- •Фельдшерлерге арналған алгоритмдердің тізбесі.
- •1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
- •3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
- •2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
- •4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз.
- •5. Дене бітіміне зейін қойыңыз.
- •7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз.
- •8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз.
- •9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз.
- •3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •4. Босанудың күнін анықтау.
- •5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.
- •Бактериологиялық зертханаға жолдама
- •6. Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және эндоцервикстен жағындылар алу.
- •7. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
- •8. Қынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының көмегімен тексеру.
- •9. Акушериядағы бимануалды тексеру.
- •10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
- •11. Диагоналды конъюгатаны өлшеу.
- •12. Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).
- •13. Соловьев индексін өлшеу.
- •14. Іш шеңберін (іш) және жатыр түбінің тұру биіктігін (жттб) өлшеу.
- •15. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
- •5.Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын і және іі тәсілді жүргізіңіз.
- •6. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және бетіне бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 3- тәсілді жүргізіңіз.
- •7. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және аяғына бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 4-тәсілді жүргізіңіз.
- •16. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.
- •17.Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.
- •Ішкі ( қынаптық) тексеру жүргізіңіз.
- •18. Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.
- •19. Вастен белгісін бағалау және анықтау.
- •Нәресте басының қасаға үсті салбырау дәрежесін анықтаңыз:
- •20. Қыз баланың және әйелдің қынабының зақымдануы кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •21.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша).
- •22.Шүйдемен жатудың артқы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша) .
- •23. Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.
- •24. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу.
- •25. Бала жолдасын қарау.
- •26. Жатырдың бимануалдық компрессиясы.
- •Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:
- •Себебін қойыңыз:
- •27. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:
- •5 Минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:
- •28. Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •29. Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
Мақсаты- диагностикалық
1. соңғы етеккірі бойынша;
2. овуляция бойынша;
3. әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша;
4. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша;
5. босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша;
6. УДЗ мәліметі бойынша.
Көрсетулері- босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде, бірінші рет келуі кезінде, сонымен қатар жүктіліктің мерзімін УДЗ бойынша анықтау үшін.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Керекті-құралдар: – үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш, УДЗ- аппараты, тақтай төсек (кушетка), жеке жаялықтар, гель-крем, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүктіліктің мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Жүктіліктің мерзімін соңғы етеккірдің күні бойынша анықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз:
осы күнге 7 күн қосып және одан 3 айды алып тастап, сіз қазіргі сәттегі жүктіліктің мерзімін аласыз (Негель қағидасы).
3. Жүктіліктің мерзімін овуляция бойынша анықтау үшін:
белгілі ұрық байлау күніне 266 күнді қосу;
сонымен қатар, шартты түрде ұрық байлау күнін базалды температураның көтерілуі бойынша анықтауға болады;
сонымен қатар, экстракорпоралды ұрықтандыру күні бойынша;
сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру күні бойынша;
сонымен қатар, овуляцияны ультрадыбысты мониторинг мәліметтері бойынша.
4. Жүктіліктің мерзімін әйелдер консультациясына бірінші рет келуі бойынша анықтау үшін:
жүкті әйелден бірінші рет әйелдер консультациясына келген кездегі жүктіліктің мерзімін анықтаңыз;
12 аптаға дейін ерте келуі кезінде бұл мерзім сенімді, сондықтан қазіргі сәтте жүктіліктің мерзімін осыған қарап есептеп шығарады.
5. Жүктіліктің мерзімін нәрестенің бірінші қимылы бойынша анықтау үшін:
жүкті әйелден нәрестенің бірінші қимылының күнін анықтаңыз;
бірінші босанатын әйелдерде бұл 20 апта;
қайта босанатын әйелдерде бұл 18 апта;
нәрестенің бірінші қимылының күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.
6. Жүктіліктің мерзімін босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша анықтау үшін:
жүкті әйелден босанғанға дейін берілетін демалыс күнін анықтаңыз;
босанғанға дейінгі демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап басталады;
босанғанға дейінгі демалыстың берілген күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.
7. Жүктіліктің мерзімін УДЗ мәліметі бойынша анықтау үшін:
жүкті әйелді УДЗ-ге жіберіңіз;
трансабдоминалды сканирлеу кезінде жүктіліктің барын 4-5 аптадан бастап анықтауға болады;
трансқынаптық эхография кезінде-1-1,5 апта ерте анықтауға болады;
жүктіліктің бірінші үш айлығында жүктіліктің мерзімінің ең дәл көрсеткіші құйымшақ-төбе өлшемі (ҚТӨ) болып саналады;
нәрестенің фетометриясы кезінде нәрестенің бипариеталды өлшемін, бастың шеңберін, іштің шеңберін және сан сүйегінің ұзындығын анықтайды.
Ескерту. Жүктіліктің мерзімін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың қабылдау-қарау бөлімшесінде (фильтрде),перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінде, сонымен қатар адамның ұрпақ өрбіту қалалық орталығында.
Құжаттандыру:
1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.
3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.
