Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать

4. Босанудың күнін анықтау.

Мақсаты- диагностикалық

1. соңғы етеккірі бойынша;

2. овуляция бойынша;

3. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша.

Көрсетулері -әйелдер консультациясына әйелдің жүктілік бойынша бірінші келуі кезінде, босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Керекті-құралдар: – үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш,тақтай төсек (кушетка), жеке жаялықтар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, босанудың мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Босанудың күнін соңғы етеккірдің күні бойынша анықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз:

  • физиологиялық жүктілік соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 280 күнге дейін, немесе 10 акушерлік айға немесе 9 күнтізбек айға созылады;

  • босанудың мерзімін анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күніне 280 күн қосады;

  • әдетте есептеуді оңай жүргізуге болады: соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 3 күнтізбек айды артқа қарай ысырып тастап, осыған 7 күнді қосасыз.

3. Босанудың күнін овуляция бойынша анықтау үшін:

  • етеккірді күткен бірінші күнінен, бірақ келмей қалған күннен 14-16күнді артқа қарай есептеп шығарып, табылған күнге 273-274 күнді қосамыз.

4. Босанудың күнін нәрестенің бірінші қимылы бойынша анықтау

үшін:

  • бірінші жүкті болған және бірінші рет босанатын әйелдерге нәрестенің бірінші қимылы күніне 20 апта қосады;

  • қайта жүкті болған және қайта босанатын әйелдерге нәрестенің бірінші қимылы күніне 22 апта қосады;

  • нәтижесінде босанудың болжамалы мерзімін шығарамыз.

Ескерту. Босанудың күнін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың қабылдау-қарау (фильтрде) бөлімшесінде және перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінде жүргізіледі.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.

Мақсаты- диагностикалық

Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Керекті-құралдар: – гинекологиялық орынтақ, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қажеттілігін және емшараның орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Зәр қуығын босатудың қажеттілігі туралы хабарлаңыз.

3. Орынтаққа клеенка мен астына салғышты төсеңіз.

4. Әйелге гинекологиялық орынтаққа арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгілген, ашылған, тізе асты шұңқырлар тіреуішке тірелген жағдайында жатуға көмектесіңіз.

5. Қараған кезде тыныс алуы кеңінен болуын, түсіндіріңіз.

6. Сарпайды қарауға дайындаңыз, сыртын және санның ішкі беткейін корнцанг және шарик көмегімен дезинфекциялық ерітіндімен сүртіңіз.

7. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

9. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз.

10. Оң қолмен ұқыпты қынапқа Куско айнасын енгізіңіз: басында ұзынша орналастырып, сосын көлденең жағдайға ауыстырыңыз, ал қынапта оны жатыр мойнына жеткізбей, ашыңыз.

11. Айнаны винттің көмегімен ашық түрінде бекітіңіз.

12. Қынапқа Фолькман қасығын (пинцетте болады) кіргізіңіз, қынаптың жоғарғы бүйірлі қабырғасына сәл жанап ұқыпты түрде жағынды алыңыз.

13. Жазушаларды езбей, заттық әйнекке жұқа қабатпен жағындыны жағыңыз.

14. Егерде қынапта көп бөлінділер болса, онда жағындыны алардың алдында қынапты ұқыпты түрде пинцетке мақта тығынды алып (жақсы көріну үшін) құрғату қажет.

15. Айнадағы винтті ашыңыз.

16. Қынаптағы айнаны біртіндеп жабып ұқыпты түрде шығарыңыз.

17. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оны ҚҚҚ салыңыз, ал айнаны, Фолькман қасығын, пинцетті және корнцангті 3% хлорамин ерітіндісіне бір сағат бойы салып қойыңыз.

18. Қолыңды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

19. Зертханаға жолдаманы дайындаңыз:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]