Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать
  1. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:

  • инфузоматтың көмегімен 1 сағат ішінде 1-2 г сульфат магнийді, ұзақтығы 12-24 сағат бойы үзбей көктамырға енгізіңіз;

  • инфузоматтың болмауы кезінде, 320 мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл, 25 сульфат магнийдің ерітіндісін қосып енгізіңіз, ал енгізудің жылдамдығы:

II тамшы/ минутына-1г құрғақ затты/сағатына;

22 тамшы/минутына- құрғақ затты/ сағатына.

Сульфат магнийді ұзақтығы 12-24 сағат бойы (1-2г сағатына) үзбей көктамырға енгізіңіз немесе (көктамырға енгізудің мүмкіндігі болмаған кезде, аса қажет жағдайда) 10г құрғақ затты 5г-нан әр бөксеге 1 мл 2 новокаинмен немесе 1мл 1 лидокаинмен бір шприцте бұлшықетке енгізіңіз.

  1. Артериялық қысымды бақылаумен бірге магнезиялық терапияны жалғастыра отырып, жүкті немесе босанатын әйелді қоларбаға жатқызып тез босандырып алу үшін дайын операциялық бөлмеге ауыстырыңыз.

  2. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

  3. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

Ескерту. Магнийдің уыттылығының (гипокальциемия, дем алу орталығының тежелуі, артериялық гипотензия) белгілерінің пайда болуы кезінде 1г глюконат кальцийдің (10 мл 10 ерітіндіні) көктамырға енгізіңіз.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

30. Гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсету (жатырдан тыс жүктілік, аналық бездерінің апоплексиясы, жатыр қосалқыларының ісіктерінің аяқшаларының бұралуы, аналық безінің кисталарының жарылуы және тағысын тағылар).

Мақсаты- емдік

Көрсетулері- «жедел іш»

Қарсы көрсетулері-жоқ

Мүмкін болатын асқынулары-операция кезінде болатын асқынулар.

Керекті-құралдар:-операциялық үстел, қуыстық операция үшін құрал- саймандар, тігістік материал,операциялық киім-кешектер, дәкелік сүрткілер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар,сорғыш, дәрі-дәрмек заттар, шприцтер, 1 йоданат немесе 5 йод тұнбасы, сабын, орамал.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, ауру әйелге қатаң төсектік режім жасауын түсіндіріңіз.

2. Егерде әйел ес-түсін білетін болса, онда оны жұбатуғу тырысыңыз.

3. Тез дәрігерді және зертханашыны шақырыңыз.

4. Ішіне мұз салған шыны қойыңыз.

5. Оған ішуге және жеуге болмайтынын ескертіңіз.

6. Ауыртпайтын заттарды және спазмолитиктерді енгізбеңіз.

7. Қан тобын анықтаңыз.

8. АҚ өлшеңіз, пульсін санаңыз.

9. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

10. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

11. Қуыстық операция үшін барлығын тез дайындаңыз және операциялық үстелді жабыңыз.

12. Дәрігер келгеннен кейін соның барлық тағайындағанын орындаңыз.

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

Ескерту. «Жедел іш» терминнің жиынтығы болып есептеледі. Бұл іш қуысындағы әртүрлі этиологиясы және клиникалық ағымы бар жедел пайда болатын патологиялық үрдістердің көрінісі. Әртүрлі себептеріне қарамай «жедел іш» симптомикасы гинекологияда жалпы көп белгілері бірдей болып келеді.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]