- •Мазмұны
- •«Қазақстан Халық Банкі» ақ қызметінің ұйымдастырылуы
- •1988 Жылғы банктік реформа бойынша
- •1990 Жылдың желтоқсанынан бастап
- •2001 Жылдың қараша айында
- •1.2.Іскерлік қарым қатынас
- •1.3.Есеп операциялық жұмысының жалпы сипаттамасы және оның құрылуы. Банк саясаты
- •1.3. Клиенттерге кассалық есеп айырысулар қызметін көрсетуді ұйымдастыру
- •Қолма-қол ақшалардың кірісінің символдары төмендегідей түрде көрсетіледі
- •Кіріс кассалық құжаттар бойынша
- •«Қолма-қол ақша өткізу хабарламасы»
- •«Кіріс кассалық ордер бойынша»
- •Кіріс бойынша Бас журнал
- •1.5 Клиенттерге банктік шот ашу немесе жабу тәртібі
- •2 Бөлім Есеп айырысу операцияларын рәсімдеу және оның есебі
- •Төлем тапсырмасымен есеп айырысу
- •Төлем талап –тапсырмасымен есеп айырысу
- •Чектермен есеп айырысу есебі
- •Аккредитивпен есеп айырысу
- •Төлем карточкаларымен есеп айырысу
- •2.1 Салымдық операцияларды ұйымдастыру және есебі
- •2.2«Қазақстан Халық Банкі» ақ депозит түрлері
- •2.3 Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есебі
- •2.4 Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі
- •2.5. Банктің инвестициялық операциялары
- •2.6. Банктің шетел валютасымен операциялары бойынша жұмысын ұйымдастыру
- •3 Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің есебі
- •3.1 .Банктің меншікті капиталының есебі
- •3.2.Банктің кірістері мен шығыстарының есебі
- •3.3 Еңбекақы шығындары есебінің ерекшеліктері
- •3.4 Банк қызметінің нәтижесі және таза кірісті бөлу
- •3.5 Банктің қаржылық,статистикалық есептіліктерінің құрамы және нысандары
- •3.6 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •3.7 Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
- •3.8 Банктік тәуекелдер
- •Қорытынды
2.3 Несиелік операцияларды ұйымдастыру және есебі
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған.
Банктің белсенді операцияларының негізі түрі ретінде несиелік операциялар қарастырылады. Несие деп белгілі мерзімге, ақылы түрде уақытша бос қаражаттарын орналастыру процесін атайды. Несие бөлу эмиссиондық және бақылау функцияларын атқарады.
Екінші деңгейлі банк несиелік саясатына келесі факторлар әсерін тигізеді:
1.Макроэкономикалық факторлар:
- мемлекеттегі жалпы экономика жағдайы
- Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
- Үкіметтің қаржылық саясаты
2. Аймақтық және салалық факторлар:
- нақты банк пен қызмет көрсетілетін аймақтар мен салалардың экономикалық жағдайы
- клиенттер құрылымы мен олардың несиеге деген қажеттілігі
- бәсекелес банктердің бар болуы
3. Банкаралық факторлар:
- банктің меншік капиталының мөлшері
- банктің міндеттері мен қарыздарының құрылымы
- банк қызметкерінің тәжірибесі
Несиені көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:
1.Кредиторлар бойынша
- орталықтандырылған
- бюджеттік
- банктік емес қаржылық ұйымдар
- коммерциялық
- сыртқы
2. Қарыз алушылар бойынша
- қаржылық институттарға, үкіметке ( Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша : ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке,саудаға және т.б.
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерге ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша
- негізгі қорларға несиелер
- айналым капиталына несиелер
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болуы бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- сақтандырылған
- қамтамасыз етілмеген: бланкті ( сенімді)
6. Ұсынылған валюта бойынша
- шетел валютасымен
- ұлттық валютамен.
7. Несиелеудің обьектісі бойынша:
- меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру
- материалдық қорлардың жиынтығын құру
- күрделі салымдарды қаржыландыру
- еңбекақы төлеу
- тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:
Несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын төлеу
Бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекен-жайына төленеді
Қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару
Қарыз алушыға қолма-қол ақша беру
Басқа да жолдармен
Несиенің есебі активті 1411 « Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» және 1417 « Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарында жүргізіледі.
Несиелік келісім шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
1. Несиелеу мақсаты және обьектісі
2. Несие мөлшері
3. Несиені беру мерзімі және қайтару шарты
4. Несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі
5. Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
автомобильдік несие
ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие
тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие
аса қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.) берілетін несие.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиені білдіреді. Жылжымайтын мүлікке жер, тұрғын үй, өндіріс ғимараты және т.с.с. жатады. Ипотекалық несиелеу тұтыну несиесінің түрлеріне қарағанда біршама процесті білдіреді.
Қосымша Құжаттар несие бойынша
Қосымша
