- •С.Бәйішев атындағы ақтөбе университеті
- •5В060800 - Экология
- •Бағдарламасы
- •5В060800 - Экология
- •Бағдарламасы
- •1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеті
- •2. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •3. Рейтингтік – балл жүйесі бойынша бағалау критерийлері
- •1. Күнделік жүргізу және тәжірибе нәтижесін безендіру
- •2. Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі беретін мінездеме
- •3. Тәжірибе есебін құру
- •4. Тәжірибе есебін қорғау және оның нәтижесінің бағасы
- •5.Экология мамандығының студенттеріне арналған дипломалды тәжірибесі бойынша есептің мазмұны:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
2. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
Дипломалды тәжірибеден өтуші студенттер үшін тапсырма
Тапсырма № 1
Кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың қалыптасу тарихы;
Кәсіпорынның, ұйымның немесе фирма қызметінің негізгі бағыттары;
Басқару процесін ұйымдастыру: Жоспарлау (түрлері, жүйелері);
Ұйымдастыру (міндеттері, өкілеттері); Бақылау (әдістері, түрлері).
Тапсырма №2
Шаруашылық субъектінің қызметімен танысу және әртүрлі құжаттарды толтырып үйрену:
Экологиялық есеп;
Экологиялық құжат;
Экологиялық салықтардың түрлері;
Қоршаған ортаға келтіретін зияндарын;
Басқа да алғашқы құжаттар.
Кәсіпорын, ұйым және мекеменің жетекшілерінің рұқсат негізінде табиғатты пайдалануының формаларымен танысу:
Жерді;
Табиғат ресурстарын;
Суды;
Ауаға шығарылатын өалдықтары;
Тіршілікті сақтаудың жаңа стратегияның қалыптастыру;
Қала ортасының экологиялық ерекшеліктері;
Судың сапасы және халықтың денсаулығы.
Тапсырма №3
Өндіріс орнының жағдайы бойынша талдау жүргізу:
Кәсіпорынның, ұйымның және фирманың әлсіз немесе даму бағыттары туралы талдау жүргізу;
Кәсіпорынның қызметінің мүмкіншілігін талдау.
Өндіретін өнімджерін сипаттау сипаттау;
Қалдықтарын қайда шығаратынын анықтау;
Бензапиренді және басқада көмірсутектерді шығару көздері зияны;
Шайынды суды тазарту әдістері;
Зиянкестермен күресудің биологиялық тәсілі;
Қалдықтарды көмуге байланысты мәселелер.
Тапсырма №4
Кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың материалдық техникалық жағдайын зерттеу. Қызметкерлердің қызмет барысында өздерінің қызметтерін атқару жауапкершілігін және өздерінің ұстау және сөйлеу мәнерін үйрену.
Тапсырма №5
Қажетті материалдарды жинау:
Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларға сай, материалдарды жинақтап есеп беруді құрастыру;
Есеп беруді уақытында тапсыруды қамтамасыз ету мақсатында, дипломалды тәжірибе барысында кезең сайын толтырып отыру;
Есеп беруде пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету;
Есеп беруге көрнекі құралдарды кеңірек пайдалану;
Гидроэнергетиканың экологиялық мәселесі;
Қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігі;
Қоршаған ортадағы ауыр металдар.
3. Рейтингтік – балл жүйесі бойынша бағалау критерийлері
1. Күнделік жүргізу және тәжірибе нәтижесін безендіру
Әрбір студент бірінші күннен бастап күнделік жүргізеді, күнделікті жасаған жұмысы туралы жазып тұрады. Күнделікте студенттің қандай күндерде, қай жерде жұмыс істегені көрсетілуі керек. Күнделіктен жұмыстың неден тұрғаны, өз бетінше жүргізілді ме, мүмкіндігінше қандай көлемде екені көрініп тұруы керек. Күнделік ұқыпты сиямен жазылады. Күнделікте жазылған жазбалар, яғни кәсіпорындағы жетекші қарауымен орындалған жұмыс жетекші қолымен бекітіледі. Жұмыс орнында жұмыс аяқталысымен тәжірибе жетекшісі студенттердің практикалық дағдыларды игеру деңгейін тексереді және күнделікке баға қояды, студент жұмысы туралы ескертулерін жазады. Тәжірибе аяқталысымен күнделік жетекші қолымен және кәсіпорын мөрімен бекітіледі. Тәжірибеден өту күнделігі тәжірибе туралы есепке қосылады. Күнделіксіз есеп кафедраға қабылданбайды.
