«Күзгі гүлге» өлеңі
Күзгі гүлге
Сарғайдың тоғайда, гүл, күзгітұрым, Жайылып жапырағың тұрған бұрын. Ара бал, көбелек сөл жұтқан сенен, Ол қайда маса, сона, шіркей - шыбын. Саянда сан құбылып салқындаған, Сүліктей сұлуың жоқ қырлы мұрын. Тоғайдың маңайынан басталдырып, Шайқаған самалың жоқ таппай тыным. Қиғаш қас, қырғи мойын, құбылма шаш, Қарасы қандыратын көздің қыбын. Қалмапты ажар, шырай, сүреңіңіз, Сүзек пе, сүзілме ме сенің мұның. Зорлығы табиғаттың бұл әуресі, Төрт бөліп, түрлендірген жылдың күнін. Қар қатып, пәк денеңе мұз тұрса да, Жазды күт, жабырқама, күзгі гүлім.
Өлеңнің жанры: көңіл-күй лирикасы
1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген «Бес томдық шығармалар жинағында» Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын өлеңдерінің жазылу хронологиясына қарай жасалумен байланысты, оның «Күзгі гүлге» өлеңімен ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров творчествосы 1915-1916 жылдардан басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР Мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді өзгертіп, оның творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр». Бұл ақынның өз қолымен жазған «Балдырған» және «Қызыл жалау» атты өлең дәптері. Яғни, сол дәптерінде жоғарыдағы аталған «Күзгі гүлге» өлеңі 1912 жылы жазылған.
Өлеңде кейіптеу тәсілі арқылы қыз бейнесі беріледі. Мұңға толы күз мезгілін қызға теңеу арқылы шебер суреттеген.
Өлеңнің жанры: көңіл-күй лирикасы
1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген «Бес томдық шығармалар жинағында» Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын өлеңдерінің жазылу хронологиясына қарай жасалумен байланысты, оның «Күзгі гүлге» өлеңімен ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров творчествосы 1915-1916 жылдардан басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР Мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді өзгертіп, оның творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр». Бұл ақынның өз қолымен жазған «Балдырған» және «Қызыл жалау» атты өлең дәптері. Яғни, сол дәптерінде жоғарыдағы аталған «Күзгі гүлге» өлеңі 1912 жылы жазылған .
Өлеңде кейіптеу тәсілі арқылы қыз бейнесі беріледі. Мұңға толы күз мезгілін қызға теңеу арқылы шебер суреттеген.
Бір соқыр баланың әңгімесі
Мен естісем: күні жарық күндіз бар деп,
Түн тынық, ай әдемі, жұлдыз бар деп.
Көгілдір судың түсі, шөп – жасыл деп,
Сұлулық жер жүзінде мың, жүз бар деп.
Көл, теңіз, тоғайда ағаш, көгал бар деп,
Қыста қар, жазда жаңбыр, мұнар бар деп,
Мереке, мектеп, жасқа оқу бар деп,
Қалғанға оқи алмай, обал бар деп.
А, ием! Бір-ақ минут көзімді ашсаң,
Керексіз: күн, ай, жұлдыз, маған аспан!
Бір көріп анам жүзін келістіріп,
Көзімді болысымен қайта жапсаң.
1915-1916 Жылдары жазылған өлең. Өлеңнің жанры: Көңіл-күй лирикасы. Өлең 11 буынды, аралас ұйқасқа негізделген. Өлеңдк эпиттер кездеседі. Соқыр балының жарық дүниені көруге деген арманын суреттейді.
Көңілдің жүгірісі
Зыр айналып тоқтамай, Үмітке мініп жүр көңіл. Қайдағы ойланып жоқтамай, Қайтсін, таппақ қызыл гүл. Я мақтамай, боқтамай, Бәрін дос деп бекер жүр. Жағын керіп оқтамай, Алаңдықпен шекті өмір. Кейде жалын, кейде шоқ, Кейде ынтық, кейде жоқ. Кейде жаяу, кейде атты, Кейде баяу, кейде отты. Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тұнық, кейде ылай. Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлі. Көңіл бүйтті тағдырсыз, Тексере алмай бас қатты. Өмір отты маздырсыз, Көксей алмай жас ақты. Қолды қағып тағдыр тұр, Көңілге пәлен демейді. Сорды бағып дағды құл Маңайдан әлі кетпейді. Көңіл, сенен тілегім – Талапты ерттеп, қолды мін; Үмітім мен жүрегім Тартпасын сордың қорлығын!
Өлеңнің жанры: көңіл-күй лирикасы.
Ақын бұл өлеңінде құбылыстарды қарама-қарсы қойып, керемет ақындық шеберлігін көрсетеді.Көңіл-күйдің қалпын суреттейді.Кезекті ұйқасқа құрылған,жеті буынды өлең.1915-1916 жылы шыққан өлең.
Мұңды құс
Бұлбұлдың сыны толады мамыр, шілде күнінде, Қуанып сайрап қонады бірінен соң біріне. Көлде құстар қаңқылдап, шалғынды шайқап жел соғып, Шағала шалқып, шаңқылдап, көлден көлге құс тоғып. Сонда бұлбұл сайраса, қан қызар, қайғың сарқылар. Сайратып әркім ойласа, шымырлатар - шырқырар. Өте шықты осы жай жердегі сәнді сыпырып, Қарқылдап қарға апыр - ай, сауысқан салды шықылық. Сынық қанат, мұңды құс жалаңаш ағаш басында, Ажалға таяу осы түс, қарға, құзғын қасында. Қанаты сынық болғанмен көкіректе ескі әні бар; Қу ағашқа қонғанмен әннің де не сәні бар? Қарашадан хабар қып айт садағы кім тыңдар? Алмай ма соғып, сонар қып саятшылар, жылпыңдар?..
Өлеңнің жанры: саяси лирика
Өлең 1915-1916 жылдары шыққан.Ақын бұл өлеңде бұлбұл құс арқылы заман бейнесін жырлайды. Сынық қанат, мұңды құс секілді эпиттеттермен, көркем тілмен жеткізеді.Он төрт-он бес буынға құрылған.
Алдымда
Сен не дейсің, не дейсің? Тілің тәтті, жай мысың? Ая! Ая! Әрине! Мені жаман демейсің. Таңдайың тәтті, тілің май, Тауып айттың апырым - ай, Op қазалық, оқ жасап, Олар қамсыз, жатсын жай. Ақиреттік дос болсақ, Құда болсақ, бір қонсақ. Қағаз берсек, ұрласақ, Құдайға сал, қорғансақ. Қайрат қалың, күш мығым, Жазда қамтып қыстығын, Мен мұз болсам сен жалын, Тым - ақ жаман ұсқының. Ішінде зәр, сыртында ар, Мені алмақшы ойың бар; Сен сауысқан, мен азық Қызылыма тойынар. Мұны оқытқан кім екен? Әзезіл ме екен, жын ба екен? Таңырқаймын, тамсанам, Дағдыға құл қу ма екен! Ащы көңіл, тұщы тіл, Аулақ жығыл, арман өл!
Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы.
Өлеңде ақын ашумен бір жағдайларға өкініш білдіреді.Өлең құрылысы бойынша жеті буыннан тұрады.Метафоралар мен эпиттетті еремет ұштастырады,ерекше ұйқас құрайды.
