- •1920 Жылдарда Гарвард университетінде басқару дисциплиналарында қолданыла бастады. Кейс жаттығулары жазылған алғашқы жинақ 1921 жылы Коупленд пен Волас Донамның басшылығымен жарыққа шықты.
- •Кейске қойылатын талаптар қандай?
- •Кейсті ұсынудың құрылымы қандай?
- •Кейс технологиясы
- •Case study әдісі келесі дағдыларды дамытады:
- •Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:
- •Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады
- •Кейс-стадиді оқу процесінде қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды:
- •Кейстің форматы қандай болады?
- •Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:
Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.
Кейс-әдісімен үйлескен әдіс |
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты |
Үлгілеу |
Жағдайдың үлгісін құру |
Жүйелі талдау |
Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау |
Ойша тәжірибе |
Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі. |
Сипаттау әдістері |
Жағдайдың сипатын құру |
Проблемалық әдіс |
Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну. |
Жіктеу әдісі |
Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру. |
Ойын әдістері |
Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну. |
«Миға шабуыл» |
Жағдайға қатысты ойларды генерациялау. |
Пікірталас |
Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу. |
Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.
Кейстердің бастаулары: кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады. Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Ғылым – бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады. Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады. Кейстің құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады: - Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға. - Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері. - Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру. - Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. - Қосымшалар.
Кейсті құрастыру сатысы:
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау. Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу. - Жағдай моделін құру немесе таңдау. - Сипаттауды құру. - Қосымша ақпараттарды жинау. - Ақырғы мәтінді даярлау. - Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру. Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру:
Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз.
Сабақты ұйымдастыру сатылары:
Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.
Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін: - Кейс-стади мәтіні оқушыларға өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін. - Сабақ басында оқушыларға кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады. - Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.
Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.
Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы: Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер: 1) Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру; 2) Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту; 3) Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі; 4) Әрбір топтың өзінің басшысы болуы; 5) Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастырылды: 1) Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді. 2) Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды. 3) Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады. 4) Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды. 5) Оқушы-оқушы пікірталасады. Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады: 1) кейс дайындау бөлімі 2) нақты жағдаяттар бөлімі 3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды.
1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау. 2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және олардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші; 3-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау; 4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау; 5-кезең. Оқушылардың күтілетін нәтижені болжау; 6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою. 7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.
Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:
1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді. 2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады. 3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек. 4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді.
Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады [5].
