- •1 Қысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
- •Кесте 1- «iNvest City»жшс-ның
- •Кесте 18 - «iNvest City» жшс-нің табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
- •Осы істелген болама мынаған тағыда есеп пен аудитті қосу керек мен талдауын қостым
- •3.3 Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін (талдауын) жетілдіру жолдары
- •Бұл толық емес мынаған есепті және аудитті қосу керек 2.2 2.3 пен 3.1 оны Толкынмен Асель жиберсе қосамыз жалпы осылай жазсақ болама
Кесте 1- «iNvest City»жшс-ның
қаржы – шаруашылық қызметін талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2015 ж. |
2016ж. |
Ауытқу (+, -) |
1 |
Қызмет көрсетуден түскен табыс |
164687980 |
198797884,80 |
34109904 |
2 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
111007324,13 |
158365243,46 |
47357919 |
3 |
Жалпы табыс |
53680656,73 |
40432641,34 |
-13248015 |
4 |
Мерзімдік шығындар |
35117150 |
38512905 |
-31265855 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен кіріс |
18563506 |
36581346 |
18017840 |
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс |
1895230 |
2360598 |
465368 |
7 |
Кіріс (барлығы) |
20458736 |
38941944 |
18483208 |
8 |
Жұмысшылардың орташа саны |
162 |
160 |
-2 |
9 |
Еңбек ақы қоры |
104524000 |
176598000 |
72074000 |
10 |
1 жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысы |
645209 |
1103737 |
458528 |
*«iNVEST City»ЖШС-ның қаржылық есеп беру формалары
Берілген кестенің мәліметтері бойынша «iNVEST City» ЖШС-ның қызмет көрсетуден түскен табысы 2016 жылы 2015жылмен салыстырғанда 34109904 теңгеге өсті. қызмет көрсетіден түскен табыстың өсуіне байланысты өнімнің өзіндік құны да 47357919 теңгеге өсті. кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнының өсуі кәсіпорынға жағымсыз жағынан әсер етті, себебі, жылпы табысы -13248015 теңгеге кеміді.кәсіпорын негізгі емес қызметтен кіріс алуына байланысты оның кірісі 2016жылы 2015 жылмен салыстырғанда 18483208 теңгеге өсті. жұмысшылардың орташа саны 2 адамға қысқарған. Ал еңбек ақы қоры 72074000 теңгеге өскен.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алу болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Апай сіз осыны сарымен істелгенді екінші болімге коямыз деген едінізгой соны осы жерге қоямызба?
Табыстың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда мен залал туралы есепте берілген ұйымның табыстары мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады.
Пайда көп болған жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға табыс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайдаланылады. Пайданы өлшеуге тікелей байланысты қаржылы есептіліктің элементтері табыстар мен шығыстар болып табылады.
- табыстар -активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы;
- шығыстар - активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшелінетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.
Табысты айқындау өзінің негізгі қызметтеен түскен табысты, сол сияқты өзге де табыстарды қамтиды. Табыстар өзіне ұйымның қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, оның ішінде өнім сату мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар мен дивидендтерді сатудан түскен табыстарды қамтуы мүмкін.
Пайдалар мен залалдар туралы есеп негізгі қызмет бойынша, сондай-ақ негізгі емес қызмет бойынша да алынған барлық табыстар мен шығыстардың жиынтық деректерін көрсетеді де, пайдаланушыларға ұйымның түпкілікті қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл есепті жасау және өткізу тәртібі 1- "Қаржы есептілігін ұсыну" Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты, Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсыруды тұжырымдамалық негіздемемен белгіленген[25].
Ұйым аталған есепті жасау және тапсыру мақсатында жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар пайдалар мен залалдар туралы есептің баптарының сыныпталу және есепке алу тәртібін жүйелі түрде анықтайды да, ұйымның әр түрлі заңды есепті кезеңдердегі және әр түрлі заңды тұлғалардың қаржылық нәтижелерін салыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Көрсетілген нормативтік құжаттар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстар мен шығыстардың әр түрлі баптарының сондай-ақ басқа да табыстар мен шығыстардың мазмұнын ашып көрсетеді.
Пайда мен залал туралы есептілікте талдауға жатқызылған бірінші көрсеткіш ол жалпы пайда. Ол өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім) және өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны арасындағы айырманы білдіреді. Бұл есептік аналитикалық көрсеткіш аралық пайда көрсеткіші ретіндеге мәнге ие.
Жалпы пайда=ӨӨТТ - ӨӨӨҚ
Мұнда:
ӨӨТТ - өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс;
ӨӨӨҚ - өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны.
Жалпы пайданың өзгерісіне өткен жылмен салыстырғанда келесі факторлар әсер етуі мүмкін:
1) Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2)бір өнімнің бағасы;
3)өткізілген өнімнің көлемі (саны);
4)өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Өнімнің өзіндік құны жалпы пайдаға әсер етуші маңызды фактор болғандықтан көптеген ұйымдарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызмет бөлімшелері жұмыс атқарады. Бірақ айтарлықтай шамада бұл жұмыс бастапқы шикізат пен отын-энергетикалық ресурстардың бағасының өсуінен және инфляцияға байланысты құнсызданады. Бағаның күрт өсуі және меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында шаруашылық субъектілерде өзіндік құнды төмендету нәтижесінде табысты арттыру мүмкіндігі болмайды.
Өнімді өткізу көлемінің өсуі жалпы пайданың шамасына тікелей пропорционалды түрде әсер етеді. Өткен кезеңмен салыстырғанда өнім көп өндірілген сайын, жалпы пайда соншалықты көп алынады[26].
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлары-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы теліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлары- материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді. Келесі жалпы пайдадан кейінгі көрсеткіш ол жалғасатын қызметтен алынған кезеңдегі (пайда) залал. Оның шамасы мына формуламен анықталады:
ЖҚП = (ЖП+ҚТ+ӨТ)-(ӨӨШ+ӘШ+ӨШ+Ү)
Мұнда: ЖҚП - жалғасатын қызметтен түскен пайда;
ЖП- жалпы пайда;
ҚТ - қаржыландыру табыстары;
ӨТ- өзге табыстар;
ӨӨШ - өнімді өткізуге (қызмет көрсетуге) кеткен шығындар;
ӘШ- әкімшілік шығындар;
ӨШ - өзге шығындар;
Ү - үлестік қатысу әдісімен есептелінген ұйымның пайда (залал) үлесі.
Таза пайда көрсеткіші - қарастырылып отырған есеп берудің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Таза пайданы пайдалану бағыттары ұйымның өздігімен анықталады. Оның есебінен резервтер құрылады, дивидендтерді төлеу, акционерлік жиналыстарда бекітілген үлестегі жұмысшыларға төлеу, акционерлік жиналыстарда бекітілген үлестегі жұмысшыларға төлеу, қайырымдылық және басқа да мақсаттарға аударым жүргізіледі. Оның негізінде қаржылық аналитиктердің әртүрлі рейтингтері және есептемелері қалыптасады, оның шамасынан акция бағамы, қарапайым және артықшылығы бар акциялар бойынша төленетін дивиденд мөлшері байланысты. «СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-нің 2014-2015 ж.ж. бойынша абсолютті табыстылық көрсеткіштерін талдауы 17-кестеде берілген.
Кесте 17 - «iNVEST City» ЖШС-нің абсолютті табыстылық көрсеткіштерін талдау
мың тг
-
№
Көрсеткіштер
2014ж
2015ж
Ауытқуы
(+,-)
1
Түсім
8 838 494
8 044 047
-794 447
2
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны
7 962 131
7 234 159
-727 972
3
Жалпы пайда
876 363
809 888
-66 475
4
Сату шығындары
501 010
375 213
-125 797
5
Әкімшілік шығындар
388 174
358 611
-29 563
6
Басқа да шығыстар
599 328
799 703
200 375
7
Басқа да табыстар
1 000 780
1 408 340
407 560
8
Барлығы операциялық пайда
388 631
684 701
296 070
9
Қаржыландыру табыстар
120 716
354 145
233 429
10
Қаржыландыру шығыстары
844 763
866 450
21 687
11
Салық салуға дейінгі пайда (залал)
-335 416
172 396
-163 020
12
Табыс салығы бойынша шығыстар
562
33 721
33 159
13
Жалғасатын қызметтен салық салудан кейінгі пайда (залал)
-335 978
138 675
-197 303
14
Таза пайда (залал)
-335 978
138 675
-197 303
Ескерту - «iNVEST City» ЖШС-нің қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған
Ұйымның пайда мен залал туралы есеп беруіндегі табыс көрсеткіштерінің көп бөлігі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Өнімді өткізуден түскен түсім мөлшері 794 447 мың теңгеге төмендеген. Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны да жыл басымен салыстырғанда 727 972 мың теңгеге түскен. Осы фактордың төмендеуі жалпы пайда шамасының 66 475 мың теңгеге төмендеуіне әкеп соқтырды. Қаржыландырудан түскен табыс жыл басында 120 716 мың теңгені құраса, жыл аяғында 354 145 мың теңгені құраған. Басқа да табыстар шамасы да 407 560 мың теңгеге өскен.Шығындар түрлерінде де көрсеткіштердің өсу өзгерістері байқалған, оның ішінде жыл басымен салыстырғанда әкімшілік шығындар мөлшері 29 563 мың теңгеге, қаржыландыру шығыстары 21 687 мың теңгеге ұлғайған. Ал басқа да шығыстар мөлшері 200 375 мың теңгеге артқан.Шығындардың өсуі таза пайда сомасының қысқаруына әкелді. Оның шамасы жыл басында 138 675 мың тг құраса, жыл аяғында -335 978 мың теңгені құрады.
«iNVEST City» ЖШС-нің 2014-2015 ж.ж. бойынша абсолютті табыстылық көрсеткіштерінің ауытқуы 12-13-суреттерде көрсетілген.
Сурет 12. «iNVEST City» ЖШС-нің абсолютті табыстылық көрсеткіштерін
Сурет 13. «iNVEST City» ЖШС-нің абсолютті табыстылық көрсеткіштерін
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер [27].
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1)жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал және олардың жекелеген элементтері);
2)өнімдер
3)ақша қаражатының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігі - берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілерінің бірі болып саналады. Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудіңбірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
- басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
-кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
-табысты болжау әдісі;
-шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіртін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне жататындар:
1. Ұйым
активтерінің табыстылығы (
).
Барлық активтер тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
2.
Қысқамерзімді активтердің табыстылығы
(
).
Ол ұйым қысқа мерзімді активтерге
жұмсалған бір теңгеден қанша табыс
алатынын көрсетеді және мына формуламен
анықталады:
3. Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы қысқа мерзімді активтердің табыстылығын анықтау жолымен ұқсас. Тек бөлшек бөлімінде ұзақ мерзімді активтердің орташа шамасы алынады.
4. Меншікті
капитал табыстылығы (
).
бұл көрсеткіш акционерлік компания
құқығында жұмыс істейтін ұйымдар үшін
салынған капиталдың табыстылық деңгейін,
яғни акционерлік капиталдың пайдалану
тиімділігіне баға беретін негізгі
көрсеткіш болып табылады.
5.
Инвестициялардың табыстылығы (
).
Қаржылық салымдардың табыстылық деңгейі
ұйым қаншалықты инвестициялық қызметін
тиімді атқаратынын көрсетеді.
6. Сату
көлемінің табыстылығы (
).
Бұл көрсеткіш деңгейіне өткізілетін
өнім құрылымының, оның өзіндік құнының
және сатылатын бағалардың өзгеруі әсер
етеді.
7.
Өткізілген барлық өнімнің табыстылығы
(
).
Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін
таза табыстың мөлшерін көрсетеді.
8. Негізгі
қызметтің табыстылығы (
).
9.
Перманентті капиталдың табыстылығы
(
).
Ол ұйымның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы
капитал қанша табыс әкелетінін көрсетеді.
Оның мәні меншікті капиталдың табыстылық
көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы
- талдағанда ұйымның ұзақ мерзімді
міндеттемелерінің әсерін еске алу
керек.
10.
Тартылған капиталдың табыстылығы (
).
18-кестеде «iNVEST City» ЖШС-нің табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдауы көрсетілген.
