Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать

25. Бала жолдасын қарау.

Мақсаты- бала жолдасының бүтіндігін тексеру

Көрсетулері- бала жолдасы кезеңінің аяқталуы.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Керекті-құралдар: – босанатын кереует немесе орынтақ, табақ, науа, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге түсіндіріңіз, бала жолдасын қарау дәрігер және акушербике үшін өте жауапты мәселе.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызды бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Бала жолдасын қарау үшін Сіз оны аналық жағымен жоғары қаратып табақтың тегіс беткейіне салыңыз.

5. Алғашқыда нәресте қабықтарын жыртыңыз, сосын сүлгімен қан ұйысын сүртіп алыңыз.

6. Өте мұқият плацентаның бөліктерін, шетін қараңыз. Бүтін плацентаның шеті тегіс және одан шығатын жыртылған тамырлардың болмауы, бөліктердің беткейі тегіс, жалтыраған.

7. Сосын қабықтарды қараңыз. Ол үшін бала жолдасының нәрестелік жағын жоғары қаратып аударыңыз және қабықтарды жазыңыз, оны кіндік бау арқылы ұстаңыз, нәресте орнынын қайта орнына келтіруге ынталаңыз.

8. Үзілген тамырлардың болуына асаназар аударыңыз, себебі бұлар қосымша бөлік барын және жатыр қуысында қалғанын дәлелдейді.

9. Егерде үзілген қабықтарды тапсаңыз, демек, олардың үзінділері жатырда кідіргенін көрсетеді.

10. Қан ағу болмаған кезде жасанды түрде қабықтарды алып тастамаңыз, олардың өздері шығады. Қабықтардың жыртылу орны бойынша плаценталық алаңшаның орналасуын ішкі ернеуге байланысты анықтауға болады. Қабықтардың жыртылуы плацентаға жақын болса, онда плацентаның төмен бекітілгені анықталады, бұл босанғаннан кейінгі ерте кезеңде көп қанағудың қауіптілігін көрсетеді.

11. Кіндік баудың бекітілген орнына көңіл бөліңіз (орталық, бүйірлік, шеттік).

12. Кіндік баудың ұзындығына көңіл бөліңіз (ұзын, орташа, қысқа).

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

14.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

15. Бала жолдасын зертханаға немесе қайта өңдеуге жіберіңіз.

16. Босану тарихына жазу қалдырыңыз.

Ескерту. Плацентаның аналық жағын қараған кезде петрификаттарға көңіл бөліңіз.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

26. Жатырдың бимануалдық компрессиясы.

Мақсаты- қан ағуды тоқтату.

Көрсетулері- босанғаннан кейінгі қан ағу.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- геморрагиялық шок, ШТІҚҰ-синдромы.

Керекті-құралдар: – кереует, жеке жаялық, босанғаннан кейінгі кең айналар, корнцангтер, зәр катетері, №14,16 шеткі көктамырлар үшін катетерлер, физиологиялық және кристаллоидтық ерітінділер, окцитоцин, мизопростол, шприцтер, АҚ өлшейтін тонометр, секундомер, стандартты сарысулар жиынтығы, қан топтарын анықтау үшін қолданылатын тәрелке, стерилді шариктер, пинцет, заттық әйнектер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]