- •5B050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын 4 кур студенті
- •1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
- •1.1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның қысқаша сипаттамасы мен даму барысы
- •1.2 “Банк Центркредит ” ақ еншілес компаниялар:
- •1.3."Банк ЦентрКредит" ақ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
- •2. «БанкЦентрКредит» ақ қаржылық жағдайын талдау
- •2.1. «БанкЦентрКредит» ақ-ның едб орны және қаржылық жағдайын бағалау
- •2.2«БанкЦентрКредит» ақ активін, міндеттемесін, капиталын талдау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ»
«ҚАРЖЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ » кафедрасы
5B050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын 4 кур студенті
Хабенов Ернұр
Есебі
Оқу-танысу тәжірибе өткен орны "БанкЦентрКредит" АҚ
Тәжірибе өту мерзімі: 16.01.2017-25.03.2017
Кәсіпорыннан бекітілген жетекші,
Қаржы бөлімінің бас маманы: Абубакиров И.А
АЛМУ бекітілген жетекші: Макенова А.А.
Алматы 2017
Жоспар
КІРІСПЕ............................................................................................................3
1 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................5
1.1 «Банк Центр Кредит» АҚ қысқаша сипаттамасы мен даму барысы....5
1.2 «Банк Центр Кредит Банктің еншілес компаниясы...............................12
1.3 "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы................................................................................................................15
2. «БанкЦентрКредит» АҚ қаржылық жағдайын талдау...........................18
2.1. Қазақстанның ірі коммерциялық банктерінің ішінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның орны....................................................................................18
2.2«БанкЦентрКредит» АҚ активін, міндеттемесін, капиталын талдау...20
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30
ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................31
КІРІСПЕ
Өндірістік іс тәжіриебесі оқу процесінің негізгі бөлінбейтін бөлігі және әртүрлі меншіктік түрлердегі кәсіпорындар, банктер үшін мамандар дайындаудың маңызды элементі болып табылады.
Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстырып, бекіту болып табылады. Сол мақсатта Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 38 орналасқан «БанкЦентрКредит» АҚ Стартегиялық жоспарлау бөлімшесінде 16.01.2017 мерзімінен 25.03.2017ж. мерзіміне дейін оқу тәжірибесіне жіберілдім. Тәжірибе өту мерзімі кезінде банк ісінде атқарылатын жұмыстармен, бөлімдердің жұмыс жоспарларымен және банктік сала бойынша қандай қызмет көрсетілетіндігі жайлы мағлұматтар алып, сол бағыттағы жұмыстарға араласып, біліктілігімді арттырдым.
Оқу тәжірибесінің мақсаты - теориялық біліммен тәжірибеден алған машықты нығайтудан тұрады, сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктерінің қаржылық жағдайына, атқаратын операцияларына кеңірек тоқталу.
Біріншіден, жұмыс атқару барысында келесідей машықтарды бойыма сіңірдім:
Жұмысқа уақытылы келуді;
Ұжымдастармен қарым-қатынасты орнатуды;
Өз жұмысыма ұқыптылықпен және жауаптылықпен қарауды;
Клиенттерге дұрыс бағыт-бағдарда ақпарат жеткізуді үйрендім.
Оқу тәжірибесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
а) студенттердің өндірісті басқару мен оның басты функцияларын, әдістері мен қағидаларын тәжірибеде қолдануға үйренуі;
б) кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау мен нарыққа талдау әдістемесін игеру;
в) экономикалық басқару әдістерін (коммерциялық есеп, баға белгілеу, жоспарлау, бағдарламалық-мақсаттық әдістер, қаржы саясаты және т.б.) тәжірибеде қолдану;
г) практика барысында есеп беруге қажетті материалдарды таңдау мен өңдеу;
д) кәсіпорынның құқықтық жағдайы мен ұйымдық құрылымын зерттеу, персоналдың қалыптасуы мен даму процесін басқару;
е) алдыңғы қатарлы талдау мен жоспарлау әдістерін қолдануға негізделген өзіндік есептеулер жүргізу, лауазымдық нұсқаны дайындау, бөлімдер қызметін белгілеу;
ж) іскерлік кездесулер тәжірибесіне үйрену, келісімдер мен шарт жасауға қатысу.
Әлемдік тәжіриебеде банктің пайдасының үлкен бөлігі несиелеу операцияларымен тығыз байланысты. Сондықтан да несиелік портфельдің басқару кез-келген банктің өмір сүру стратегиясымен тактикасының ажырамас бөлігі болып табылады.
