- •Тақырыбы:Ашығу.Дистрофиялар
- •Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?
- •Қандай ауруларға ем?
- •Дистрофиялар
- •Дистрофияныц түрлері (в.В.Серов бойынша):
- •Паренхималық дистрофиялар
- •Көмірсу алмасуының бүзылуы (кемірсулы паренхималық дистрофия)
- •Тұқымқуалаушы дистрофиялар
- •Гемоглобиндік пигментгер алмасуының бұзылуы
- •Протеиногендік (қүрамыңда белок бар) пигменттер алмасуынық бұзылуы
- •Липидогендік пигменттер алмасуынық бұзылуы
- •Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
- •Пайдаланған әдебиеттер
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Морфологиялық және физиологиялық пәндер,дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы
Тақырыбы:Ашығу.Дистрофиялар
Орындаған:Ашурбеков М
Тобы:402 «а» МПД
Қабылдаған:Досыбае Б.Қ
Шымкент 2017 ж
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Ашығу.
Емдік ашығу
Дистрофиялар.
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
І.Кіріспе
Ашығу — тағамның не оның құраушыларының жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен, сондай-ақ тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің жағдайы. А-дың физиологиялық, патологиялық және емдік түрлері бар. Физиологиялық А. аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде т.б. болатын қалыпты құбылыс. Патологиялық А. тамақ ішпегенде немесе астың құрамында кейбір заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда болатын жағдай.
ІІ.Негізгі бөлім
Емдік ашығу
Емдік ашығу семіздікті т.б. ауруларды тағам қабылдауды шектеу немесе толығымен тоқтату арқылы емдеу тәсілі ретінде қолданылады. Aштықпен емделу – физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда.
Ол – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия – РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда (жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан аластайды, денені тазартады. Демек, ашығу арқылы аурудан арылу, денені улы заттардан тазарту – о бастан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет.
Тарихы
Аштықпен емделудің тарихы тереңде. Бұл емдеу тәсілін осыдан екі мың жыл бұрын көне Рим дәрігері Асклепиадта қолданған. Грек ойшылы Плутарх «Дәрі ішкенше екі күн ашыққаным артық» деген екен. Аштықпен емделудің артықшылығын мойындайтын осыған ұқсас деректерді көне үнді, қытай, жапон жазбаларынан да кездестіруге болады. «Каббала» деп аталатын еврейлердің құпия ғылымы мен мистикалық пәлсапасы да ашығуға оң көзқарас танытуда. Пифагор (б.з.д. VI ғасыр) өз шәкірттеріне математика мен пәлсапа ғылымының қыр-сырын үйретер алдында рухани тазару әрі ақыл-ой зеректігін арттыру мақсатында олардан 40 күн ашығуды талап ететін болған. Х-ХІ ғасырда шығыстың шарапатты дәрігері Ибн Сина көптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштықпен емдеген. Буддалар өз алдына, Дәуіт пайғамбар күнара ауыз бекітсе, Иса мен Мұса пайғамбар 40 күн ораза ұстаған. Ал, Ислам дінінде 30 күндік парыз ораза бар екені бәрімізге белгілі. Оған қосымша, Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) әр айдың 14, 15, 16-сы күндері, сондай-ақ әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері жиі-жиі үзбей нәпіл ораза ұстаған. Әрі оны үмбетіне өсиет еткен. Парсының күнге табынушыларына 50 күн бойы ашығу таңсық болмаған. Тіпті, ол дәстүр әлі күнге Үндістанда да бар. Мәселен, Үндістанның рухани көсемі Махатма Ганди жиі-жиі ішіп-жеуден тыйылып тұруды ұнатқан. Ганди ашығуға денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан да баға берген.
Түрлері
Ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда толық ашығуға немесе «құрғақ» түріне жатады. Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді (бір ай, 40-50 күндік). Осы уақыт аралығында денені барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту көзделеді.
Әсері
Ашығу кезінде ағза қандай күй кешеді? Ашығу нәтижесінде венуланың қыл тамырлармен тоғысқан жерінде бос қуыс (вакуум) пайда болады. Ал, қылтамырлардың бос қуысы өз кезегінде қан айналымының қозғаушы күшіне айналады. Ендеше, бос қуыс – ол күш деген сөз. Ал, ашығу – сол бос қуысты жасау арқылы адам денесінің тұтастай қозғаушы күшін тудыру.
Арылту-диеталық терапиясы денені тазарту мен сауықтырудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Сырттан тамақ қабылдау дереу тоқтаған жағдайда, дене сол уақытқа дейін жинап келген ішкі қосымша қорегін іске қосады. Бұл кезде дененің барлық бөлу жүйелері мен ішкі секреция бездері өте қарқынды жұмыс істейді. Бір ғана өкпенің өзінен газ тәрізді әр түрлі 150-дей уыт бөлінуі соның айғағы. Вегетативті жүйке жүйесі жанданады, адамның белсенділігі артады. Биохимиялық тұрғыда май мен бауырдың гликоген қосымшаларының ыдырауы реттеледі, қан құрамы өзгереді. Қан айналымы мен ас қорыту жүйелері жақсарады.
Ашығуды дұрыс іске асырған жағдайда ол сіздің ағзаңызды барлық керексіз улы заттардан тазартып, денсаулығыңызды шыңдайды, жасушаларды жаңартып, күш-қуатыңызды арттырады. Ашығуды тәмамдарда белгіленген көрсеткіштерге сүйену аса маңызды. Алайда, кейде ашығуға болмайтын жайттар да кездеседі. Оны да ескерген жөн.
Ашығуға болмайтын жағдайлар
Энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса, қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек стенокардиясына, жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында, өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез) шалдыққанда.
Жүзеге асуы
Ашығу емін қабылдау ережесінің айтарлықтай қиындығы жоқ. Бар болғаны, сабыр сақтап, ауызды астан тыя білсеңіз жеткілікті. Ашығу кезінде тек қана дистиллияцияланған (буландыру әдісімен) су қабылданады. Қанша ішем десе де су мөлшері науқастың өз еркінде. Алайда, ағзаға басқа ешқандай тағам қабылданбауы тиіс. Мамандар ұзақ мерзімді ашығуға тәуекел етердің алдында әуелі қысқа мерзімді ашығуларды бастан өткерудің пайдалы екендігін айтуда. Ашығу міндетті түрде маман адамның бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Неге десеңіз, кейде алғашқы күндерде-ақ денеден улы заттар өте көп шыққан жағдайда ашығуды үзуге тура келеді. Ұзақ мерзімді ашығу кезінде артық қимылға бармаған жөн. Көбіне төсекте жатып тынығып, теледидар мен радиодан бас тарту керек, тіпті әңгімелесудің де қажеті аз. Бірақ бұл бойдағы күш-қуатты үнемдеу мақсатында болмаса, бар тірліктен бас тартып, тырп етпей жатып алу емес. Сондай-ақ, ашығу кезінде дәрі қабылдауға, темекі тартып, спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Қайта таза ауада көп жүру, жылы ванна қабылдау, тазалық клизмасы мен тыныстау жаттығуларын жасап тұру пайдалы.
