- •1920 Жылдарда Гарвард университетінде басқару дисциплиналарында қолданыла бастады. Кейс жаттығулары жазылған алғашқы жинақ 1921 жылы Коупленд пен Волас Донамның басшылығымен жарыққа шықты.
- •Кейске қойылатын талаптар қандай?
- •Кейсті ұсынудың құрылымы қандай?
- •Кейс технологиясы
- •Case study әдісі келесі дағдыларды дамытады:
- •Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:
- •Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады
- •Кейс-стадиді оқу процесінде қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды:
- •Кейстің форматы қандай болады?
- •Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЛАЗМА ФИЗИКАСЫ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРАНТТЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
ЕСЕБІ
« 6M011000-Физика» мамандығының
2-курс магистранты: ___________________________ Мусабаева Ж.А.
Ғылыми жетекшісі:
PhD, доцент м.а ____________________________ Ташев Б.А.
Алматы, 2017 ж.
Диссертация жұмысының тақырыбы:
«Атомдық физика курсы үшін кейс технологиясына сәйкес оқу-әдістемелік құралы»
Жұмыстың мақсаты:
Атомдық физика курсы үшін кейс технологиясына сәйкес оқу-әдістемелік құралын жасақтау, тақырыптар таңдап алып, сол таңдалған тақырыптарға қатысты кейс технологиясы бойынша жұмысты жазу, зерттеу.
Зерттелген тапсырмалар:
Кейс –технологиялардың тарихы.
Кейс –технологиялардың негізгі ерекшклңктері мен мақсатының айқындығы.
Кейс –технологияларды құрудың сатылары.
Кейс –технологиялардың тиімділігі.
Атомдық физика тарауы бойынша таңдалған тақырыптар.
Таңдап алынған тақырыптарға байланысты кейс технологиясы бойынша әдістемелік құрал жасақтау.
Қорытынды:
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Ғылыми әдебиеттермен танысып және диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысына пайдаланатын бағдарламаны игердім. Атомдық физика курсы үшін кейс технологиясына сәйкес оқу-әдістемелік құралын жасақтауға қатысты мәліметтерді жинақтап, ғылыми жетекшіммен ақылдаса отырып, тақырыптар таңдадым. Мақала жазу бойынша жұмыстар жүргіздім.
«Сase» сөзі ағылшын тілінен «жағдай», «жағдаят» деп аударылса, «технология» –қандайда бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың,әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Шетелдік әдебиеттерге, еңбектерге жүгінетін болсақ, оларда бұл технологияны «case study method» деп берген, ал ол сөзбе сөз аударғанда «кейс стади амал–тәсілі» деген ұғымды береді.
1920 Жылдарда Гарвард университетінде басқару дисциплиналарында қолданыла бастады. Кейс жаттығулары жазылған алғашқы жинақ 1921 жылы Коупленд пен Волас Донамның басшылығымен жарыққа шықты.
Дәстүрлі бағыттардың жаңа бағытпен алмасуы білім берудегі мақсат пен құндылықтардың өзгерісіне әкелді.
Жаңа бағыттар |
Дәстүрлі бағыттар
|
|
|
Кейс стади тәсілін нақты жағдаяттар талдау әдістемесі деп те атауға болады. Бұл әдістеменің мәні едәуір қарапайым: оқытуды ұйымдастыру үшін нақты жағдаяттарды бейнелеу қажет. Оқушыларға шыни өмірлік жағдаят талдауға беріледі. Берілген жағдаят тек практикалық мәселені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар сол мәселе шешімінде қолданылатын білім комплексін анықтайды.
Кейстің зияткерлік өнім ретінде шығатын қайнар көзі бар. Бірінші қайнар көзі өмір болып табылады. Кейстің негізі ретінде екіншіден білім беру жүйесі қарастырылады. Ол кейс стади тәсіліне интегралданған басқа әдістердің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Ал кейстің үшінші негізі – ғылым.
Сызбада кейспен жұмыс жасауға ұйымдастырылған түрлі әдістерді интегралдаудың мүмкін жолдары көрсетіледі.
Кейс стади тәсілімен біріктіре қолданылған әдістер |
Кейс стади тәсіліндегі сипаты |
Үлгілеу |
Жағдаят үлгісін құрастыру |
Жүйелік талдау |
Жағдаятты жүйелі ұсыну және талдау |
«Миға шабуыл» |
Жағдаятқа байланысты ойларды жалпылау |
Пікір–талас |
Мәселені шешу жолдары туралы ойлармен алмасу |
Ойын әдісі |
Жағдаяттағы кейіпкерлердің түрлі мінез–құлық нұсқаларын бейнелеу |
Мәселелік әдіс |
Жағдаяттың түп негізінде жатқан мәселені айқындау |
Бейнелеу әдісі |
Жағдаятты сипаттау |
Кейстің келесідей типтерін атап көрсетуге болады:
Практикалық кейс
Оқыту кейсі
Зерттеушілік кейс
Кейс технологиясының білімдік потенциялы неде?
Теориялық білімді шынайы өмірдегі жағдаяттар материалы негізінде бейнелеуге мүмкіндік беруі
Студенттердің танымдық белсенділігін ынталандыруы
Қажетті құзыреттіліктердің дамуына ықпал етеді, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы, мәселені шешуде балама іздеуі және т.б.
Түрлі практикалық дағдылардың дамуына әсер етуі
Ұсынылған мәселені шешуде қажетті білім комплексінің бекітілуі
Бұл оқыту әдісін қолдану қандай дағдылардың дамуына әкеледі?
Ақпаратты топтастыру, талдау, саралау қажеттілігі-аналитикалық дағды
Шын жағдаятпен салыстырғанда кейсте берілген проблеманың қиындығы төмендетілген деңгейі-практикалық дағды
Кейс жағдаятын тек бір ғана логикамен шешу мүмкін емес –шығармашылық дағды
Топпен бірігіп, өз ойын, пікірін білдіріп оны қорғау қажеттілігі-коммуникативтік дағды
Адамның өз-өзін ұстауын бағалау, тыңдай білу, пікір-таласта ұқсас, сәйкес пікірді қолдау немесе қарсы пікірді дәйектеу, өз-өзін ұстау мәнері-әлеуметтік дағды
Пікір–таласта келіспеушілік басқаның және өзінің ойын талдауға, түсінуге итермелейді, яғни - өздік талдау
