- •Мазмұны
- •«Қазақстан Халық Банкі» ақ қызметінің ұйымдастырылуы
- •1988 Жылғы банктік реформа бойынша
- •1990 Жылдың желтоқсанынан бастап
- •2001 Жылдың қараша айында
- •1.2.Іскерлік қарым қатынас
- •1.3.Есеп операциялық жұмысының жалпы сипаттамасы және оның құрылуы. Банк саясаты
- •1.3. Клиенттерге кассалық есеп айырысулар қызметін көрсетуді ұйымдастыру
- •Қолма-қол ақшалардың кірісінің символдары төмендегідей түрде көрсетіледі
- •Кіріс кассалық құжаттар бойынша
- •«Қолма-қол ақша өткізу хабарламасы»
- •«Кіріс кассалық ордер бойынша»
- •Кіріс бойынша Бас журнал
- •1.5 Клиенттерге банктік шот ашу немесе жабу тәртібі
- •2 Бөлім Есеп айырысу операцияларын рәсімдеу және оның есебі
- •Төлем тапсырмасымен есеп айырысу
- •Төлем талап –тапсырмасымен есеп айырысу
- •Чектермен есеп айырысу есебі
- •Аккредитивпен есеп айырысу
- •Төлем карточкаларымен есеп айырысу
- •2.1 Салымдық операцияларды ұйымдастыру және есебі
- •2.2«Қазақстан Халық Банкі» ақ депозит түрлері
- •2.3 Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есебі
- •2.4 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі
- •2.5. Банктің инвестициялық операциялары
- •2.6. Банктің шетел валютасымен операциялары бойынша жұмысын ұйымдастыру
- •3 Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің есебі
- •3.1 .Банктің меншікті капиталының есебі
- •3.2.Банктің кірістері мен шығыстарының есебі
- •3.3 Еңбекақы шығындары есебінің ерекшеліктері
- •3.4 Банк қызметінің нәтижесі және таза кірісті бөлу
- •3.5 Банктің қаржылық,статистикалық есептіліктерінің құрамы және нысандары
- •3.6 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •3.7 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
- •3.8 Банктік тәуекелдер
- •Қорытынды
3.8 Банктік тәуекелдер
Тәуекел гректің ridskon, ridsa, италияның «risiko» және француздың тілінде risqué қазақша «қауіп», «қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum сөзінің аудармасы болжанбайтын,қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді.
Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді.
Сонымен, банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
Банктік тәуекелдің әсер ету жіне қызмет ету аясы.
Банк клиенттерінің құрамы.
Банктік операциялар сипаттамасы.
Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.
Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
Несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі)
Пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі)
Өтімділік тәуекелі (Банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі)
Капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі)
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
Берілген кепілдер бойынша
Шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісімшарт бойынша
Несиелік міндеттемелер бойынша
Валюталық мәмілеге отыру бойынша
Қорытынды
Тәжірибелік жұмысымды қорытындылайтын болсам, тәжірибеден өтуге барған алғашқы күннен бастап алдыма қойған мақсат жоспарларымды толық орындап шыққаныма сенімдімін деп айтуыма болады.
Тәжірибеден өту барысында банктік құрылымымен оның ішкі тәртіп ережелерімен,банк құрылымымен толық таныстым.
Банктің клиент құрамымен, оларға көрсетілетін қызмет түрлерімен, касса операциярын және де қассаның құрылымымен,оның қызметімен, касса бойынша жүргізілетін операция түрлерін меңгердім. Сол сияқты есеп айырысу операциялары бойынша,соның ішінде төлем-талап тапсырмасымен, чек кітапшасымен,төлем қарточкаларымен жүргізілетін операцияларды және олардың қызметі туралы толық меңгердім.
Сонымен қатар, несиелік операциялар бойынша да тәжірибе жинадым деп те толық айта аламын. Мысалға, ұзақ меррзімді,қысқа мерзімді және шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру бойынша қандай операциялар жүргізілетінін, олардың несие қабілеттілігі және қарызды төлеу қабілеттілігін бағалауды, арнайы бағдарламалар бойынша клиенттің несие тарихы бойынша мәліметтерді тексеруді меңгердім. Және де банктен қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдауды, несиенің пайыздарын қайтару кестесін құруды меңгердім.
Енді міне, тәжірибеден өтуге келген алғашқы күні алдыма қойған мақсат жоспарларымды толығымен орындап шықтым. Осы тәжірибеден өту барысында алған білімім,яғни тәжірибе кезінде үйренген барлық жұмыстарым алдағы өмірде өзіме көп көмегін тигізеді деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«ҚР Ұлттық банк туралы» ҚР заңы 30.03.1995ж.
«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы 31.08.1995ж.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңы 06.08.2003ж.
«Ақшалай төлемдер мен аударымдар» туралы заңы 29.06.1998ж.
«ҚР банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» нұсқаулық 2000ж. 2 маусым
Қ.Р. Азаматтық кодексі, 2-шілде 2003 ж
“ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу”
Ережесі
С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы,ИздатМаркет 2007
С.Т.Міржақыпова «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы,Экономика 2006
Ғ.С.Сейтқасымов «Ақша,несие,банктер» Алматы, Экономика 2005
Н.Н.Хамитов «Банк ісі» Алматы,Экономика 2006
Н.Н.Хамитов «Банк менеджменті» Алматы, Экономика 2007
К.Ш.Дүйсенбаев, Ә.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жумағалиев
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2007
Ә.А.Бименова «Банктегі бухгалтерлік есеп» Фолиант , Астана-2008
17. info.@halykbank.kz
18. www.halykbank.kz
19. www.bcc-invest.kz
