- •Фельдшерлерге арналған алгоритмдердің тізбесі.
- •1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
- •3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
- •2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
- •4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз.
- •5. Дене бітіміне зейін қойыңыз.
- •7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз.
- •8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз.
- •9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз.
- •3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •4. Босанудың күнін анықтау.
- •5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.
- •Бактериологиялық зертханаға жолдама
- •6. Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және эндоцервикстен жағындылар алу.
- •7. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
- •8. Қынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының көмегімен тексеру.
- •9. Акушериядағы бимануалды тексеру.
- •10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
- •11. Диагоналды конъюгатаны өлшеу.
- •12. Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).
- •13. Соловьев индексін өлшеу.
- •14. Іш шеңберін (іш) және жатыр түбінің тұру биіктігін (жттб) өлшеу.
- •15. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
- •5.Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын і және іі тәсілді жүргізіңіз.
- •6. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және бетіне бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 3- тәсілді жүргізіңіз.
- •7. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және аяғына бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 4-тәсілді жүргізіңіз.
- •16. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.
- •17.Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.
- •Ішкі ( қынаптық) тексеру жүргізіңіз.
- •18. Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.
- •19. Вастен белгісін бағалау және анықтау.
- •Нәресте басының қасаға үсті салбырау дәрежесін анықтаңыз:
- •20. Қыз баланың және әйелдің қынабының зақымдануы кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •21.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша).
- •22.Шүйдемен жатудың артқы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша) .
- •23. Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.
- •24. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу.
- •25. Бала жолдасын қарау.
- •26. Жатырдың бимануалдық компрессиясы.
- •Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:
- •Себебін қойыңыз:
- •27. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:
- •5 Минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:
- •28. Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •29. Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
21.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша).
Мақсаты- босанудың биомеханизмін жүргізу кезінде тәжірибиелік дағдыларын бағалау.
Көрсетулері- босанудың екінші кезеңі.
Қарсы көрсетулері- нәресте мен анасының жағындағы қауіпті жағдайлар.
Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.
Керекті-құралдар: –фантом, әйел жамбасы, қуыршақ, босану үшін бір рет қолданатын киімдер.
Іс-әрекет алгоритмі:
Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі 4 негізгі және 4 қосымша сәттерден тұрады.
I-негізгі сәт- нәресте басының кіші жамбастың кіру жазықтығына өзінің жебе тәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш өлшемге ( кіру жазықтығында I-позиция кезінде оң қиғаш өлшемде, ал II позиция кезінде сол қиғаш өлшемде) немесе көлденең өлшемде қондырылуы.
I-қосымша сәт- нәресте басының болмашы бүгілуі , бұл тең емес иінтірек (немесе әртүрлі иінді иінтірек) заңы бойынша жүреді. Бұл заң бойынша , омыртқаның бассүйегінің негізімен қосылған жері бассүйектің ортасында жатпайды, ол иекке емес, шүйдеге жақын жатады. Осыған байланысты қуып шығатын күштің көп бөлігі иінтіректің қысқа иінінде шоғырланады, яғни шүйдеде. Ұзын иінтіректің ұшында нәрестенің беті жатады, яғни оның ең дөңес (томпақ) және көлемді бөлігімен – маңдайымен. Бастың беттік бөлігі жамбастың аты жоқ сызығы жағынан қарсылық көрсетеді.Соның нәтижесінде жатырішілік қысым нәрестенің шүйдесіне жоғары жақтан қысады, ол төмен түседі, ал иек көкірекке (кеудеге) қысылады және бастың ең төменгі нүктесі кіші еңбектің аймағы болып табылады және ол өту нүктесі болып табылады.
Өту нүктесі дегеніміз бірінші болып жамбастың кіру жазықтығына түседі және бірінші болып босану каналы арқылы өтеді. Бас өзінің шеңберімен (32 см) , кіші қиғаш өлшемінде (9,5 см) өтеді.
II- негізгі сәт- нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуі.
II -қосымша сәт- нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы. Нәресте басының ішкі бұрылысы кіші жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығынан басталып, кіші жамбастың шығу жазықтығында аяқталады, яғни жамбас түбінде. Бұрылыс шүйдемен алға қарай жүреді, осы кезде жебе тәрізді немесе сагитталды жік кіші жамбастың шығу жазықтығының түзу өлшемінде орналасады.
III- негізгі сәт- нәресте басының жаруы және жарып шығуы. Нәресте басының жаруы- бұл нәресте басының күшену кезінде жыныс саңылауынан көрінуі, ал нәресте басының жарып шығуы – бұл нәресте басының соншама алға жылжуының әсерінен күшену біткеннен кейін қалтқысыз орында қалуы. Нәресте басы шүйде асты шұңқыры мен симфиздің төменгі шеті арасындағы бекіту нүктесі пайда болғанша дейін жарып шығады, осы бекіту нүктесі айналасында.
III- қосымша сәт- нәресте басының жазылуы жүреді, қасаға доғасы астынан төбе (шеке) аймағы, маңдай, бет және иек көрінеді, сонымен нәресте басы туады. Нәресте басы вульва сақинасы арқылы кіші қиғаш өлшем айналасындағы болған шеңбермен өтеді, ал әрі қарай
IV- негізгі сәт – иықтардың ішкі бұрылысы және бір уақытта нәресте басының сыртқы бұрылысы жүреді. Иықтар кіші жамбасқа көлденең немесе қиғаш өлшемде кіреді. Иықтардың ішкі бұрылысы жамбас қуысында басталып, жамбас түбінде аяқталады, иықтар кіші жамбастың шығу жазықтықтың түзу өлшемінде орналасады. Иықтардың ішкі бұрылысы нәресте басына беріледі, ал бас бетімен нәрестенің позициясының қарама-қарсы анасының санына қарай (бірінші позиция кезінде оңға, екінші позиция кезінде сол санға) бұрылады, немесе нәресте басы шүйдесімен анасының сол санына қарай (бірінші позиция кезінде) немесе анасының оң санына қарай (екінші позиция кезінде) бұрылады. Иықтардың кіші жамбастың шығу жазықтығында түзу өлшемімен орналасуынан кейін, нәрестенің алдыңғы иығының жоғары үштен бірі симфиздің төменгі шетіне жақындап келеді, екеуінің арасында бекіту нүктесі пайда болады, осы бекіту нүктесінің айналасында
IV- қосымша сәт- омыртқаның көкірек бөлімінде жазылуы жүреді және артқы иығы, содан кейін барлық нәресте туады.
Ескерту. Бас кіші қиғаш өлшеммен 9,5 см , ал шеңбері 32 см-мен туады.
Құжаттандыру:
1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.
3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.
