Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Народный Банк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.51 Кб
Скачать

1.3.Есеп операциялық жұмысының жалпы сипаттамасы және оның құрылуы. Банк саясаты

Банк саясатының мақсаты банктің дамуына әр түрлі ыңғайда келуімен белгіленеді.

Коммерциялық банктің мақсаты оның мәнінен,яғни,пайда табуға бағытталған қызметінен айқындалады. Пайданың мөлшері актив пен депозиттердің құрылымының аумағы, кірістер мен шығыстардың көлеміне және банктің тиімді жұмыс істеуіне байланысты.

Банктің мақсаты көп жағдайда, сондай-ақ кірістер көзінің тұрақтылығына, банк қызметінің жан-жақтылығын кеңейтуге, клиенттерге тұрақты қызмет көрсете білуге де байланысты. Клиенттердің сенімі, банктің сенімділігі банктің ұзақ уақытқа арналған мақсатының орындалуын камтамасыз етеді.

Банктің сенімділігі әдетте, жылдар бойы қалыптасады және мынандай шарттарға тәуелді болады:

- өзінің капитал көлемінің жеткіліктілігі;

- банк активтерінің саны;

- отемпаздықтың деңгейі:

- кірістілігі;

- банкті басқарудың сапалылыгы.

Банк саясаты экономикалық міндеттер мен мақсаттардың өзіндік сипатына орай, мемлекеттің жалпы экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған мақсатын жүзеге асыруы тиіс, яғни, банк өзінің дамуын ғана емес, өндірістің өсуіпе, ұлттық валютаның тұрақты айналымда болып, нығаюына үлес қосуы тиіс.

Тек банктің қоғамды экономикалық реформалауға белсенді қатысуы оның түракты дамуына кепілдік бола алады.

Одан басқа, банк саясаты мен оның мақсаты банктің алды-на қойылған стратегиялық міндеттерін жүзеге асыратын ұжым қызметкерлерінің мүддесін қанағаттандыруға бағытталғаны дұрыс.

Банк мақсаты тікелей оның дамуының тужырымдамасына тікелей байланысты:

  • банктің нақты көлемі;

  • қызметтерінің багыты мен аясы;

  • қызметтерінің сипаты.

Әр банк кейбір көрсеткіштерге байланысты өзінің көлемін анықтайды;

  • оның активтерінің көлемі;

  • жеке капиталының мелшері;

  • банктің депозиттік базасы.

Бүгінгі күні республикада ірі, орташа және шағын банктер қызмет көрсетеді. Олардың әрбіреуі бизнесті дамытуга, клиенттерді тартуға бағытталған өзінің ерекшеліктері бар қызметтерін жүзеге асырады.

Ірі клиенттер мен ірі жобалар ірі банктің қызмет керсеткенін кажет етеді. Ал шағын клиенттерге, ұсак және орта бизнеске, тұрғындарға шағын және орта банктер қызмет көрсетеді.

Кейбір ірі банктер, мәселен, Қазкоммерцбанк, ЦентрКредит өзінің қыз-метін халықаралық стандартқа сәйкес жургізіп. келешекте халықаралық банк жуйесіне кірмек.

Әдетте,шетелдердің банкілерінің тәжірибесінде, сондай-ақ біздің республикамыздың банктерінің тәжірибесінде соңғы кезде ірі банктердің негізгі көрсеткіштері жарияланады.

1.3. Клиенттерге кассалық есеп айырысулар қызметін көрсетуді ұйымдастыру

Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда,барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі – бұл кассадан ақшаны беру,қабылдау және сақтау.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Кассалық операцияларды дайындау кезінде төменгі құжаттарды пайдаланады:

  • кіріс кассалық ордер;

  • шығыс кассалық ордер;

  • кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;

  • кассалық кітап.

Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.

Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қол таңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген « алынды» немесе « төленді» таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Барлық операциялар касса арқылы жүзеге асады. Кассир инкассаторлардан қолма-қол ақшаларды қабылдаған кезде мыналарды тексереді:

  • келіп түскен сөмкенің тұтастығын;

  • пломбаның бұзылмағандығын;

  • сөмкедегі ақшаның құжаттағы ақша бірлігімен сәйкес келуін.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ кассаны клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау мен оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

  1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

  2. кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассир бір күндік кассалық өңдеу қалдық құндылықтары туралы және бір күндік кассалық айналым туралы мәліметтерді « есеп-қисап анықтамасы» құжатына тіркейді.

Құндылықтардың сақталуын және кассалық қызметті дұрыс ұйымдастыру үшін банк мекемесіндегі кассалар жүйелі түрде бақыланып немесе тексеріліп отырады. Кассалық операцияларды тексеру кезінде қолма-қол ақшалардың жетіспеушілігі немесе артық шығуы мүмкін.

Артық шыққан сомаға

Дт 1001 « кассадағы қолма-қол ақша» Кт 4920 « өзге кірістер»

Кем шыққан сомаға

Дт 1001« кассадағы қолма-қол ақша» Кт 1860 « банк қызметі бойынша өзге кредиторлар»

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап,онда олардың номиналдарын,санын,сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

«Қазақстан Халық Банкі » АҚ клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотына қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

  1. ақшалай чекпен;

  2. шығыс кассалық ордермен.

Басқа да құндылықтарды беруде баланстан тыс ордерлер рәсімделеді.

Кассалық операциялар негізінде банктің кассасына келіп түсетін және шығатын қолма-қол ақшалар арнайы символдар негізінде есепке алынады. Бұл символдар төменде (2.2.1-қосымша) көрсетілген. Сонымен қатар «Қазақстан Халық Банкі » АҚ кассалық операциясында толтырылатын құжаттардың негізгі түрлері төмендегі қосымшаларда көрсетілген. Олар:

  1. 2.2.2-қосымша «Қолма-қол ақша өткізу хабарламасы»

  2. 2.2.2/1-қосымша «кіріс кассалық ордер бойынша»

  3. 2.2.3-қосымша Кіріс бойынша Бас журнал

  4. 2.2.4-қосымша Есеп-қисап анықтамасы

  5. 2.2.5-қосымша Кассир есепке қабылдаған және өткізген ақша кітабы

  6. 2.2.6-қосымша Пачкідегі банкноттардың,қаптағы монеталардың жетіспеушілігі жөніндегі АКТІСІ

2.2.1-қосымша