- •С.Бәйішев атындағы ақтөбе университеті
- •5В060800 - Экология
- •Бағдарламасы
- •5В060800 - Экология
- •Бағдарламасы
- •1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеті
- •2. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •3. Рейтингтік – балл жүйесі бойынша бағалау критерийлері
- •1. Күнделік жүргізу және тәжірибе нәтижесін безендіру
- •2. Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі беретін мінездеме
- •3. Тәжірибе есебін құру
- •4. Тәжірибе есебін қорғау және оның нәтижесінің бағасы
- •5.Экология мамандығының студенттеріне арналған дипломалды тәжірибесі бойынша есептің мазмұны:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Ф. 4-34
С.Бәйішев атындағы ақтөбе университеті
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
____________Утеулиева Д.Т.
«___» ________2016 ж.
5В060800 - Экология
мамандығына арналған дипломалды тәжірибе
Бағдарламасы
Экономика және жаратылыстану факультеті
Оқу түрі: күндізгі және сырттай
Ақтөбе, 2016
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
Экология кафедрасы
5В060800 - Экология
мамандығына арналған дипломалды тәжірибе
Бағдарламасы
Ақтөбе, 2016
Дипломалды тәжірибенің бағдарламасы «5В060800 – Экология» мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған.
ҚР МЖМББС 6.08.008-2008 негізінде құрастырылды. ҚР білім жүйесі. Педагогикалық тәжірибе. Негізгі ережелер. 09.01.2009
Құрастырғандар: Бакытжанова А.М. – Экология кафедрасының
аға оқытушысы, магистр
Алманов Ж.Т. – Экология кафедрасының
аға оқытушысы, а.ш.ғ.к.
Рецензенттер: Местинов Т.К. – Директор «Биоэкосистема»
ЖШС басшысы, магистр
© С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқу-әдістемелік бөлімі, 2016ж.
КІРІСПЕ
Дипломалды тәжірибесінің бағдарламасы 5В060800 – «Экология» мамандығының студенттеріне арналған.
Антропогендік әсерлерге және табиғи апаттарға байланысты экологиялық процестердің динамикасын талдауын, қоршаған ортаның жай-күйін бақылауы және талдауын, тұрғындардың арасында экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуді үйрену. Бұл бағдарламада студенттердің Дипломалды тәжірибесі мақсаттары, міндеттері, мазмұны және студент - практиканттың жұмыстарының негізгі бағыттары көрсетілген. Бағдарламаға қосымша дипломалды тәжірибесінің күнделігі кіреді.
Күнделікте берілген:
дипломалды тәжірибе бағдарламасының қағидасы,
студенттерге қойылатын талаптар және олардың міндеттері,
дипломалды тәжірибесінің бағдарламасы, жеке жұмыс жоспарының кестесі,
далалық және эксперименталдық экологиялық зерттеулер қорытындысы,
1. Тәжірибенің мақсаты мен міндеті
Тәжірибенің мақсаты:
Кәсіпорынның және оның бөлімдерінің құрылымдарымен, кәсіпорында еңбекті басқару және ұйымдастыру принципімен танысу;
Табиғи және бұзылған экожүйелердің күйін зерттеу әдістерін меңгеріп тәжірибеде пайдалан білу.;
Экономикалық шығындарды есептей отырып, табиғат қорғау ныснадарын жұмысын бақылау қызметін жоспарлап, ұйымдастыра білу.
Тәжірибе процесінде студент міндетті:
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экожүйелерге көрсетілген антропогендік әсерді кеміту, антропогендік факторлардың қоршаған ортаға, биотаға және халықтың денсаулығына әсерінің жағымсыз салдарын жою жолдарын білу;
Кәсіпорынның технологиялық процесімен танысу;
Табиғатты пайдалану және экологиялық сараптама жүйелерін оңтайландыру әдістерін меңгеру ;
Тәжірибенің міндеттері болып табылады:
Экологиялық зерттеулер жүргізуде машықтану;
Ойлау мәдениетін білу, оның жалпы заңдарын білу;
Жазбаша және ауызша тілде дұрыс және логикалық түрде оның нәтижесін безендіруге қабілеттілігі;
Дипломалды қатынастар негіздері мен техникалық, қаржылық, адамдық факторлар есебінен басқару принциптерін білу;
Эксперттік жүйелерді құру әдісі және эксплуатациясы;
Дипломалды тәжірибеге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Кафедрадан тағайындалған дипломалды тәжірибе жетекшілерінің міндеттері:
Тәжірибе басталмастан бұрын тәжірибенің міндеттерімен және мақсатымен таныстыру;
Күнделіктің уақытылы және дұрыс толтырылуы туралы қеңес беруді жүргізу;
Студенттердің дипломалды тәжірибеден өтетін жерлерін анықтау;
Дипломалды тәжірибеден өту барысын бақылау;
Дипломалды тәжірибе бойынша есептерін қорғауға рұқсат беру;
Дипломалды тәжірибенің қорытындысы және студенттердің есеп берулерін қорғаудың қорытындысы туралы кафедраға жазбаша түрде есеп беру;
Кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың жетекшілерінің міндеттері
Дипломалды тәжірибенің жүргізілуі барысында жетекшілер:
Дипломалды тәжірибенің бағдарламасына сай студенттерге дипломалды тәжірибеден өтуді ұйымдастыру;
Студенттермен бірігіп, бөлімдерден және ұйымдық құрылымдардан тәжірибеден өту кестесін құру;
Дипломалды тәжірибеден өтудің тиімді уақытын қарастырып, белгілеу;
Студенттердің есеп берулеріне қажетті материалдар жинақтауына жағдай жасау;
Күнделіктің дұрыс толтырылуына және тиісті жазбалардың дұрыс көрсетілуіне кеңес беріп, көмек көрсету;
Дипломалды есепке пікірдің және шынайы мінездеменің берілуін қадағалау;
Дипломалды тәжірибеден өтуші студенттердің, кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттер үшін кәсіпорын тағайындаған жетекшілері ескерту жасап, оқу орнына хабарлауға міндетті;
Дипломалды тәжірибеден өтуші студенттің міндеті:
Бағдарламаға сай бекітілген уақытта, тәжірибе орнына уақытында келу;
Кәсіпорындағы жетекшісімен бірігіп тәжірибенің календарлық жоспарын құру;
Кәсіпорындағы жетекшісінің көрсетулерін және тәжірибе бағдарламасын, тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларын толық көлемде және талапқа сай орындау;
Кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін және еңбек заңдылықтарын, талаптарын қатаң түрде сақтау;
Жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;
Бекітілген нысандағы күнделікті жүргізуге мұқият болу;
Тәжірибеден өткеннен соң, кафедраға өндірістегі жетекшісінің пікірі мен тәжірибе бойынша жетекшінің қолы және кәсіпорынның, мекеменің немесе фирманың мөрі басылған, толық толтырылған күнделікпен бірге жазбаша есеп беру;
Дипломалды тәжірибеден өтуші студенттердің, кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттер үшін кәсіпорын тағайындаған жетекшілері ескерту жасап, оқу орнына хабарлауға міндетті;
Дипломалды тәжірибенің бағдарламасын орындамаған, пікір алмаған немесе дипломалды есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз бағасын алған студент дипломалды тәжірибеге екінші рет жіберіледі немесе оқу орнынан шығарылады.
