- •5B050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын 4 кур студенті
- •1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
- •1.1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның қысқаша сипаттамасы мен даму барысы
- •1.2. “Банк Центркредит ” ақ еншілес компаниялар:
- •1.3."Банк ЦентрКредит" ақ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
- •2. «БанкЦентрКредит» ақ қаржылық жағдайын талдау
- •Қорытынды
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ»
«ҚАРЖЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ » кафедрасы
5B050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын 4 кур студенті
Хабенов Ернұр
Есебі
Оқу-танысу тәжірибе өткен орны "БанкЦентрКредит" АҚ
Тәжірибе өту мерзімі: 16.01.2017-25.03.2017
Кәсіпорыннан бекітілген жетекші,
Қаржылық бөлімінің бас директоры : Абубакиров. И.А
АЛМУ бекітілген жетекші: Макенова. А.А.
Алматы 2017
Жоспар
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы...........4
1.1 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның қысқаша сипаттамасы мен даму барысы.....4
1.2 «Банк Центр Кредит Банктің еншілес компаниясы ........................................10
1.3 "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы................................................................................................................13
2 |
"БанкЦентрКредит" АҚ-ның қызметін қаржылық талдау және бағалау.........................................................................................................15 |
|
Қорытынды ....................................................................................................26
қолданылған әдебиеттер тізімі .....................................................
Қосымшалар............................................................................................................
КІРІСПЕ
Есептің мақсаттары: -Теорияда алған білімді практика барысында қолдану; -Банк жүйесінің жұмыс процесімен танысу; -Дипломдық жұмысқа қажет материал жинау. Есептің міндеттері: - Қаржылық талдаудың негізгі көрсеткіштерін есептеу; -Есептеуде түрлі әдістерді қолдану; -Банк қызметтері мен өнімдерімен іс жүзінде танысу; -Банк есептері негізінде талдау жасау.
Өндірістік іс тәжіриебесі оқу процесінің негізгі бөлінбейтін бөлігі және әртүрлі меншіктік түрлердегі кәсіпорындар, банктер үшін мамандар дайындаудың маңызды элементі болып табылады.
Оқу процесінде алынған теориялық білімдерін бекіту, тереңдету, банктердің, кәсіпорындардың экономикалық қызметінің, яғни олардың жұмыс нәтижесін объективті бағалау, кірістілігін көтеруде, оның экономикалық көтерілуіне және банктердің дамуына байланысты қорытындылар мен ұсыныстар бере білудің практикалық дағдысын үйрену.
\Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.», – деп айтқандай, банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі. Банктер мен қаржылық серіктестіктер шаруашылық органдарының шаруашылық қызмет процесінде уақытша бос капиталдарын, халық жинақтарын және басқа да бос ақша қаражаттарды тартады, кейін оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға ұсынады, ақшалай есеп-айырысуларды жүргізеді және экономика үшін әр түрлі қызметтер көрсетеді, осылайша банктер өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына әсер етеді.
Әлемдік тәжіриебеде банктің пайдасының үлкен бөлігі несиелеу операцияларымен тығыз байланысты. Осылайша несиелердің қайтарылмау факторы, ірі несиелердің банкті банкроттыққа, ал оның экономикадағы ерекше орнына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың және жеке тұлғалардың банкроттығына алып келуі мүмкін. Сондықтан-да несиелік портфельдің басқару кез-келген банктің өмір сүру стратегиясымен тактикасының ажырамас бөлігі болып табылады.
