Неврология пәні бойынша дифференциялды сынақтың тест сұрақтары
Мамандық: 0301000 - «Емдеу ісі», біліктілігі 0301013 - «Фельдшер»
2016 – 2017 Оқу жылына арналған
Невропатологияға кіріспе.
Неврология ғылымы – ол?
Адамның қалыпты және патологиялық жүйке – жүйесінің ғылымы.
Адамның қалыпты және патологиялық эндокриндік ағзаның ғылымы.
Медицинаның негізінен операция жасау арқылы емделетін ауруларды зерттейтін ғылым.
Медицина ғылымының ішкі ағза аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы.
Дұрыс жауап жоқ.
Неврологияның теориялық бөлімі:
Патофизиология
Патоанатомия
Нейрофизиология
Топографиялық анатомия
Қалыпты физиология.
Жүйке жүйесінің ауруларының ғылыми ағымы нешінші ғасырдан басталды?
XI
IV
IX
XVIII
XX
Медицинада үлкен із қалдырған француз дәрігері және неврологияны терапиядан өз алдына жеке пән ретінде бөліп шығарған:
Ж.Шарко (1825- 1893)
С. Боткин (1832-1889)
Н. Ортнер (1865-1935)
Щеткин-Блюмберг (1851-1908)
П. Ситковский (1882-1933)
1891 жылы ең алғаш рет бас сүйек ішілік қысымды төмендету үшін люмбальды пункция жасаған ғалым:
Ортнер
Мерфи
Квинке
Ромберг
Рейно
Нешінші жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет ҚазМИде жүйке –жүйесі аурулары кафедрасы ашылды:
1964
1918
1991
1985
1934
Қазақстандағы неврологтар мектебінің негізін қалаушы кім?
Е.С. Нургужаев
М.Г. Абдрахманова
М.Х. Фаризов
Р.К. Алдунгарова
С.К. Қайшыбаев
Орталық және перифериялық нерв жүйесінің функциональды анатомиясы мен физиологиясы.
ІІІ жұп бас нервтерінің құрамында қандай талшықтар болады.
Қозғалтқыш, парасимпатикалық;
Қозғалтқыш, симпатикалық;
Қозғалтқыш, сезімтал;
Сезімтал, парасимпатикалық;
Қозғалтқыш, аралас.
ІХ жұп нервтеріің құрамында қандай талшықтар болады?
Сезімтал, қозғалтқыш, аралас;
Сезімтал, қозғалтқыш, симпатикалық;
Сезімтал, қозғалтқыш, парасимпатикалық;
Сезімтал, қозғалтқыш;
Қозғалтқыш, парасимпатикалық;
Көздің жоғарғы қиғаш бұлшықетінің иннервациясы.
Бет нервісі;
Көз қозғалтқыш нерв;
Шығыршық нервісі;
Жоғарғы жақ нервісі;
Көру нервісі.
Вегетативті жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
Медиальды, латеральды;
Жоғарғы, төменгі;
Орталық, ақырғы;
Бас жұлындық;
Орталық, шеткі.
Вегетативті жүйке жүйесі нервтендіреді.
Ішкі мүшелердің барлық қабаттарын;
Ішкі мүшелер қабырғасының біріңғай салалы бұлшықет талшықтарын, тамырларды және безді тіндерді;
Тамырлардың көлденең жолақты бұлшықеттері;
Қол басы сүйектері;
Ішкі мүшелердің серозды қабығын.
Парасимпатикалық преганглионарлық талшықтар қандай түйінде үзіледі?
Омыртқа алдылық;
Мүше маңылық, мүше ішкілік;
Омыртқа алдылық, омыртқа маңылық;
Мүше маңы, мүше арты;
Аралық, жоғарғы, төменгі.
Көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшықетінің нервтенуі.
N.abducens;
N.facialis;
N. Trochlearis;
N.oculomotorius;
N.accessorius;
Бас ми қабықшаларына жатады:
Tunica vasculose, pia mater, arachnoidea, dura mater;
Pia mater, dura mater, falx cerebri magna, falx cerebelli;
Pia mater encephali, arachnoidea encephali, dura mater encephali;
Dura mater encephali, arachnoidea, galea aponeurotica;
Arachnoidea, galea aponeurotica, pia mater encephali.
Ішкі мүшелер нервтенуінің қандай түрлері бар?
Сезімтал-афферентті, қозғалтқыш-эфферентті және вегетативті;
Секреторлы, моторлы және соматикалық;
Сезімтал-афферентті, қозғалтқыш-эфферентті және соматикалық;
Сезімтал- афферентті вегетативті-соматикалық, қозғалтқыш-эфферентті соматикалық және қозғалтқыш эфферентті вегетативті;
Сезімтал және қозғалтқыш.
Сопақша мида қандай бас ми нервтерінің ядролары орналасқан?
Бет, әкетуші, үшкіл нервтердің;
Кіреберіс – ұлу, кезеген, шығыршық нервтердің;
Кезеген, тіласты, қосымша, тіл-жұтқыншақ нервтердің;
Көру, қосымша, тіл-жұтқыншақ нервтердің;
Үшкіл, бет, кезеген нервтердің.
Бас сүйек күмбезінің (қақпақ) жұп сүйегін атаңыз.
Маңдай;
Шүйде;
Төбе;
Сына тәрізді;
Жоғарғы жақ сүйек.
Ортаңғы бас сүйек шұқыршағы түзіледі.
Сына тәрізді сүйектің денесі мен үлкен қанаты, самай сүйек пирамидасының алдыңғы
Бетімен;
Самай сүйектің қабыршақты бөлігі, түрік ершігі, маңдай сүйегі;
Самай сүйек пирамидасының артқы беті, түрік ершігі;
Шүйде сүйек еңесі, түрік ершігі
Сына тәрізді сүйек денесі, маңдай сүйегінің көздік бөлігі.
Сынатәрізді сүйектің үлкен қанатындағы жұп тесіктерді атаңыз.
Foramen caroticum, foramen spinosum
Foramen infraorbitale, foramen ovale
Foramen rotundum, foramen ovale, foramen spinosum
Foramen ovale, foramen palatinum majus
Foramen jugulare, foramen spinosum
Бас сүйегінің бет бөліміне жатады:
Маңдай, мұрын, сына тәрізді, таңдай;
Бет, маңдай, жоғарғы және төменгі жақ сүйек;
Маңдай, мұрын, көз жасы, торлы, бет, жоғарғы және төменгі жақ сүйек, таңдай, төменгі мұрын қалқаны, өре сүйек;
Жоғарғы және төменгі жақ сүйек, маңдай, мұрын;
Жоғарғы және төменгі жақ сүйек, маңдай сүйегі;
Негізгі неврологиялық синдромдардың клиникалық көріністері:
Адамның сөйлеу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы.
Апраксия
Дизосмия
Афазия
Аргайл – Ромбертсон
Гипогейзия
Аяқ немесе қол қимыл әрекеттерінің төмендеуі:
Гемипарез
Монопарез
Тетрапарез
Парапарез
Парез
Оң немесе сол жақ дененің, әлсізденуі:
