де сіз ұмытпаңыз, Көңілді бізге деген суытпаңыз. Көгімде әніңізді қалықтатып, Ақсуды тағы келіп құттықтаңыз.
Өлеңнің жанры: арнау өлең
1909 жылы тамыз айында Жетісу рәсіміне Қаракесек руынан шыққан діндар Мұстақым Малдыбаев деген жігіт пен әнші Майраның келеді. Бұл салтанатты жиынға Әсет те шақырылған деген мәлімет бар. Майра еліне аттанарда Жетісумен «Қоштасу» әнін айтқанда бала Ілияс Жансүгіров : Майра апай, сіз бе едіңіз өнері асқан, Құмар ем сөзіңізге бала жастан, Сайраған үніңізді естігенде ,Тіл қаттым жастығыма қарамастан, - деп өлеңін жалғастырған екен.
«Әнші апама» өлеңі
Өлеңнің жанры: арнау өлең
1909 жылы тамыз айында Жетісу рәсіміне Қаракесек руынан шыққан діндар Мұстақым Малдыбаев деген жігіт пен әнші Майраның келеді. Бұл салтанатты жиынға Әсет те шақырылған деген мәлімет бар. Майра еліне аттанарда Жетісумен «Қоштасу» әнін айтқанда бала Ілияс Жансүгіров : Майра апай, сіз бе едіңіз өнері асқан, Құмар ем сөзіңізге бала жастан, Сайраған үніңізді естігенде ,Тіл қаттым жастығыма қарамастан, - деп өлеңін жалғастырған екен.
Оқу
Қарайыңқы көңілді аппақ қылған бұл оқу. Түк білмейтін қамауды тақ - тақ қылған бұл оқу. «Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл оқу... Жаратқанның бірлігін сақтап тұрған бұл оқу. Ынтымақтың тірлігін жақтап тұрған бұл оқу. Адалдық пен анықты мақтап тұрған бұл оқу. Күннен - күнге молайып, аттап тұрған бұл оқу. Аспан да жерге көрік боп, ат боп тұрған бұл оқу. Алысқа да тіл болып, хат боп тұрған бұл оқу.
Өлең жанры:көңіл-күй лирикасы
Шұбыртпалы ұйқасқа құрылған,он үш-он төрт буынды өлең.Оқу білімнің мәнін түсіндіреді. 1915-1916 жылы жазылған.
Жаз - құдаша
Жаз маңдайы жарқ етсе, Көтерілді көңілім. Жек көрмедім сендерді, Серуендеді серігім. Жаз маңдайы жарқ етсе, Қаз - құстары қаңқ етер, Кімнің жылытпас көңілін. Егіншілер сайлады Мойынтұрық, самиян, Ат, атан, өгіз - көлігін. Жер киініп, құс келіп, Мына жылы шуақта, Жан - жануар бір алды, Басындағы бөрігін. Қыстайғы науқас қара жер, Шығарды ауру - өлігін. Бозбалалар ат ұстап, Аударысып жарысып, Бастады тағы желігін. Бойжеткен қыз, келіншек, Топтанып, сапқа тізіліп, Бүйрегінен бүлкілдеп, Әзілдесіп, езіліп, Суға түсіп жабырлап, Жарқ еткізіп өңірін. Диқаншылар қуанып, Балалар мәз боп қуанып. Тұқымның шашты төгінін, Боталы түйе,қозылы қой, Құлынды бие, буаз мал, Толтырды кекпен желінін. Саятшы, мерген іздеп жүр Таудың ұлар, елігін. Жаз - құдаша келді де, Қыстың зәрін тарқатты. Жаз - құдаша жарқылдап, Жер бетіне көк көрпе Салды дағы отырды. Мен шаттанып қуандым Түскендей - ақ келінім. Қуансам да мәз болып, Қолайсыз уақ кез болып, Табиғат жасап таршылық Қолдан тартып ап кетті, Күткен құдашамыздың, Төрт - ақ ай ғып өмірін.
Өлең жанры: табиғат лирикасы
Ақын бұл өлеңінде кейіптеуді шебер пайдаланады. Жаздың керемет күндерін суреттейді. Жеті –сегіз буынды өлең. 1915-1916 жылы жазылған.
