Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Багдарлама Ондирис.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.44 Кб
Скачать

2. Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі беретін мінездеме

Студент - практикантқа мінездемені кәсіпорыннан бекітілген жетекші береді.

Мінездеменің негізгі пункттері келесідегідей:

  1. Студенттің теориялық білімін қолдана білуі;

  2. Студенттің тәжірибеден өту кезіндегі практикалық дағдысының бағасы;

  3. Студент - практиканттың кәсіпорындағы басқа құрылымдық бөлімдердегі жұмысқа қатысу деңгейі;

  4. Студент - практиканттың тәжірибеден өту процесінде іскерлік сапарларын көрсетуі.

3. Тәжірибе есебін құру

Студент - практикант тәжірибе нәтижесі туралы есеп құрастырады. Бұл есеп тәжірибеден өту процесінде әрбір бөлім бойынша дайындалады, тәжірибе аяқталу мерзімінде есеп құру бітуі тиіс. Тәжірибеден өту туралы есеп қысқаша кәсіпорын мінездемесінен тұруы тиіс. Есеп кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және қосымшадан тұруы керек. Негізгі бөлімде өзіндік жұмыстар ерекшеленуі қажет.

Кіріспеде студент тәжірибеден өткен кәсіпорыны туралы мәліметтер береді. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы, негізгі бөлімдердің функциялары мен штаттық құрамы қарастырылады. Сонымен қатар, есептің негізгі бөлімдеріне қысқаша үлгісі келтіріледі.

Есептің негізгі бөлімі тематикалық жоспарда мазмұндалған қатармен құрылады. Есептің бұл бөлімі кәсіпорынның технологиялық процесінің сұрақтар мазмұнынан тұруы тиіс.

Есепте барлық қажетті есептеулер, кәсіпорын бойынша сандық мәліметтер, кестелер, схемалар, суреттер және т.б. құралуы тиіс. Есептің қорытындысында кәсіпорын мәліметтерін өңдеуді ұйымдастыру процесі бойынша критикалық ескертулер көрсетілуі керек.

4. Тәжірибе есебін қорғау және оның нәтижесінің бағасы

Тәжірибе аяқталысымен студент кафедраға рецензиялау және қорғау үшін есеп тапсырады. Шамамен есеп кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісімен тексеріліп, қолымен бекітілуі тиіс, есепке келесі құжаттар қосылады: дипломалды тәжірибесінің күнделігі, практикантқа мінездеме және мекеме жетекшісінің пікірі. Барлық қажетті құжаттармен бірге есеп кафедраға тапсырылады. Кафедрадағы тәжірибе жетекшісі есепті рецензиялап, қорғауға немесе егер бағдарлама сұрақтары мен тақырыптары толығымен ашылмаған болса толықтыруға рұқсат береді. Есепті қорғау кафедрада құрылған комиссия алдында қорғалады.

5.Экология мамандығының студенттеріне арналған дипломалды тәжірибесі бойынша есептің мазмұны:

Кіріспе (мақсаты, тәжірибенің міндеті, зеріктеу объектісі, жұмыс орындау актуалдығы)

Негізгі бөлім

    1. Объектінің паспорты (мекеме); Мекеменің мекен-жайы, телефоны, мекеме жетекшісі.

Мекеменің табиғатты қорғаудағы саясаты:

Мекенің экологиялық мақсаты

    1. Мекеменің сипаты

Негізгі ұйымдастыру бірлігі.

2.2. Мекеменің жұмыс жағдайы.

2.3. Жұмысшылардың уақыты.

2.4.Жергілікті тұрғындармен және міндетті органдармен қарым-қатынастары.

2.5. Еңбекті қорғау және санитарлы-гигиеналық жағдайы.

2.6. Корпустардың, цехтардың, мекеме айналасын көгалдандыру жағдайы.

2.7. Мекеменің экологиялық зонасы

3. Қосымшада көрсетілген сұрақтарға – Освещение

4. Мекеменің ішкі байланысы

4.1. Жергілікті органдармен және тұрғындармен қарым-қатынасы («Ашық есік күндері»)

4.2. Шет елдермен байланысы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша (экологиялық іс-қағаздарының үлгісі)

Есеп берудің және қорғаудың бағасы 5 - тік баға жүйесінде бағаланады.

Тәжірибе компоненттері

Ең жоғары балл

1.

Мекеме жетекшісінің (кәсіпорын) бағалауы

30%

а

Тәжірибе барысындағы жауапкершілігі

10

б

Тәжірибе барысындағы біліктілігі

10

в

Мекеме берген мінездемесі

10

2.

ЖОО-дағы жетекшінің бағалауы

30%

а

Тәжірибе есебінің мазмұны мен сапасы

10

б

Тиісті құжаттармен қамтамасыз етілуі

10

в

Талапқа сай рәсімделуі

10

3.

Есепті қорғау кезіндегі комиссияның бағалауы

40%

а

Тәжірибе есебі бойынша материалды игеруі

20

б

Тәжірибе бойынша ұсыныстары

10

в

Қойылған сұрақтарға жауабы

10

Қанағаттанарлықсыз баға алу немесе есепті көрсетпеу тәжірибеден өз есебінен қайтадан өтуіне тура келеді. Тәжірибеден қайтадан өту мерзімін студенттер демалысы кезінде деканат анықтайды. Студенттің тәжірибеге дұрыс қарамау жағдайында, тәртіпті бұзуы немесе қорғауға мүлдем дайын болмауы қайтадан оқу жылына қалдырылады немесе бұзу мінезіне байланысты студент қатарынан шығарылады.

Баға

Мәні

Балл

Пайыздар,

А

Өте жақсы

4,0

95-100

А-

3,67

90-94

B+

Жақсы

3,33

85-89

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

Қанағаттанарлық

2,33

70-74

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

Қанағаттанарлықсыз

0

0-49

Дипломалды тәжіребиесін аяқтаған студент 25 беттен аспайтын толық қамтылған, мазмұнды тәжірибе есебін тапсырады. Тәжірибе есебі А4 стандарт бетке (14 шрифт, сол жақта - 3,0 см, оң жақта - 1,0 см, үсті - 2,0 см, асты - 2,0 см. белгіленіп); 1,5 интервалында жазылуы тиіс. Мысал ретінде есептің көлемдік мазмұны (Қосымша 1).

Кіріспе (Кәсіпорын туралы жалпы мағлұмат) (2 - 3 бет)

  1. Дипломалды мекемелердің, табиғатты пайдаланушы кез - келген мекемелерднің іс - әрекетіне, табғатты пайдалануымен оған келтіретін зиянына қарау (5 – 7 бет).

  2. Дипломалды мекемелердің, фирмалардың қызметтерінің ұйымдастырылуын зерттеп үйрену (6 - 8 бет).

  3. Кәсіпорынның, мекеменің немесе фирманың табғатты өорғауға бағытталған шаралары. (5 - 7 бет).

  4. Қорытынды және қосымшалар (2 - 3 бет).

Тәжірибе есебін жетекші тексеруді өткізгеннен кейін арнайы комиссия отырысында студент өз есебін қорғайды. Тәжірибе нәтижесі 5 балды жүйемен бағаланады. Баға сынақ кітапшасына қойылады. Дер кезінде тәжірибеден өткендігі туралы есепті тапсырмаған немесе дәлелсіз себептермен қалған немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студент тәжірибеден қайтадан өуі немесе жоғарғы оқу орнынан шығарылуы мүмкін.