Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать

11. Диагоналды конъюгатаны өлшеу.

Мақсаты- диагностикалық

Көрсетулері- жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, тар жамбас.

Қарсы көрсетулері –жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары –жоқ.

Керекті-құралдар: –акушерлік фантом, гинекологиялық орынтақ, бір рет қолданылатын жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, Мартин жамбасөлшегісі, сантиметрлік таспа, дәкелі шариктер, спирт, сабын және орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2.Гинекологиялық орынтаққа бір рет қолданатын жаялықты төсеңіз.

3. Әйелге шешініп, гинекологиялық орынтаққа жатуын сұраңыз.

4. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

6. Диагоналды конъюгата әйелді қынаптық тексеру кезінде анықталады, ол зарарсыздандырудың және микробжойғының барлық ережелерін сақтау арқылы жүргізіледі.

7. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың ортаңғы және сұқ саусақтарын ретімен қынапқа енгізіңіз, аты жоқ саусақты және шынашақты бүгіңіз, тек олардың арт жағы бұтаралыққа тірелсін.

8. Қынапқа кірген саусақтармен мүйістің бас жағын белгілеңіз, ал алақанның қыры симфиздің төменгі шетіне тіреледі. Осыдан кейін сол қолдың сұқ саусағымен тексеруші қолдың симфиздің төменгі шетіндегі жанасу нүктесін белгілеңіз.

9. Белгіленген нүктеден сұқ саусақты алмай оң қолды қынаптан шығарыңыз.

10. Ассистенттен жамбасөлшегішпен немесе сантиметрлік таспамен ортаңғы саусақтың ұшынан белгіленген нүктеге дейін арақашықтықты өлшеуін сұраңыз. Бұл арақашықтық қалыпты жағдайда 13 см.

11. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

12. Өлшеп біткеннен кейін, әйелге тұруын сұраңыз.

13.Жамбасөлшегісті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

14. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

15. Әйелдің медициналық құжаттарына жазба қалдырыңыз.

Ескерту. Диагоналды конъюгатаны өлшеу шын (акушерлік) конъюгатаны анықтау үшін жүргізіледі. Жамбастың қалыпты өлшемдері кезінде сегізкөз мүйісіне қолдың саусақтары жетпейді.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

12. Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).

Мақсаты-диагностикалық

Көрсетулері- жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, тар жамбас.

Қарсы көрсетулері –жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары –жоқ.

Керекті-құралдар:–сантиметрлік таспа,бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің маңызын және қажеттілігін түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Михаэлис ромбысы деген не? Михаэлис ромбысы дегеніміз сегізкөз аймағындағы кескін (көрініс), сұлбасы ромба тәрізді алаңша. Жоғарғы бұрышы сегізкөзүсті шұңқырына (Y-бел омыртқаның қылқанды өсіндісіне), төменгі бұрышы-сегізкөздің ұшына (үлкен бөксе бұлшық еттерінің айырылу жеріне), бүйір бұрыштары- мықын сүйектерінің жоғарғы артқы қылқандарында сәйкес келеді.

5. Қолдарыңызға сантиметрлік таспаны алыңыз.

6. Ромбының көлденең (горизонталды) диагоналын өлшеңіз

(қалыптыда 10-11 см).

7. Ромбының тік (вертикалды) диагоналын өлшеңіз (қалыптыда 11 см).

8.Өлшеп біткеннен кейін, бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ

салыңыз.

9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

10. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.

Ескерту. Жамбас сүйегінің өзгерістерінің болуы туралы Михаэлис ромбысының өлшемдері және пішіні бойынша пікір айтуға болады.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]