Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Народный Банк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.51 Кб
Скачать

3.6 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

  • Депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

  • Тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

  • Активтерді зиянсыз сату;

  • Тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы,яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

  • Банк капиталының базасы

  • Банк активтерінің сапасы

  • Депозиттердің сапасы

  • Сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі

  • Мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі

  • Сауатты менеджмент

  • Банктің жоғары дәрежелі беделі

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай

  • Бағалы қағаздар нарығының дамуы

  • Банкаралық несие нарығының дамуы

  • Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі

Өтімділікті бағалау көрсеткіштері

Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі:

  • Баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффициенттер негізінде

  • Сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айналымдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға әлеуетті қажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффициенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

  1. Алғашқы резервтер ( касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот)/Депозиттер

  2. (Алғашқы резервтер + Екінші реттегі ( мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер) / Депозиттер

1-ші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5-10% - дан төмен болмау керек, ал 2-шінің деңгейі 15-25% дан, Жапонияда 30%- дан төмен емес болмауы тиіс.

Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коэффициенттерімен толық бағаланбайды.

3.7 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндеп энын каржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер непзшдежүргізіледі. Жоғарыда көрсетілгендей, қарыз алушы несиені алу үшін банкке негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар кыскаша жазылыи көрсетілген: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы. Арыз үш данада толтырылады: бірінші және екінші данасы өткізбе үшін, ал үшіншісі несиелеуші кызметкеріне қалады. Арызға келесі материалдар тіркеледі:

- сүралатын несиені өтеуге арналған, несиеленетін шаралардың жоспарланған шығындары есебінің өнімді өткізуден күтілген түсімдер және айналым активтері қозғалысының техникалық-экономикалық негіздемесі;

- бухгалтерлік және статистикалық есептер, кіріс және шығыс жөніндегі есеп, шығысы және табысы туралы декларация және қарыз алушының несиеқабілеттілігі мен қаржылық жағдайын анықтайтын басқа да мәліметтер;

- банктік тәжірибеде қабылданған несиені уақытында қай-таруды қамтамасыз ету міндеттемесі мерзімді міндеттемені өтеу мерзімі келген кезде клиент шотынан ақшаны сөзсіз аударуға банкке құқық беретін кепілдік, кепілзат және т.б

Қазіргі кезде барлық банктерде арнайы уәкілетті орган құрылған. Осы уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдерді қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың қарауына ұсынылады. Несиелік комитеттің құрамына басқарма өкілдері, несиелік және заң, валюталық жэне коммерциялық бөлімдері, сонымен қатар банктің каржылык директоры кіреді.

Кұжаттар пакеті несиелік бөлімге беріледі. Несиелік бөлім және баска бөлімшелер банкте бекітілген мерзімде заңды тұлғаның жобасына зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесінде сараптама корытынды жасалады. Ол шамамен алты бөлімнен тұрады, оларда карыз алушы кэсіпорын туралы ақпарат жобаға қысқаша мінездеме, жобанын каржылық бағасы, қаражаттың қайтарылуын қамсыздандыру жэне тэуекелдерді талдау.

Несиеге кабілеттілікті бағалаудағы негізгі мезет - карыз алушынын жағдайына қаржылық баға беру. Оның мақсаты -шаруашылық субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайына, оның кызметінің нәтижелеріне толық сипаттама беру:

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және өтімділігін анықтау;

  • меншік және тартылған қаржылық ресурстарды пайда-ланудың тиімділігін зерделеу.

Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау бағдарламасын екі кезеңде қарауға болады:

  • шаруашылық субъектінің қаржылық және экономикалық жағдайына алдын ала шолу жасау;

  • қарыз алушы кәсіпорынның экономикалық әлуетіне талдау және баға беру (қаржылық және мүліктік жагдайын бағалау).

Алдын ала шолудың мақсаты - балансты қарапайым есептеу арқылы тексеру және қаржылық есепті талдау мақсаттылығын жэне оқуға дайындылығын анықтау үшін қосалқы қүжаттарды формалды белгілері жэне мазмүны бойынша тексеру.

Бірінші кезеңге мыналар жатады:

  • құрылтайшылық құжаттарды және банктік деректемелерді тексеру;

  • бухгалтерлік есептің және кұжаттаудын кешенділігін тексеру;

  • есеп беру формаларыньщ толтырылуын, барлық қажет деректемелерін, жауапты тұлгалардың қолтаңбаларының болуын;

  • банк баланс валютасын тексеру, бақылау арақатынастары мен аралық қорытындыларының дұрыстығы, сонымен қатар берілген балансқа баланс қосымшаларының сәйкес келуін тексеру; . кәсіпорынның қаржылық жағдайы оңтайлы еместігін көрсететін баланстық есеп берудің дағдарыстық баптарына талдау жасау, сонымен қатар кәсіпорын жұмыстарының жетіспеу-шілігін анықтайды.

Несие алушының қаржылық жағдайын талдаумен қатар элементтер бойынша талдауды қарастырады. Ол несиені мерзімінде кайтару тәуекелі және тәуекелді мүмкіндігінше азайту шаралары, төлем-кабілеттілігін, пайдалылықты, басқару жұйесінің жеті-спеушілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Карыз алушының қаржылық жағдайын және несиемен қамтамасыз етілуш банктің дұрыс бағаламауы есептік базаның әлсіздігіне немесе болмауына жағдай туғызады. Сөйтіп материалдық өнім-дердін өзіндік кұны төмендеуі мен материал қалдықтары құнының жоғарылауъша экеледі немесе керісінше. Негізінен талдауға жата-тындар:

  • материалдық қорлардың қозғалысы:

  • талданатын кезеңдегі клиенттін валюталык шоты, есеп айы-рысу шотындағы ақша каражатыньш козғалысы;

  • өнімнің өзіндік құны;

  • пайда;

  • айналмалы және негізгі каш;ті.:^::ггын орналасуы.

Қарыз алушының несиеқа білеттілігін бағалау кезінде мынадай үш негізгі көрсеткіш есепке алынады: өтімділік коэффициенті, жабу коэффициенті, меншікті айналым каражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші.

Өтімділік коэффициенті - қарыз алушының ақша қаражатын қарызды өтеу үшін шаруашылық айналымынан жедел босату қабілеті.

Қарыз алушының несиекабілеттілігін бағалаудың келесі негізгі көрсеткіші — жабу коэффициенті — кзсіпорынның материалдық айналым қаражатымен қамтамасыз етілгенін көрсете отырып, осы кәсіпорынның жалпы өтімділігіне баға береді.

Өтімділік пен жабу коэффициенттері арасында тікелей байланыс бар. Жабу коэффициенті көбеюі өтімділік коэффициентінің азаюына әкеледі немесе керісінше. Сонымен катар карыз алушының несиеқабілеттілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің соңғыларының бірі - меншікті айналым қаражаттарымен камтамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш абсолютті және оның динамикасынан өсуі жағымды үрдіс ретінде қарастырылады. Осы көрсеткішті есептеу кезінде баланс активтерінін бірінші бөлімін жабу үшін (негізгі кұралдар және айналымнан тыс активтер) қаражат көзі ретінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді қолдану шартты деп есептеледі.